Төрт түлік малды жасына қарай ажырату

Сабақ тақырыбы

Ана тілі пәні. А. Тоқмағанбетовтің төрт түлік туралы өлеңі бойынша сабақ.

Сабақтың мақсаты

  1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
  2. Төрт түлік малды жасына қарай ажырату.
  3. Төрт түлік малдың пайдасын атап көрсету.

Табыс критерийлері

  1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды.
  2. Төрт түлік малды жасына қарай ажыратады.
  3. Төрт түлік малдың пайдасын атап көрсетеді.

Қажетті ресурстар мен әдіс-тәсілдер

Қажетті дереккөздер

  • АКТ
  • Постер
  • Маркерлер

Әдіс-тәсілдер

  • ОҮБ
  • СТО
  • Топпен жұмыс

Төрт түлік туралы қысқаша түсінік

Қазақ халқы төрт түлікті ерекше қадірлеген. Малдың жасына қарай атаулары нақты бөлінеді. Төменде әр түліктің өсу кезеңдеріне сай атаулары берілген.

Түйе

Түйенің өсу жолына қарай атаулары:

  • бота
  • тайлақ
  • буыршын
  • буырлыш
  • науша
  • бұзбаша
  • інген
  • атан
  • бура

Жылқы

Жылқының жасына қарай атаулары:

  • құлын
  • жабағы
  • тай
  • құнан
  • байтал
  • дөнен
  • бесті
  • бие
  • ат
  • сәурік (суйрік)
  • айғыр

Сиыр

Сиырдың жасына қарай атаулары:

  • бұзау
  • торпақ
  • тана
  • тайынша
  • қашар
  • құнажын
  • дөнежін
  • сиыр
  • өгіз
  • бұқа

Қой

Қойдың жасына қарай атаулары:

  • қозы
  • марқа
  • тоқты
  • бағылан
  • тұсақ
  • азбан
  • ісек
  • қошқар
  • саулық

Ешкі

Ешкінің жасына қарай атаулары:

  • лақ
  • туша
  • бөрте
  • шыбыш
  • серке