Түнде көзі жақсы көретін құс

Тәрбие сағаты туралы

Бұл тәрбие сағаты «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойыны форматында өткізіледі. Ойын оқушылардың білімін тексеріп, ойлау жылдамдығын арттыруға және пәндерге қызығушылығын күшейтуге бағытталған.

Мақсаты

  • Оқушылардың жан-жақты білімін тексеру және пысықтау.
  • Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту; түрлі пәндерге қызығушылығын және шығармашылық қабілетін арттыру.
  • Тапқырлыққа және жылдамдыққа баулу.

Формат және ресурстар

Түрі
Интеллектуалды ойын
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, түрлі сұрақтар, тест тапсырмалары
Ойыншылар
2 «А» сынып оқушылары

Ойынның құрылымы

I кезең

Тестпен жұмыс

II кезең

«Кім жылдам?»

III кезең

Финал: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Кіріспе сөз үлгісі

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!

Көңілді тапқыштар мен білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім біледі? Көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады.

Оқушылар (хормен):
Бір сыныпта оқимыз бәріміз де,
Достық сөзі әрқашан жанымызда.
Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз,
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге!

Жүргізуші ойынның тәртібімен таныстырады: ойын 3 кезеңнен тұрады, әр кезеңде уақыт пен ұпай ережелері сақталады.

Ойын ережесі

Қатысушылар

Барлығы 9 ойыншы қатысады.

I кезең уақыты

Әр сұраққа 5 секунд беріледі.

Іріктеу

I кезең қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы өтеді.

I кезең: Тестпен жұмыс

Экран арқылы барлығы 20 сұрақ қойылады. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар, ойыншы дұрыс нұсқаны көрсетуі тиіс. Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді.

Тест сұрақтары (I кезең)

  1. 1. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтініндегі «Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз» — ненің мекені? (Тышқанның)
  2. 2. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет. (99)
  3. 3. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (Пияз)
  4. 4. Жыртқыш құстарға қайсысы жатады? (Бүркіт)
  5. 5. Уақыттың өлшем бірлігі. (Сағат, минут)
  6. 6. «Жаңбыр жаумаса — жер жетім…» деп басталатын шешендік сөзді кім айтқан? (Төле би)
  7. 7. Дауысты «у» дыбысы бар сөзді тап. (Сусын)
  8. 8. Телефонда 103-ті теріп, қай қызметті шақыруға болады? (Жедел жәрдем)
  9. 9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (Тұсбағар)
  10. 10. Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан — бұл не? (Түйе)
  11. 11. Екі шеті тұйықталған сызық. (Кесінді)
  12. 13. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (Көкек)
  13. 14. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (Жапырақ)
  14. 15. Қай жануар қысқы ұйқыға кетеді? (Аю)
  15. 16. Тұңғыш Президент күні — қай күн? (1 желтоқсан)
  16. 17. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жазған? (Абай)
  17. 18. Ең үлкен бір таңбалы сан. (9)
  18. 19. Үш сомға бір қой сатып алған кейіпкер. (Алдар көсе)
  19. 20. Күні бойы тынбайды, дәмді тағам жинайды. (Ара)

II кезеңге өте алмаған оқушыларға алғыс білдіріледі. Келесі кезеңге өткен ойыншыларға сәттілік тілейміз!

II кезең: «Кім жылдам?»

Бұл кезеңде ойынды ұпайы ең көп ойыншы бастайды. Экраннан 6 тақырып көрсетіледі. Әр ойыншы таңдаған тақырыбы бойынша 1 минут ішінде сұрақтарға жауап береді. Ең көп ұпай жинаған 3 ойыншы финалға өтеді.

Тақырыптар

  • 1) Ана тілі
  • 2) Қазақ тілі
  • 3) Математика
  • 4) Дүниетану
  • 5) Кім тапқыр?
  • 6) «Мақал — сөздің мәйегі»

Ана тілі

  1. 1. «Алтын ұяң — Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді кім айтқан? (Қазыбек би)
  2. 2. «Ұр, тоқпақ» ертегісі ертегілердің қай тобына жатады? (Қиял-ғажайып)
  3. 3. «Ұшқан ұя» шығармасы кімнің атынан әңгімеленген? (Б. Момышұлы)
  4. 4. «Еті — тамақ, шұбаты — сусын, жүні — киім» — қай түлік? (Түйе)
  5. 5. Өмірде болған оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады? (Аңыз)
  6. 6. Бойына сеніп, жыл басынан құр қалған жануар. (Түйе)
  7. 7. «Мүйізі айдай иілген, мұрнын көкке шүйірген» — бұл не? (Сиыр)
  8. 8. Қазақтың ұлы ағартушысы. (Ы. Алтынсарин)
  9. 9. Қойдың төлі қалай аталады? (Қозы)
  10. 10. Қазақтың ұлы ақыны. (Абай)
  11. 11. Мақалды аяқта: «Батыр бір рет өледі, қорқақ…» (мың рет өледі)
  12. 12. Әліппенің атасы кім? (А. Байтұрсынов)

Қазақ тілі

  1. 1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
  2. 2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
  3. 3. Ұйқасын тап: «Сатып алдық кеше, шай ішетін…» (кесе)
  4. 4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Кім? Не?)
  5. 5. Батыр, ержүрек, батыл, ер — бұлар қандай сөздер? (Мәндес)
  6. 6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? (3)
  7. 7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін қалай атаймыз? (Түбір)
  8. 8. Өзім сөзден тұрамын, аяқталған ойды құрамын. (Сөйлем)
  9. 9. «Отырды, жазды, ойнады, күлді» — бұл сөздер заттың нені білдіреді? (Заттың қимылын)
  10. 10. «Міне, нағыз жігіт!» — қандай сөйлем? (Лепті сөйлем)
  11. 11. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны қалай атаймыз? (Жұрнақ)
  12. 12. «Уақыт» сөзіндегі «у» қандай дыбыс? (Дауыссыз)

Математика

  1. 1. Математикада неше амал бар? (4)
  2. 2. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (Шаршы)
  3. 3. Бұрыштары жоқ геометриялық пішін. (Дөңгелек)
  4. 4. Сантиметр қай бірлікке жатады? (Ұзындық)
  5. 5. Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8)
  6. 6. Қосындының компоненттерін ата. (Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
  7. 7. 1 кг мақта әлде 1 кг темір ауыр ма? (Екеуі тең)
  8. 8. Үстелдің бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады? (5)
  9. 9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
  10. 10. Басталатын нүктесі бар сызық. (Сәуле)
  11. 11. Түзу сызық сызуға арналған құрал. (Сызғыш)
  12. 12. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

Дүниетану

  1. 1. Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі қалай аталады? (Тамыр)
  2. 2. «Орман емшісі» атанған құс. (Тоқылдақ)
  3. 3. Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл)
  4. 4. Көкжиек тұстарын ата. (Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)
  5. 5. Табиғатта өздігінен тіршілік ететін жануарлар қалай аталады? (Жабайы аңдар)
  6. 6. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? (Көкжиек)
  7. 7. Түнде көзі жақсы көретін құс. (Жапалақ)
  8. 8. Үрленген шардың ішінде не болады? (Ауа)
  9. 9. Бақа жануарлар тобының қай түріне жатады? (Қосмекенді)
  10. 10. Жердің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабаты. (Топырақ)
  11. 11. Бу қайдан пайда болады? (Судан)
  12. 12. Сәбіз неше жылдық өсімдік? (2 жылдық)

«Кім тапқыр?» (жұмбақтар)

  1. 1. Тұла бойы — ине, тұмсығында — түйме. (Кірпі)
  2. 2. Ақ көрпесін тұйықтап, қыстай жатыр ұйықтап. (Қар)
  3. 3. Өртесең де күймес, теңізге батуды білмес. (Мұз)
  4. 4. Тілдерімен жүреді, уақытты біледі. (Сағат)
  5. 5. Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (Жұлдыз)
  6. 6. Күнді жабады, жаңбыр болып жауады. (Бұлт)
  7. 7. Сыртта қапырық, үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (Тоңаzытқыш)
  8. 8. Құйттай ғана бойы бар, кілем тоқыр ойы бар. (Өрмекші)
  9. 9. Күндіз тіпті ұшпайды, түнде тышқан аулайды, көзі шамға ұқсайды. (Үкі)
  10. 10. Жарқ етсе сабау қамшы, нөсерлетіп жауар тамшы. (Найзағай)
  11. 11. Тал басында түндіксіз отау. (Ұя)
  12. 12. Тарбаң-тарбаң тарбиған, түрі жаман барбиған. (Бақа)

«Мақал — сөздің мәйегі»

Төмендегі ұғымдарға байланысты мақал-мәтел айту:

Отан
Туған жер
Батыр
Еңбек
Білім
Өнер
Денсаулық
Нан
Әке, ана
Әдеп
Дос
Тіл

III кезең (финал): «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Финалда 3 ойыншы қызыл, сары, көк түстердің бірін таңдайды. Олар 20 секунд ішінде өз сұрақтарының орналасу ретін есте сақтауы керек. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Егер ойыншы қарсыласының ұяшығын ашып, дұрыс жауап берсе — 2 ұпай, ал жалпы сұрақтарды ашса — 1 ұпай алады.

Қызыл түс сұрақтары

  1. 2. Суретте кім бейнеленген? Ол туралы не білесің?
  2. 5. Қазақтың тұңғыш палуаны кім?
  3. 8. Қандай кенді «қара алтын» дейміз?
  4. 12. Аспанда ұшып жүргендер: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара. Аспанда неше құс ұшып жүр?
  5. 16. «Кірпік қақпады» сөз тіркесінің мәнін түсіндір.
  6. 21. Бұлттан бөлініп, жерге түсетін су тамшылары қалай аталады?

Көк түс сұрақтары

  1. 1. Суреттегі кім? Оның қандай шығармаларымен таныстық?
  2. 6. Солтүстікте тіршілік ететін, ұша алмайтын құс.
  3. 11. «Ақ алтын» деп нені айтамыз?
  4. 15. Есеп-жұмбақ: Айдын көлге екі аққу ұшып келіп қонысты. Үш қаз және бір үйрек жүзіп жүрген жолықты. Қарсы алуға оларды төрт балапан шықты. Барлығы құс нешеу?
  5. 20. «Көзге ілмеді» сөз тіркесінің мәнін аш.
  6. 24. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?

Сары түс сұрақтары

  1. 4. Бұл қай бидің суреті? Оның қандай шешендік сөзін білесің?
  2. 9. Иілген ұзын мойынды, ақ қауырсынды, халық киелі санайтын құс.
  3. 10. Самауырдағы су қайнағанда азайып, ортаяды. Неге?
  4. 14. Жұмбақ-есеп: Шегірткелер — он жеті. Бірлесіп хорға ән салған. Жетеуі кенеттен айырылады дауыстан. Екеуі қайта қосылды ән салуға. Енді неше «дауыс» естиміз?
  5. 17. «Қол ұшын берді» сөз тіркесінің мәнін түсіндір.
  6. 19. Серік Сәпиев қай спорт түрінің шебері?

Қорытынды және марапаттау

Ойын қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады. Жеңімпаз және қатысушылар марапатталады.