Жаңа әріппен таныстыру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Қатынас. Сауат ашу

Тақырыбы

З з дыбысы мен әрпі

Көрнекілік

Суреттер, шаблондар, бүктемелер, оқулық және т.б.

Мақсаты

Білімділік

  • Әріп пен дыбыс туралы түсінік қалыптастыру.
  • Жаңа әріппен таныстыру.
  • Тақырып мазмұнын ашу.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа және тәртіпке баулу.
  • Мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Ой-өрісін және қиялын дамыту.
  • Сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Сабақтың кезеңдері мен барысы

1) Мотивациялық-қызығушылық

Өткенді еске түсіру, қызығушылықты ояту

Тәрбиеші әрекеті

  • Өткен сабақты қайталап, білімді жаңғыртады.
  • Балалардың қызығушылығын оятады.

Балалардың іс-әрекеті

  • Өтілген әріптер мен дыбыстар туралы өз білгенін айтады.
  • Түстеріне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
  • Дауыстыларды қызыл, дауыссыздарды көк кәрзеңкеге салады.

2) Ұйымдастыру-іздестіру

Ойын, тапсырмалар және жаңа әріппен танысу

Сюжеттік ойын

«Алма ағашы» ойыны: Алмалар пісіп-жетілген. Балалар оларды жерге түсірмей теріп алады.

Қонаққа әже келді: Әже балалардан көмек сұрайды. Немерелері Заңғар мен Зере орманда саңырауқұлақ теріп жүріп адасып кеткен.

Әже оларды іздеп келе жатқанда, жолын қасқыр, кейін аю, соңында кірпі бөгейді. Әрқайсысы әжені өткізу үшін тапсырма береді.

Негізгі оқу мазмұны

Тапсырма 1: Жұмбақты шешу

Бітімі, тұрқы — аумаған жылқы.

Мәйкесі жолақ — айыбы сол-ақ.

Жауабы: зебра. «Зебра» сөзі З дыбысынан басталады.

Бүгінгі жаңа тақырып: З з дыбысы мен әрпі. дауыссыз дыбыс

З дыбысынан басталатын сөздер: зырылдауық, зымыран, зебра, Заманбек және т.б.

Тапсырма 2: Оқулықпен жұмыс (аюдың тапсырмасы)

  • Сөздерді оқу.
  • Әріпті жазу.

Тапсырма 3: Буынға бөлу (кірпінің тапсырмасы)

Келесі сөздерді буынға бөліңдер:

Зымыран
Қарбыз
Жұлдыз
Жалбыз
Зығыр
Зырылдауық

Үлгі жауап

Зы-мы-ран, қар-быз, жұл-дыз, жал-быз, зы-ғыр, зы-рыл-да-уық.

Әріпті айту және жазу

  • Балалар З әрпін жекелеп айтады: «З, з, з».
  • Әріпті ауада жазып көрсетеді.
  • Дәптермен жұмыс: әріпті таза, көркем етіп жазады.

Нәтижесінде әже немерелерін тауып, балаларға алғыс айтады. Аю да, кірпі де балалардың белсенділігіне риза болып, сәттілік тілейді.

3) Рефлексивті-түзетушілік

Қателермен жұмыс, тәртіп пен тазалық

Түзету жұмысы

  • Сабақ барысында кеткен қателіктер ескертіліп, дер кезінде түзетіледі.
  • Дәптерді таза ұстау талап етіледі.

Қорытынды

  • Оқушыларды мақтау, мадақтау және бағалау.
  • З дыбысы мен әрпін бекіту.

Күтілетін нәтиже

Оқушы нені біледі

Өтілген әріптер мен дыбыстарды біледі, оларды ажырата алады.

Қандай түсініктерді игереді

  • Үлкендерге көмектесу және құрмет көрсету.
  • Тапсырманы орындауға әрдайым дайын болу.
  • Қиындыққа мойымау, еңбекқор болу, елжандылыққа тәрбиелену.

Меңгерген дағдылары

  • Ойлау қабілеті дамиды.
  • Көркем жазу дағдысы қалыптасады.
  • Сабаққа қызығушылығы артады.