Сырлы сұрақтар
Сабақтың тақырыбы
Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін қайталау арқылы білімдерін бекіту.
Сабақтың міндеттері
- Оқушылардың оқу әрекеті арқылы меңгерген теориялық білімдерін мысалдар мен деңгейлік тапсырмалар арқылы жетілдіру.
- Ойындар арқылы тарау бойынша алған білімдерін дамыту, өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру; топпен жұмыс жасау арқылы әр оқушының дербестігін арттыру.
- Тарау тақырыптарын меңгерту барысында сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне назар аударту; оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, ынтымақ пен бірлікке, жолдастық көмек көрсетуге баулу.
Әдіс-тәсілдер
Ойындар, сұрақ-жауап, «СТО» әдісі.
Көрнекіліктер
Слайдтар.
Үй жұмысы
Қайталау.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім: «Балалар, қазір бәріміз тақтаға қарайық. Тақтада ойын шарттарымен таныстырамын».
I. «Сырлы сұрақтар»
«Туған жерім — тұғырым, өскен елім — өзегім» тарауын қайталау мақсатында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.
- Жайық өзені бастапқыда қандай өзен еді? Ол қандай өзгеріске ұшырады?
- Осы шығармадағы әке мен бала бейнесі тағы қай шығармада кездеседі?
- Агроном туралы шығарма қалай аталады? Оқиға қай жерде өтеді? Мәтіндегі ең өкінішті сәт қайсы?
- «Алтын адам» туралы шығарманың авторы кім?
- «Айнымайды аспаннан…» деп басталатын өлеңнің авторы кім?
- Асан бала туралы ертегі немен аяқталды?
- Тарауда ақын апамыздың өлеңдері берілген. Ол кім? Қандай өлеңдері оқылды?
- «Ақша беті аймен тең. Көркінен де ақылы басым, Көршілердің кәрі-жасын сүйсіндірген қылығымен…» — бұл өлең жолдары қай шығармадан алынған?
- Мына сурет қай әңгімеде бейнеленген? (Толағай)
- Мына бала кім? Ол қандай ерлік көрсетті? (Толағай)
- Нағыз малшы қандай болуы керек?
II. «Тапқышбектің тапсырмалары»
Оқушылар деңгейлік тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы білімдерін дәлелдейді.
1) Сәйкестендіру
Төмендегі тіркестерді тиісті жауаптарымен сәйкестендір.
Қара шаңырағы, қасиетті бабалардың — Медеу
Батыр да, ақын да, ғалым да баладан өседі ғой! — Шаңырақ
Әрі 2, әрі 5 қоюға лайық шығармасы бар. — Ақ ірімшік
Кеме жүрісін бәсеңдетті. — Су мен балық
Ол — сенің ғұмырлы анаң. — Қармаққа түскен шағала
Ынтығады бар адам. — Мен қалай жазушы болдым?
Қадіріңді білмедім, — Түркістан
Сайыстың нәтижесі анықталып, қорытынды жасалады.
2) Жазылым тапсырмалары
- Қазақстанның ірі қалаларының аттарын жаз.
- Өзің білетін Қазақстан тауларын жаз.
Бекіту
«Бес жолды өлең» әдісі арқылы тақырыпты қорытындылау: Отан.
III. Қорытындылау
Сабақ соңында оқушылардың жауаптары талданып, негізгі ұғымдар бекітіледі. Топтық жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасалады.