Ана тобына
Қазақ әдебиеті (8-сынып)
Сабақтың тақырыбы
М. Мақатаев — «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың түрі
Интеграцияланған сабақ
Сабақтың әдістері
- Сын тұрғысынан ойлау (СТО)
- Талдау
- Сұрақ-жауап
- Пікірсайыс
Сабақтың мақсаты
Сезіммен өлең өрген Мұқағали поэзиясына талдау жасап, ақын шығармасының идеясын, мақсатын ұғындыру; поэманың тақырыбы мен композициясы туралы теориялық білім беру.
Көрнекіліктер
- Ақынның портреті
- Интерактивті тақта
- Кітаптар
- Аққу туралы нақыл сөздер
- Тақырыптық суреттер
- Сызба-кестелер
Білімділік
Поэманың негізгі кейіпкері — ана бейнесі арқылы киелі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұласу себебін таныту; табиғат заңдылықтарына қарсы келмеудің маңызын нақты дәлелдермен түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру; өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру; талдау жасау және сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Сабақтың тақырыбы, жоспары және мақсатымен таныстыру.
1) Қызығушылықты ояту
Мұқағалидың өлеңдерінен үзінді оқылады.
2) Ой шақыру: «Менің Мұқағалиым»
- Туған жері: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы.
- Өмір сүрген жылдары: 1931–1976.
- Әкесі мен анасы: Сүлеймен, Нағиман.
- Жыр жинақтары: «Армысыздар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шолпан», «Өмір дастаны», т.б.
- Кімнің тәрбиесінде болды? Әжесінің тәрбиесінде. Ақын «Мені сөзге, жырға үйір еткен — әжем» дейді. Әжесінің аты — Тиын (келіндері «Мақпал апа» деп атаған).
- Поэмалары: «Аққулар ұйықтағанда», «Ару-ана», «Райымбек», т.б.
Мұғалім сөзі
Біз Мұқағали ақынды поэзияның патшасы десек, ендеше поэзия патшалығына сапар шегейік. Патшалықтың алтын қақпасы ашылды: «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда. Осы сәттен бастап сол сарайдың сырына үңіліп көрейік.
II. Проблемаға шығу
Поэмаға арқау болған негізгі арналар: Сұлулық, Махаббат, Зұлымдық. Тақырыпты ашу үшін зерттеу жұмысы жүргізіледі.
Поэманың басты кейіпкерлері: Ана, Аққу, Бала.
Топтық жұмыс: үш кейіпкер — үш қыр
Сабақ үш топқа бөлініп өтеді. Әр топ поэмадағы өз нысанына қатысты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндік дәлел келтіреді.
«Аққу» тобы
- Аққудың реңі мен әсемдігін білдіретін сөздерді табыңдар.
- Поэмадан аққудың жарасымды қимыл-әрекетін дәлелдейтін жолдарды келтіріңдер.
- Оқ тиген аққудың мүшкіл халін бейнелейтін детальды табыңдар.
«Бала» тобы
- Ауру баланың күйін сипаттаңдар.
- Тәуіп ұсынған «емнің» мәнін ашыңдар.
- Өлім аузындағы баланың көрінісі қалай беріледі?
«Ана» тобы
- Ана аққуды не үшін атпақ болды?
- Аққуды ату сәтіндегі ана әрекетіне баға беріңдер.
- Құсты құлатқаннан кейінгі өкініш қалай көрінеді?
- Бала өлімін көрген ананың қасіреті қалай суреттелген?
III. Кейіпкерлерге мінездеме (жазбаша)
Сұлулықты жанымен сүйген Мұқағали ақын аса құрметтеген өнерпаздың бірі — сазгер Нұрғиса Тілендиев. Сабақта «Аққу» күйін тыңдау ұсынылады.
| Топ / кейіпкер | Іс-әрекеті мен адами қасиеттері |
|---|---|
| Ана тобы: Баланың анасы | Нағыз ана: балажан, қамқор, баласы үшін бәріне дайын. Махаббаттың күшімен киелі аққуды атып, ақыры өзегін өртеген қасіретке ұшырайды. |
| Бала тобы: Баланың әкесі | Адал, дәстүрді қастерлейді. Киелі аққуды атудан бас тартады. |
| Аққу тобы: Тәуіп шал | Мейірімсіз, таяз ойлы; ата-анаға жалған үміт сыйлап, ауыр қателікке итермелейді. |
| Аққу тобы: Жылқышы қарт | Көргені көп, парасатты. Ананы тоқтатуға, дұрыс жолға салуға тырысады. |
IV. Ой толғау (ауызша пікір)
Ана тобы
«Аққуды атуға болады» деген пікірді қорғау.
Бала тобы
«Бала — ана үшін әрдайым бірінші орында» тұжырымын дәлелдеу.
Аққу тобы
«Аққуды атуға болмайды» деген ұстанымды дәлелдеу.
V. Бекіту тапсырмалары
1-топ: Екі жақты күнделік
Поэмадан ұнаған үзіндіні таңдап, неге таңдағаныңды түсіндір.
Мәтіннен үзінді
...
Не себепті таңдадың?
...
2-топ: Мазмұндық жоспар
I. Тау басына біткен сұлу көл
- «Қалай біткен мына көл тау басына?»
- Жетімкөлдің жетімсіреуі.
- Аққулардың айдынға оралмауы.
II. Ауру бала немесе шарасыз отбасы
- Жас сәбидің науқасқа шалдығуы.
- Тәуіптің айтқан «емі».
- Ананың шешімі.
- Ұйықтап жатқан аққуды атуы.
- Жетімкөлден сән кетуі.
III. Бақташы қарт. Шарасыз ана
- Көзінен жас, көңілінен мұң төгілген зарлы ана.
- Халық ырымы: «Аққуды атқан оңбайды».
- Өлім аузындағы бала, шарасыз ана.
- Қасиет пен қасірет.
Эпилог
Аққулар… Олар жайлы аңыз көп.
3-топ: Композициялық талдау
-
Оқиғаның басталуы
Жетімкөл туралы аңыздар. Көл еркесі — сұлу аққулар.
-
Оқиғаның дамуы
Ауру бала. Тәуіп ұсынған ем.
-
Оқиғаның шиеленісуі
Ана аққуды атады. Көл беті астан-кестен.
-
Оқиғаның шарықтау шегі
Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі. Қасіретке ұшыраған ана.
-
Оқиғаның аяқталуы
Аққуынан айырылған Жетімкөл.
VI. Қорытынды: мақал-мәтелдер арқылы түйіндеу
Ана, бала, аққу тақырыптары бойынша 3–4 мақал айту.
Ана туралы
- Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.
- Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
- Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.
- Анасыз өмір — сөнген көмір.
- Ана алақанының аясы — ақ шынардың саясы.
Бала туралы
- Ата — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ, бала — жағасындағы құрақ.
- Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
- Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры.
- Адам болар бала қонаққа үйір.
- Балалық шағы — патшаның тағы.
Аққу туралы
- Аққу — құстың төресі, жалғыз жатып оттамас.
- Аққуды атпа, досыңды сатпа!
- Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
- Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес.
- Аққу менен қаз — егіз.
VII. Рефлексия және шығармашылық жұмыс
Ой түйіндеу
Шығармашылық тапсырма: «Анаға хат». (Сабақ барысында «Аққу» күйі ойнап тұрады.) Оқушылар анаға арнап хат жазады.
Тест-интервью: «Осы сабақтан не алдым?»
- Мұқағали шығармаларының ерекшелігі: ойы өзекті, бейнелі рух пен сезім басым.
- Қазақ тұрмысына жақын ойлар терең жеткізіледі.
- Поэма ана махаббатының құдіретін сезіндіреді.
- Табиғатты қорғауға үйретеді.
- Халық дәстүрін берік ұстанудың маңызын дәріптейді.
Түйінді ой
Адам — табиғаттың перзенті. Дүниеде екі ана бар: бірі — табиғат-ана, екіншісі — адам-ана. Екеуі де мейірімді. Сол себепті екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Фариза Оңғарсынова: «Мұқағалидай ақыны бар халық — бақытты халық». Сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер — сол бақытты халықтың ұрпағысыңдар.
VIII. Бағалау
Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, дәлел келтіруі, талдауы және пікір айту мәдениеті бойынша бағаланады.
IX. Үй тапсырмасы
Еркін шығармашылық жұмыс
Төмендегі тақырыптардың біріне еркін шығарма жазу немесе сурет салу:
- «Ақын және аққу»
- «Жетімкөлдің аққулары»
- «Ана — мерген»
- «Бала — аққу — ана»
Әдеби-теориялық талдау
- Әдеби-теориялық ұғымдарға талдау жасау.
- Мәтіннен тілдік теңеулерді табу.