Қанатты сөздер мен тақырып

Бастауышпен қоштасу: балғын балалыққа алғыс

Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер бүгін бойы да, ойы да өсіп, жауапкершілігі артқан шәкіртке айналды. Төрт жылдық бастауыш — білімге бастар алғашқы даңғыл. Бұл — балалықпен қоштасып, үлкен жолға қадам басатын сәт.

4 жылдық жол Ұстазға тағзым Ата-анаға алғыс Білім кілті

Кіріспе: қош келдіңіздер!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және қонақтар! Бүгін біз үшін ерекше күн — бастауышпен қоштасу салтанаты. Төрт жыл бойы шуағын төккен білім ордасы шәкірттерге әріп танытып қана қоймай, ой мен мінез қалыптастырды, арманға қанат бітірді.

«Қош бол, балғын балалық! Қош бол, сүйікті бастауыш!» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізушінің сөзі

Бәріміз толқып тұрмыз. Мұндай сәт әр жүрекке ерекше әсер сыйлайды. Ендеше, қол соғып, қошеметпен 4 «А» сыныбын ортамызға шақырайық!

(Әуен ойналып, оқушылар сахнаға шығады.)

Сәлемдесу

Ұлдар:

Ассалаумағалейкүм, ағайындар!

Қыздар:

Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

Барлығы:

Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

Ақ бата, ақ тілек

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, бүгін шәкірттер өз өнерін көрсетпек. Сіздердің ақ баталарыңыз — балаларға жол ашар қуат.

Құттықтаулар мен сөз кезегі

Мектеп басшылығының құттықтауы

(Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.)

Жетекші болып жүретін түлегіне, оқушыларын ойлап көңіліңіз толғанады. Шәкірттер, ұстаздың ақ тілегін ықыласпен тыңдайық.

Бастауыш мұғаліміне сөз

(Сөз кезегі бастауышта оқытқан мұғалімге беріледі.)

Еске салу

Төрт жыл — баланың әрпі мен әлемі тоғысқан шақ. Осы еңбектің өзегі — ұстаз мейірімі мен табандылығы.

Оқушылардың жыр-тілегі

Айбек

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Армысыздар, ұстаздарым — әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Нұргелді

Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні мен жырына, тарландарым, сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,
Лаулап жанар болашағы — шамшырақ.

Қош келдіңіз, ақ жаулықты аналар —
Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамар.
Қош келдіңіз, өр тұлғалы әкелер —
Қыран құстай болашағын мәпелер.

Диана

Көрінетін биіктен асқақ іспен,
Баулитын білімге жас кішіден.
Төрт жыл бойы біліммен сусындатқан,
Қоштасатын күн келді бастауышпен.

Бастауышты халық та дәріптеген,
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.

Ернар

Мектеп деген — білім кені, жыр кені,
Мектеп деген — ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген — тәрбиеші адамға,
Мектеп деген — даналардың мекені.

Мектебім — білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Төрт жыл бойы ата-анамдай баулыған,
Әрқашан қасиетті атың маған.

Еслям

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім, саған мәңгі басымды ием.

Ұстазға тағзым

«Ұстаз» — осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін жан жоқ. Жүрексіз өмір болмайтыны сияқты, мұғалімсіз білім мен тәрбие де жүзеге аспайды. Дана да, еңбеккер де, арман қуған жас та — бәрі де бір адамға қарыздар. Ол — ұстаз.

Адамды тәрбиелеп, азамат ету — үлкен күш. Сондықтан ұстаз еңбегі — ұлы еңбек.

Нұргелдінің арнауы

Атағым Алатаудай болса биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп.
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.

(«Ұстазым» әні/өлеңі орындалады.)

Марапаттау және көріністер

Оқушыларды марапаттау

Төрт жыл бойғы еңбектің нәтижесі — бүгінгі марапат. Әр жетістік — табандылықтың жемісі.

Көрініс

«Дважды два — четыре» (инсценировка).

Ата-аналармен бөлім

Ойын, вальс және жүректен шыққан алғыс сөздер.

Анаға арналған арнау

О, менің ардақтаған асыл анам,
Ақылмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Айналдым қасиетіңнен әрқашанда,
Жыр арнап, міне, бүгін отыр балаң.

Диана

Теңейміз аналарды аппақ таңға,
Теңейміз аруларды шапағатқа.
«Ана» деп ән саламыз, жар саламыз,
Бас иіп ана деген асыл затқа.

(Аналармен вальс орындалады.)

Мұғалімдерге мың алғыс

Төрт жылдық сапарда әр пән ұстазы өз өрнегін қалдырды: бірі әріпке баулыды, бірі есепке жетеледі, бірі тілге, өнерге, спортқа ынталандырды. Енді сол жанашыр жандарға жүректен шыққан алғысымызды айтамыз.

Барлығы

Мейрамгүл Дюсетқызына мың алғыс — мына отты жүректерден!

Еслям

Гүлжайна Охайқызына:
Ертегідей ғажайып сабақтарыңызбен қияға қанат қақтық. Ақ жүректен алғыс айтып, мәңгі шаттық тілейміз!

Диана

Қайрат Мұбәракұлына:
Математика әлеміне жетелеген әр сабағыңыз — біз үшін сый. Деніңіз сау болсын деп тілейміз!

Нұргелді

Толқын Мұратқызына:
Жылы жүрек, ізгі тілек — әр баланың даңқын көтеретін күш. Еңбегіңіз жана берсін!

Айбек

Айгүл Сатвалдықызына:
«Здравствуйте» деп басталатын сабақтарыңызды асыға күттік. Орыс тілі кейде қиын болғанымен, мейіріміңіз демеу болды.

Ернар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Гүлмира Мейрамқызына:
Спорт десе, жоқтан бар жасайсыз. Әрдайым жігер бердіңіз. Жүлде көбейсін, асығыңыз алшысынан түссін!

Диана

Әлфия Нахимжанқызына:
Жамандықтан сақтандырып, жақсы істі дәріптеп, білім бергеніңіз үшін алғысымыз шексіз!

Барлығы:

Ұстаздарға мың алғыс!

Көңілді сәттер

  • Ойын: «Тақия»
  • Флешмоб
  • Би: сергіту сәті

Бастауышқа алғыс

Бастауышым — балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рақметімді жаудырамын.

«Білім кілті» — жаңа буынға аманат

Кішкентай ізбасарлар! Бүгін біз бастауыш білімнің алғашқы сатысының нышаны — «Білім кілтін» табыстаймыз. Бұл кілт сендердің жарқын болашақтарыңа жол ашсын.

(Бастауышты бітірушілерден 1-сынып оқушыларына «Кілт» салтанатты түрде тапсырылады.)

Жүргізушінің түйіні

Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған, әрдайым бақ тілейтін жандарға мың алғыс!

Бәрі бірге:

Ата-анам, ұстаздарым — теңдесі жоқ жақсы адам!

(«Улыбка» өлеңі орындалады.)

Ата-ана тілегі және қорытынды

Құттықтау сөз

Енді ата-аналарға сөз беріледі: ұл-қыздарына ақ тілек, ізгі бата арналады.

Ата-анаң секілді таза бұлақ,
Перзентің бауырыңда жайнар құрақ.

Түлектердің жүрек сөзі

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім, саған мәңгі басымды ием.

(«Достарым» әні орындалады.)

Қоштасу

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Қош болыңыздар!