Құрметті оқушылар. Құрметті қонақтар
Салтанатты кештің ашылуы
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата-аналар, құрметті қонақтар! Бүгін №11 орта мектепте үлкен қуаныш. Білім нәрімен сусындатқан бастауыш сыныптарымызбен қоштасқалы отырмыз.
Бүгінгі салтанатты кешіміздің балғындарын қошеметпен қарсы алайық. Ортаға 4 «А» сынып оқушыларын шақырамыз. Сынып жетекшісі: Омарова Айсұлу Эдиковна. Ортаға 4 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз. Сынып жетекшісі: Асанова Бақыт Қырықбесовна.
Құттықтау сөзі
1-жүргізуші: Мейірімді, жүрегінде күн нұры, нағыз мықты ұстаздардың шын бірі. Сөзімен де, ісімен де өнеге, білім беру саласының үздігі! Осы орайда сөз кезегін құрметті мектеп директоры Н. М. Мұсабековаға береміз.
Оқушылардың жүрекжарды өлеңдері
Махаббат
Өтті оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достасып, Бастауышпен қоштастық.
Айдана
Жастың өсті санасы, Елжірейді жүрегі. Бастауышқа барған бала Алғыс айтып жүреді.
Хормен
Көлге айналып бұлақтың, Том-том болған кітабың. Басы болған бастауыш!
Мәдина
Маған қымбат саяңда өткен әр күнім, Шат күлкісі дос-жаранның, құрбының. Ақыл беріп, аялайтын анамдай, Бастауышпен қоштасатын күн бүгін.
Хор: «Достарым»
Номинация беру рәсімі
1-жүргізуші: Жүзің жылы, құшағың кең. Сенен түлеп ұшамын мен. Өзің берген біліміңмен биіктерге шығамын мен! Ендеше, номинация беру рәсімін бастаймыз.
«Білімді маман» номинациясы
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! Орыс тілінің қыр-сырын үйретіп, білімге жол ашқаны үшін Алма Иманғалиевнаға табысталады.
Серік: Есік ашып, күлім қағып кіргенде, Жайнағандай сынып іші нұрланып. «Садись» — «отыр» деген сөз ғой деп, Бас шайқайсың: «Түсінбедің неге?» деп.
«Сымбатты маман» номинациясы
«Ердің күші білекте» демекші, ептілікке, жылдамдыққа баулығаны, салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін Индира Жанатовнаға табысталады.
Гүлім: Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде, «Секір, жүгір — шымыр болар денең» деп. Салауатты өмір салтын уағыздап, Денемізді шынықтырдың бар күш сап.
«Ер жігіт» номинациясы
«Ер жігіт» номинациясы Бейбіт Олжасқа беріледі.
Би: Какимова Гаухар орындайды.
Ұстаздарға арналған алғыс
Еркегүл
Кемшілікті кезінде Кесіп айтар өзіңе. Өнеге мол өзінде, Өсиет көп сөзінде.
Мақсат
Көңіліңнің хошы-ай, Көп шәкірттің досындай. Ақ ниетті, кең пейіл, Рахат апай осындай.
Ғасыр
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген, Шәкірттерін сүйген таза көңілден. Тәрбиеге баса назар аударған Амина Сатымовна — өз соқпағын тапқан өмірден.
Жұлдыз
Денсаулықтың майданында айқасып, Өмір үшін болып жатыр шайқас. Күнделікті жұмыстары — батырлық, Мақтауға да, айтуға да татырлық. Людмила Григорьевнаға мың алғыс!
Бейсенбек
Қашанда шәкірт жанын ұға алады, Көңілден әр уақытта шыға алады. Сәулет апай, Шолпан апай, ризамыз өздеріңізге, Сәлеміміз сіздерге алғыстан құралады.
Нұрсұлу
Баулыған әрбір өнерді — Анар апай өнерлі. Әсем әннің шебері, Әрбір сөзі мәнерлі. Қызықтырып ән-күйге, Бізді үйретіп келеді.
1-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де — бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.
Ән мен хор
Диана
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп, Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып. Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен, Ұстаз жайлы әсем ән айтып тұрып.
Хор: «Ұстазым»
Ерғанат
Жанымды менің жайнатып, Баураған өзің, мұғалім. Өзіңмен бірге таң атып, Өзіңмен бірге шығар күн.
Еламан
Шәкірттің өткен біздерден, Үмітің гүлдер, мұғалім. Білеміз, ертең бізден де Өмірдің талабы сұрары. Сонда, ардақты Айсұлу апай, Уәдемде берік тұрамын.
Диас
Ұлылықты ұғындырып, Білім берген Бақыт апай. Жақсылықтың сырын ұғып, Келді сізге ұқсағым.
Абдульали
Оқу-білім, тәрбиеңіз Санамызда сақталады. Есебі жоқ еңбегіңіз Аман болсақ ақталады.
Оқушылардың орындауындағы шығармалар
- Ән: Ахтанов Алишер — «Илигай».
- Күй: Ельтаева Дильназ.
Ата-анаға құрмет
1-жүргізуші: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» — деп, әр баласының қуанышын ұстазбен, мектеппен бірге бөлісетін біздің ата-аналарымыз. Болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ата-ананың арманы орындалады емес пе?
Төлеген
Алғашқы қоңырау үнімен Келіп ем мектебің өзіңе. Жетелеп әкелген анашым Мен үшін қуанып тұрып ең.
Бейбіт
Әкешім, тілеуіңді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін, Ақылды балаларың оны білген.
Би
«Жасқайрат» биі — Аяжан орындайды.
1-жүргізуші: Жақсы шәкірт — азамат атанады, халқынан, ата-анадан бата алады. Ұрпағына айтар ақ тілегін тыңдау үшін ортаға ата-аналарды шақырайық.
Аяжан
Мектебім — алтын ұя, нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Қоштасу әні және ақжолтай тілек
1-жүргізуші: Мектеп, мектеп — ашық, жарқын көңілім. Мектеп, мектеп — әнім болып төгілдің. Мектеп, мектеп — жан анам боп көріндің. Қоштасамыз біз бүгін балалықпен, әсем әнін жаңғыртып айтып тұрып.
Ән
Багдатқызы Таңшолпан — «Балдаурен».
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, білім теңізіне сәт сапар тілейміз!
Вальс: Дәукен Мәдина және сыныптастары.