Нұржігіт шыққан санды оқы
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Оқушыларға жай және құрама сандар туралы негізгі түсінік беру, оларды ажыратуға және есеп шығару барысында тиімді қолдануға үйрету.
Міндеттері
- Білімділік: жай және құрама сандарды меңгерту, есептерде қолдану.
- Тәрбиелік: жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, алғырлыққа, дербестікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
- Дамытушылық: логикалық ойлауды, есте сақтауды, математикалық тілде сөйлеуді дамыту.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген есептердің жауаптарын табу арқылы қиылысқан ұяшықтардағы әріптер жазылады. Жиналған әріптерден сөз құралады — сол сөз бүгінгі жаңа тақырыптың атауын білдіреді.
Жаңа материал
I. Жай сандар
Анықтама1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар жай сандар деп аталады.
Мысалдар
- 11 санының бөлгіштері 1, 11
- 13 санының бөлгіштері 1, 13
- 101 санының бөлгіштері 1, 101
Ең кіші жай сан — 2. 2-ден басқа барлық жай сандар — тақ сандар. Демек, 2 — жалғыз жұп жай сан.
Жай сандар саны шектеусіз көп.
Егіз сандар
Айырмасы 2-ге тең екі жай сан егіз сандар деп аталады:
II. Құрама сандар
ЕрежеЕкіден көп бөлгіші бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.
Мысал
8 саны — құрама сан. Бөлгіштері: 1, 2, 4, 8.
Ерекше жағдай: 1 саны
Натурал 1 санының бір ғана бөлгіші бар — өзі. Сондықтан 1 саны жай да емес, құрама да емес.
Есептер шығару
№647 (ауызша)
Сұрақтар- 1 Жай сандар кестесіндегі көп таңбалы жай сандар қандай цифрлармен аяқталады?
- 2 0, 4, 6 және 8 цифрларымен аяқталатын жай сан бар ма?
№648 (өздік жұмыс)
ЖіктеуЖай сандар
97, 139, 311, 503, 641, 991
Құрама сандар
66, 128, 201, 450, 502, 864, 879
№657 (тақтамен жұмыс)
Түрлендіру1) Екі жай санның қосындысы
10, 12, 18
2) Екі жай санның көбейтіндісі
22, 35, 65
Сергіту сәті
Слайдта сандар беріледі. Егер сан жай болса — шапалақтаймыз, ал құрама болса — аяғымызды ұрамыз.
«Қатені тап» тапсырмасы
Берілген тұжырымдар
-
24 санының бөлгіштері
1, 2, 3, 4, 5, 8, 12, 24
-
7 санының еселіктері
7, 14, 21, 28, 34, 35, 48, 56
-
21 санының еселіктері
1, 3, 7, 21
-
14 санының бөлгіштері
14, 28, 42, 56
Нұсқаулық
Әр жолдағы қате жерін анықтаңыз: «бөлгіш» пен «еселік» ұғымдарын шатастырмаңыз. Дұрыс жауапты дәлелмен айтыңыз.
Еске салу
- Бөлгіш: санды қалдықсыз бөлетін сан.
- Еселік: берілген санның көбейтінділері (n·k түрінде).
Арифметикалық фокус
Нұсқау (қадам-қадамымен)
- 1 Ислам, қағазға кез келген үш таңбалы санды жаз да, қағазды Наргизаға бер.
- 2 Наргиза, сол санды оң жағына тағы қайталап жаз. Алты таңбалы сан шығады.
- 3 Рамазан, шыққан санды 7-ге бөл.
- 4 Арман, шыққан санды 11-ге бөл.
- 5 Айсара, шыққан санды 13-ке бөл.
- 6 Нұржігіт, шыққан санды оқы: Ислам қандай сан жазды?
Түсіндірме
Мысалы, 872 саны ойластырылсын. Сонда 872872 саны мынадай түрде жіктеледі:
872872 = 872000 + 872 = 872·1000 + 872·1 = 872(1000 + 1) = 872·1001
Ал 1001 = 7·11·13. Демек, бастапқыда жасырылған сан 1001-ге көбейтіліп, кейін 7, 11, 13-ке ретімен бөлінсе, қайтадан алғашқы үш таңбалы сан шығады.
Сабақты бекіту
Семантикалық карта
Оқушылар жай және құрама сандарды ажыратып, анықтамаларды қолдана отырып тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін бекітеді.
Автор туралы мәлімет
Мекеме
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл мектеп-балабақшасы
Мұғалім
Математика пәнінің мұғалімі — Сейтбаева Мөлдір Санатыллақызы