Апамның астауы

Ана тілі · 4-сынып

Тақырып: «Апамның астауы» (Оралхан Бөкей). Сабақта оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі элементтері қолданылады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдістер

Сұрақ-жауап, талдау, іздену

Көрнекілік

Суреттер, кесте, интерактивті тақта

Қосымша дәптерлер, бағалау парағы

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыны Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесін түсініп оқуға үйрету, негізгі ойды ашуға жағдай жасау.
  • Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу; байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту.
  • Баланың анаға деген сүйіспеншілігі мен мейірімін терең сезінуге бағыттау.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық барысында оқушылардың назарын шоғырландыруға арналған қысқа ұран айтылады:

Ширату сөздері

1, 2, 3 — сынып іші тып-тыныш!
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз!

Психологиялық ахуал

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы бірге

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Осы жылумен сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  • 1 Өлеңді жатқа айту.
  • 2 Ғафу Қайырбеков кім?
  • 3 Ақын «ұмытпаспын» дегенде нені меңзейді?
  • 4 Неліктен «тозбайтын асыл сөз» деп айтады?
  • 5 «Мыңдаған ақын сен туралы жазса да тауыса алар ма екен?» деген ой не туралы?

III. Үй тапсырмасын пысықтау

Талқылау сұрақтары

  • Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді?
  • Өлеңнің соңғы жолдары бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

IV. Мақсат қою кезеңі

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
  • Жаңа сабаққа даярлық жұмыстарын жүргізу.

V. Жаңа сабақ

Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесін оқи отырып, әр оқушы өзіне қымбат әже бейнесі жайлы ой бөліседі.

Негізгі ұғым

Астау

Ағаштан ойылып жасалатын, ас салуға арналған ыдыс. (Слайд арқылы көрсетіп, толық мәлімет беріледі.)

Оқулықпен жұмыс

  • Тізбектей оқу.
  • Түсініп оқу.
  • Теріп оқу.

Сөздік жұмысы

Келі
Тары, бидай сияқты дәнді дақылдарды түйіп, ұнтақтайтын ағаштан жасалған құрал.
Астау
Ағаштан ойылып жасалатын, ас салуға арналған ыдыс.

Ой қозғау сұрақтары

  • Әңгімешінің (автордың) балалық шақта ойнаған ойындары қандай?
  • Әңгімені оқып отырып, апаны көз алдыңа қалай елестеттің?

VI. Түсінгендерін тексеру

Әңгімешінің апасына берген мінездемесіне және үлгілік сызбаға сүйеніп, «Қандай?» сұрағына жауап болатын сөздерді жазыңдар.

Қандай?

Арық, ашаң кемпір Тарамысты, мықты саусақтар Тыртықтанған, әдемі ажар Қара, бұйра шаш

Сергіту сәті

Ана туралы әннің 1-шумағын орындау.

Дәптермен жұмыс

Жазушының апасын сағынған, аңсаған сезімі байқалатын жолдарды тауып, дәптерге жазыңдар.

«Дүние жүзінде апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда! Бұл жалғанда қас қарая...»

VII. Қорытынды

Сабақты оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы арқылы қорытындылау.

Кері байланыс және бағалау

Бос орындарды толтыру тапсырмасы арқылы білімдерін толықтырып, түсінгендерін тексеру. Бағалау парағы бойынша нәтижені белгілеу.