Сөздерге синонимдер табыңдар

Сабақ тақырыбы: «Не тәтті?»

Сабақ мақсаты

Оқушылардың шешендер мен шешендік сөздер туралы білімін жетілдіру, ойлау қабілетін дамытып, өздігінен пайымдауға баулу, сөздік қорын байыту.

Сабақ жабдығы

Интерактивті тақта.

I. Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ: сыныбымызға қонақтар келді. Қош келдіңіздер дей отырып, бәріңізге көтеріңкі көңіл күй тілеймін.

Жылы тілек алмасу

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады: «Мен саған сабақта сәттілік тілеймін» және т.б.

Сабақтағы жетістік сендердің ынталарыңа және үй жұмысына дайындығыңа байланысты.

Халық ауыз әдебиеті туралы әңгіме

Қазақ әдебиетінің үлкен бір саласы — халық ауыз әдебиеті. Ол қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің айнасы. Оқушылар халық ауыз әдебиетінің түрлерін атап, білімдерін ортаға салады.

Мақал-мәтелдер — қысқа да нұсқа сөйлеудің, шешендік пен тапқырлықтың көрінісі. Үйде жаттаған мақалдарымызды айтып, білімімізді көрсетейік.

II. Үй жұмысын тексеру

1) Мақал-мәтелдердің жалғасын табу

Тақтада мақал-мәтелдердің бірінші бөлігі жазылады, оқушылар екінші жартысын айтады.

  • Аз сөз — алтын, (көп сөз — күміс).

  • Бас кеспек болса да, (тіл кеспек жоқ).

  • Көп ішінде сөйлеген — көсемдіктің белгісі, (көпке сөзі ұнаған — шешендіктің белгісі).

  • Шешеннің тілі ортақ, (шебердің бізі ортақ).

Талқылау сұрақтары

  • Бұл мақалдардың мәні қандай?
  • Кімдер туралы айтылған?

2) Ассоциация: «Шешен» дегенде ойға не келеді?

Оқушылар «шешен» сөзін естігенде көз алдына елестейтін тұлғаларды атайды. Тақтада шешен-билердің суреттері көрсетіледі.

Әдебиет сабағында қазақтың атақты билерінің ішінде Төле биді оқығанбыз. Бүгін Төле би бабамызға қоса, атақты Әйтеке би мен Қазыбек би сахналық көрініс арқылы таныстырылады.

Сахналық көрініс (үзінді)

Төле би

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшы болмаса, ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім,
Көре алмаған көз жетім.

Қазыбек би

Ұлы жүздің Төбе биі атанған Төлесіз ғой,
ақылыңыз дария, халқыңызға болдыңыз жария.

Жігіт

Рұқсат етіңіздер. (Қолын кеудесіне қойып, тағзым етеді.)
Анау келіп менің жайлауыма қонды — малым жайлауымды таптап жатыр.
Мынау келіп менің қыстауыма қонды — маңайымды шаңдатып жатыр.

Әйтеке би

Жігіттің жампозы ел қориды, жаманы жер қориды.

Қазыбек би

Мұндай жамандарды көріп жүрміз ғой, жақсысы туралы да бір сөз қосшы.

Әйтеке би

Елдің қамын жоқтай білген, дұрыс сөзге тоқтай білген жақсыға не жетсін.

Жігіттің қорытындысы

Кемшілік менен кетті. Даналыққа бас иемін.

Тақтада үш бидің ескерткіші көрсетіледі. Өз заманының «көмекей әулиелері» атанған үш шешен ел ордасының төрінде тәуелсіз қазақ еліне сүйсінгендей әсер қалдырады.

3) Шешендік сөз туралы білімді жүйелеу

Оқушылар шешендік сөздер туралы түсінігін кесте арқылы толықтырады.

Талқылау тармақтары

  • Шешендік сөз деген не?
  • Мұндай сөздер қандай азамат болып өсуге тәрбиелейді?
  • Шешен-билер халыққа, Отанына қандай еңбек сіңірді?
  • Аты аңызға айналған шешендер кімдер?

Назар аудару

Би-шешендер ел арасындағы дауларды шешіп, халық қамын ойлағандықтан ел есінде сақталған.

Жиренше шешеннің жауабы: «Дүниеде не өлмейді?»

Әз-Жәнібек ханның сауалына Жиренше шешеннің тапқырлықпен берген жауаптары мысалға алынады:

  • Ағын судың өлгені — алты ай қыста қатқаны.
  • Асқар таудың өлгені — басын бұлттың жапқаны.
  • Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны.
  • Қара жердің өлгені — қар астында жатқаны.

Осыдан кейін «Сонда дүниеде не өлмейді?» деген негізгі сұрақ қойылады.

III. Жаңа сабақ

1) «Не тәтті?» аңызына кіріспе

Аңызда аты қалған Жиренше шешен ел аралап, ақылы мен парасаты жоғары адамдарды іздейді. Сол ізденістің бір көрінісі ретінде біз қарастыратын әңгіме «Не тәтті?» деп аталады.

Ой шақыру

Дүниеде не тәтті?

Ой шақыру

Не қатты?

Ой шақыру

Не жұмсақ?

Әр топқа тапсырма беріліп, ойлары қағазға жазылады. Оқушылардың жауаптары тыңдалып болған соң, аңызды тыңдау кезінде түсініксіз сөздерді түртіп отыру тапсырылады.

2) Жаңа сөздермен жұмыс

«Не тәтті?» аңызында кездесетін жаңа сөздер түсіндіріледі және олармен сөз тіркестері құрастырылады.

қарсы кездесу жұмсақ мамық өтіну риза болу

Жұмыс түрлері

  • Диктофон арқылы мәтінді тыңдау.
  • Мәтінді рөлдерге бөліп оқу.
  • Әр топ келесі топқа аңыз бойынша сұрақ құрастыру.

3) «Кім жылдам, кім тапқыр?» тапсырмасы

Оқушылар мәтіндегі ұғымдарды қолданып, кестені толтырады: тәтті, қатты, жұмсақ.

Санат Мысалдар
Жұмсақ Мамық, жүрек, ананың қолы
Қатты Тас, атаның жүрегі
Тәтті Араның балы, ананың сүті, дүкендегі шербет

4) Антонимдермен жұмыс

Мәтіннен алынған сөздерге антоним табыңдар:

Тәтті

Қатты

Биік

Терең

Алыс

Ұшқыр

Ұшқыр сөйлеудің кілттерінің бірі — антонимдерді орынды қолдану. Енді күнделікті өмірдегідей өз таңдауларыңды жасайтын тапсырмаларға көшеміз.

5) Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

Сөздерге синоним табыңдар: тәтті, балам, кездесу, тыңдау, рұқсат ету.

II деңгей

Екі баланың жауабын талдаңдар.

III деңгей

«Ата-ананың қадірі» тақырыбында ой толғау жазыңдар.

Жиренше шешен осындай парасатты адамдарды қасына топтастырып, елге қызмет етуге, халық қамқоры болуға тәрбиелеген.

Халық даналығының түйіні

Не тәтті?

Ананың сүті

Ана сүті бала бойына қуат беріп, өсіреді.

Не қатты?

Атаның жүрегі

Әке — шыдамды, отбасының ауыртпалығын көтеретін нағыз нар.

Не жұмсақ?

Ананың қолы

Адам баласына ананың алақанынан жылулық дариды.

IV. Үй жұмысы

  • Жиренше туралы қосымша аңыздарды оқып келу.
  • Мәтінді мазмұндау.