Зерттеген саяхаты
Сабақтың мақсаттары
Бұл сабақ оқушыларды Ш. Уәлихановтың өмір жолы, саяхаттары мен еңбектерімен таныстыра отырып, әлем мойындаған даналығы мен алуан қырлы талантын терең түсінуге бағытталады.
Білімділік
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасын жүйелі түрде меңгерту, біртуар тұлғаға мәңгілік құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық
Дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу арқылы зерттеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке, адамгершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Отанды «Шоқанша сүю» құндылығын ұғындыру.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
2) Ой қозғау кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру үшін сұрақтар қойылады:
- XIX ғасырда Қазақстанды зерттеген орыс саяхатшыларын атаңдар.
- Қазақстан табиғатын зерттеуде П. П. Семенов–Тянь-Шанскийдің рөлі қандай?
- Неліктен I Петр қазақ жерін зерттеуге қызығушылық білдірді?
- Әл-Фарабидің туған жері туралы не білесіңдер?
- Қазақ жері туралы ежелгі грек ғалымдарының зерттеулері жөнінде не білесіңдер?
3) Іздену кезеңі
Дәйексөз
Ғылым оқып білгенше, тыным, тыныштық таппаған.
Дүниені кезіп көргенше, рахат іздеп жатпаған.
Құйрықты жұлдыз секілді, туды да көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді — мін тағар жан болмады.
Абай
Негізгі деректер
- Шоқан Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы аумағында, Құсмұрын көлінің солтүстік жағасында дүниеге келген.
- Туған жері: Құндызды өзенінің Обаған өзеніне құяр маңы.
- 1865 жылы 10 сәуірде қайтыс болған.
Шежірелік дерек (тірек-сызба)
С. Мұқановтың пайымына сүйене отырып: Абылайдың Уәлиінен туған Шыңғыс балалары:
Тектіден текті туар — қайталанбас тұлға.
Өз бетімен игеруге арналған сұрақтар
- Ш. Уәлиханов қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
- Шоқанды әкесі қай жылы, қайда оқуға береді және ол қашан оқуын аяқтайды?
- Шоқанның балалық шағы туралы не білесіңдер?
- Ш. Уәлихановтың саяхатын картадан көрсетіп, оның маңызын түсіндіріңдер.
- Ғалым туралы ұлылардың ой-пікірлері жайында не білесіңдер?
4) Ой қорыту кезеңі (бекіту)
«Жылдар сыр шертеді» тапсырмасы арқылы негізгі даталар қайталанады:
5) Қорытынды
«Шоқан туралы не білдік?» сұрағы арқылы сабақ түйінделеді.
«Шоқан Уәлиханов кім?» тақырыбы бойынша компьютерден слайдтар көрсетіледі.
Сурет-жұмбақ
Слайд арқылы берілген сурет-жұмбақ шешіледі.
«Шоқан шежіресі» және сөзжұмбақ
Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде ерекше торкөзден мемлекеттік маңызы жоғары болған сапарының атауы оқылады.
6) Оқушы білімін бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.
7) Үй тапсырмасы
- Ш. Уәлихановтың саяхаттарын кескін картаға түсіру.
- Ғалым туралы реферат жазу.