Тақтада Абайдың өлеңінен үзінді
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік: қазақтың зиялылары, ұстаздары, ақындары, билері мен ғалымдары туралы білімді еске түсіріп, олардың даналығын насихаттау.
-
Дамытушылық: ой-қиялды дамыту, ақпараттық құзыреттілік арқылы шығармашылық қабілетті жетілдіру.
-
Тәрбиелік: оқушылардың ұлы тұлғалардан үлгі-өнеге алып, өмірлік мақсаты мен арманына жетуде талпыныс пен табандылық танытуына бағыт беру.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- әңгімелеу
- баяндау
- сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі
- ұлы тұлғалардың суреттері
- нақыл сөздер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық жүргізіледі: оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, жағымды оқу ахуалын қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- өлеңді мәнерлеп оқу;
- сұрақтарға жауап беру.
ОЙАШАР
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.— Бұл үзінді кімнің өлеңінен?
Абай бұл өлеңінде әрбір адамның өмірде өз орнын табуы керектігін айтады. Сендер де болашақта өз орындарыңды табу үшін білім алып жүрсіңдер.
Бүгінгі сабақтың ерекшелігі: сендердің жауаптарыңды арнайы зерттеу тобы бағалап, қажет жерінде толықтырып отырады. Сыныптан екі оқушы зерттеу тобын құрып, тапсырмалардың орындалуын қадағалайды.
Тақтадағы ойға жетелеу
АБАЙДАН ҮЗІНДІ
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз...
Әр оқушы осы сөздердің мәнін өз түсінігімен айтады. Сабақ соңында бұл нақылдың тақырыппен байланысын дәлелдеу ұсынылады.
Сұрақ: Өз елін, жерін, оның байлығын, дәстүрін басқа халықтарға танытып, тарихта аты қалатын адамдар кімдер?
Осы сұрақ арқылы бүгінгі сабақта кімдер туралы оқитынымыз болжанады.
III. Мағынаны тану
Бүгін біз Т. Әбдірахманованың «Даналарым» өлеңімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет
- Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы Семей облысы, Жарма ауданына қарасты Рудник ауылында дүниеге келген.
- «Қазақстан әйелдері» журналының меңгерушісі қызметін атқарған.
- 2004 жылы қайтыс болған.
IV. Оқулықпен жұмыс
Мәнерлеп оқу
Өлең тізбектей оқытылады. Әр оқушының дауыс ырғағына, анық оқуы мен мәнеріне назар аударылады.
«Түртіп алу» әдісі
Оқушылар таныс және таныс емес есімдерді жазып алады. Таныс емес есімдер бөлек аталып, талқыланады.
«Дана» сөзіне ассоциация
Жұппен жұмыс: әр жұп «дана» сөзіне ассоциация құрып, ойларын қағазға түсіреді. Кейін сынып алдында ортаға салып талқылайды. Бұл тапсырма оқушылардың сөздік қорын байқауға мүмкіндік береді.
Қорытынды: дана — ерекше тұлға, ел жадында қалатын кемел адам.
Дәптермен жұмыс: топтық тапсырмалар
1-топ
Өлеңдегі билердің есімдерін жазу, олар туралы білетіндерін айту, бүгінгі өмірмен байланыстыру.
2-топ
Өлеңдегі ақындардың есімдерін жазу, олардың шығармаларынан бір шумақтан үзінді оқу.
3-топ
Өлеңдегі ғалымдардың есімдерін жазу, олардың атқарған еңбектерін атау.
Талқылау: өлеңде есімі аталмаған қандай тұлғалар қалды?
Жүсіпбек, Ахаң, Сәкен, Бейімбет, Ілияс — қазақ халқы үшін күрескен қоғам қайраткерлері.
Тағы қандай қоғам қайраткерімен таныс едік? Әлихан Бөкейханов.
Бұл жауаптарды зерттеу тобы бағалап, қосымша материалдардан жинаған деректерімен толықтырады: әр тұлғаның есімі неге ұмытылмағанын талдайды.
Мәтінмен дәлелдеу
Оқушылар өлеңнен автордың даналарды мақтан тұтқан жолдарын тауып, мәнерлеп оқиды.
Даналардан қалған асыл сөздің бірі — мақал-мәтелдер. Енді оларды қаншалықты білетінімізді тексереміз.
Мақал-мәтелдермен жұмыс
Әр топқа мақал-мәтелдің жартысы ғана жазылған үлестірме беріледі. Топ мүшелері мақалдың жалғасын толықтырып, мағынасын түсіндіреді. Зерттеу тобы бағалап, қорытынды жасайды.
V. Ой толғаныс
Абайдың өлеңінен алынған үзіндінің осы тақырыпқа қатысын анықтау: адам өз орнын табу үшін ең алдымен білімге ұмтылып, кемелденуі қажет; ал елге еңбегі сіңген даналардың өмірі — сол жолдағы нақты үлгі.
Бағалау
Топтық және жеке жауаптар зерттеу тобының қорытындысымен бағаланады.
Үй тапсырмасы
Өлеңде есімі аталған тұлғалар туралы қосымша материал жинақтау.