Қалдықпен бөлуді түсіндіру
Б. Сырттанов орта мектебі
Мұғалім: Молдабекова С. Н.
Сабақтың негізделген оқу мақсаты
Оқушылар қалдықпен бөлудің мәнін түсінеді.
Оқу нәтижелері
Барлық оқушылар
- 2-нің, 3-тің, 4-тің көбейту кестесі деңгейіндегі сандарды қалдықпен бөлуді үйренеді.
- Көрнекіліктерді пайдаланып, санды қалдықпен бөліп, мәнін табады.
Оқушылардың басым бөлігі
- Қалдықпен бөлуді орындайды және дұрыстығын тексере алады.
- Бөлінгіштің бөлгішке қалдықпен бөліну себебін түсіндіреді.
Кейбір оқушылар
- Бөлінгіштің бөлгішке қалдықпен бөлінетінін ауызша дәлелдеп айта алады.
- Қалдық әрқашан бөлгіштен кіші болатынын түсінеді.
Алдыңғы оқу
«Өзара кері есептер» тақырыбы. Үй тапсырмасы ретінде оқушылар бөлінділерді салыстыру тапсырмаларын орындап келген.
Сабақтың барысы
Сабақ құрылымы үш бөлімнен тұрады: басталуы, ортасы және қорытындылау элементтері арқылы білімді бекіту.
Негізгі ұғым
Қалдықпен бөлу
Тексеру: бөлінді × бөлгіш + қалдық = бөлінгіш
Басталуы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.
- Тақтаға жапырақтардың суреттері ілінеді.
- Оқушылар ұнаған жапырақты таңдап, түстеріне қарай топқа бөлінеді: сары, жасыл, қызыл, қоңыр.
2) Психологиялық тренинг
Менің хәлім та-ма-ша!
Сіздің хәлің та-ма-ша!
Сенің хәлің та-ма-ша!
Оның хәлі жақсы ма?
Барлығы да та-ма-ша!
Хормен айтылады.
3) Үй тапсырмасын тексеру
№7, 42-бет — «Бөлінділерді салыстыру»
- Жұптық өзара тексеру жүргізіледі.
- Бағалау «бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.
№6, 42-бет — Геометриялық мазмұнды тапсырма
Берілгені:
- a = 6 см
- b — 3 есе кем
- P — тік төртбұрыштың периметрі
Оқушылар периметрді қалай тапқанын түсіндіреді.
Ортасы
1) Сабақтың тақырыбын хабарлау
Тақырып: Қалдықпен бөлу. 2-сыныпта өткен материал еске түсіріледі.
Оқушыларға бағалау парағы таратылады.
2) «Миға шабуыл» (топтық жұмыс)
Оқушыларға сұрақтары бар карточкалар таратылады. Әр топ жауаптарды бірлесіп табады.
Сұрақтар
- Көбейту амалына кері амал қай амал?
- Бөлу амалының компоненттері қалай аталады?
Есептеулер
- 15 : 3
- 18 : 6
- 8 : 4
- 24 : 3
3) Үлестірмелі дидактикалық материалдармен жұмыс
Әр топ тапсырманы орындап, бөлудің нәтижесін және қалдықтың пайда болу себебін түсіндіреді.
1-топ
9 күшікті 2 үйшікке бөліп орналастырыңдар.
2-топ
13 гүлді 4 гүлсауытқа (вазаға) бөліп салыңдар.
3-топ
16 саңырауқұлақты 3 себетке бөліп салыңдар.
4-топ
7 қуыршақты 3 қызға бөліп беріңдер.
4) Оқулықпен жұмыс (№1)
а) 1-топ
Есепті оқып, шешуін постерге жазады.
8 : 3 = 2 (қалд. 2)
- 8 — бөлінгіш
- 3 — бөлгіш
- 2 — бөлінді
- 2 — қалдық
Тексеру:
2 × 3 + 2 = 8
Қалдықпен бөлуді қалай тексеруге болады?
ә) 2-топ
Шешуін постерге түсіреді.
11 : 4 = 2 (қалд. 3)
Тексеру:
4 × 2 + 3 = 11
б) 3-топ
Қалдықпен бөлуді түсіндіріп, шешуін постерге түсіреді.
Мұғалімнің түсіндіруі: 19 : 4
- 19-дан кіші, 4-ке бөлінетін ең үлкен санды табамыз: 16.
- 16 : 4 = 4 екенін анықтаймыз.
- Қалдықты табамыз: 19 − 16 = 3.
- Қалдықты бөлгішпен салыстырамыз: 3 < 4.
- Тексереміз: 4 × 4 + 3 = 19.
Есте сақтайық
Қалдық шарты
Қалдық әрқашан бөлгіштен кіші болады.
Тексеру формуласы
Бөлінді × бөлгіш + қалдық = бөлінгіш
Мағынасы
Қалдық — тең бөліскеннен кейін артылып қалған бөлік.