Тақырып бойынша ауызша және жазбаша қарым - қатынас жасауға үйрету, өз ойын нақты дәлелдеуге дағдыландыру
Құзыреттілікке бағытталған сабақтың мақсаттары мен міндеттері
Бұл сабақ оқушыны нәтижеге жеткізетін үш негізгі құзыреттілікті дамытуға бағытталады: ақпараттық, коммуникативтік және проблеманы шешу құзыреттілігі.
А) Ақпараттық құзыреттілік
- Тақырыпқа сәйкес материал жинақтау, құрылымдау және алгоритмдеу арқылы меңгерту.
- Шет тілінде жануарлар мен аң атаулары туралы қысқа хабарлама құрастыру.
Ә) Коммуникативтік құзыреттілік
- Тақырып бойынша ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға үйрету.
- Өз ойын нақты жеткізуге және дәлелдеуге дағдыландыру.
Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі
- Оқушылардың ойлау әрекетін проблеманы қою және оны шешу арқылы ұйымдастыру.
- Күтілетін нәтижеге бағытталған қадамдық әрекет құруға үйрету.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мақсат: оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру және дұрыс айтылым дағдысын қалыптастыру.
Оқытушының әрекеті
Фонетикалық жаттығулар орындатады. “Animals” тақырыбындағы өлең оқылып, аударылады.
Оқушының әрекеті
Сұрақтарға жауап береді, өлеңді топпен және жеке қайталайды, мазмұнын аударады.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар сабаққа дайын болады, дұрыс айтылымға жаттығады.
Рифмовка / Rhyme
Teacher prompt
Today we’ll learn a new rhyme about “Animals”.
Text
I love all kinds of animals:
Dogs, and cats, and rabbits.
I love all kinds of animals,
Despite their little habits.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Мақсат: орындаған жұмысты талдау, жоспарланған жауап пен нақты жауапты салыстыру, дәлелді қорытынды жасау.
Оқытушының әрекеті
- Сұрақтар қояды: What was your homework? Are you ready? Who wants to read?
- Топтық жұмыс арқылы (жоба қорғау) тексереді.
Оқушының әрекеті
Жауап береді: Our homework was Ex. 26 on page 14. Түсіндіру сұрақтарына жауап бере отырып, тапсырманың дұрыс орындалуын бекітеді.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізеді, жауаптарын салыстырып, нақты қорытынды жасайды.
III. Өткенді қайталау арқылы жаңа материалға дайындық
Мақсат: бұрынғы білімді белсендіру және жаңа тақырыпты қабылдауға негіз қалыптастыру.
Оқытушының әрекеті
Үйге берілген әріптер мен өткен жаңа сөздерді сұрайды, нақтылау сұрақтарын қояды.
Оқушының әрекеті
- Түсінуге арналған сұрақтармен жұмыс жасайды.
- Мұғалімге сұрақ қоя отырып, негізгі мазмұнын айқындайды.
- Үлгі бойынша сұрақ қояды және жауап береді.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар қандай ақпаратты меңгергенін және нені толықтыру керегін анықтайды.
IV. Жаңа материалды түсіндіру: “Animals”
Жануарлар екі топқа бөлінеді: жабайы (wild) және үй жануарлары (domestic).
Wild animals
- RabbitҚоян
- RatТышқан
- SquirrelТиін
- SnakeЖылан
- BearАю
- ElephantПіл
- MonkeyМаймыл
- WolfҚасқыр
- FoxТүлкі
- ZebraЗебра
Domestic animals
- CatМысық
- DogИт
- CowСиыр
- CamelТүйе
- SheepҚой
- CockӘтеш
- HenТауық
- ChickenБалапан
- DuckҮйрек
Түсіну стратегиясы
Оқушылар берілген ақпаратты белгілі және белгісіз бөліктерге ажыратады, тірек-схема бойынша сөйлеп, сұрақ қою арқылы түсінбеген тұстарын нақтылайды.
V. Жаңа білімді бекіту
Мақсат: жаңа сөздерді қолданып, қарапайым құрылымда өз ойын жазбаша және ауызша түрде рәсімдеу.
Негізгі әрекеттер
- Ұсынылған ақпараттан қажеттісін бөліп алу.
- Сұрақтарға жауап беру арқылы ақпаратты қабылдау, өңдеу және есте сақтау.
Топтық жұмыс
Оқушылар топқа бөлініп, шығармашылық тапсырма орындайды және өз жұмысындағы қызығушылықтарын атап көрсетеді.
Нәтиже
Оқушы жаңа лексиканы қолдана отырып, қысқа әрі түсінікті сөйлемдер құрастырады.
VI. Үй тапсырмасы және қорытынды
Мақсат: тапсырманы орындау жолын түсініп, оны жоспарлы түрде орындауға бағыттау.
Оқытушының әрекеті
Үй тапсырмасының орындалу жолын түсіндіреді.
Үй тапсырмасы
Your homework: Do Ex. 31 on page 16.
Оқушының әрекеті
Үй тапсырмасын дәптерге жазып алады, ресурстарды таңдап, орындау қадамдарының логикалық және уақытша бірізділігін құрастырады.