Сұрағына жауап беретін сөзді көрсет
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Зат есім туралы түсінік қалыптастыру.
- Берілген сөздердің зат есім екенін дәлелдеуге үйрету.
- Тіл дамыту арқылы шағын әңгіме құрастыру.
- Оқушының өзіне ереже құрастырту.
Тәрбиелік
- Мақал-мәтелдердің мағынасын талдау арқылы ой ұшқырлығын арттыру.
- Отансүйгіштікке, шешендікке, батырлыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
- СТО тәсілдері арқылы терең ойлауға дағдыландыру.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуді қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1Сәлемдесу.
- 2Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
- 3Назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау (371-жаттығу)
Жұмбақ
Торы тай,
Табанында төрт ай. (жауабы: таға)
Тапсырма: заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді тап.
III. Үй тапсырмасын бекіту: «Сиқырлы таяқша» ойыны
- Сөз дегеніміз не?
- Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
- Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қалай атаймыз?
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- Жұрнақ деген не?
- Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
- Қосымшаның қай түрі бұрын жалғанады?
- Сөз таптарын ата.
Сөз таптары
IV. Жаңа сабақ
Ребус шешу және суреттегі заттардың атына сұрақ қою арқылы оқушылардың өздеріне ереже шығарту.
- Мысал
- Нәзік — кім?
- Мысал
- Ат — не?
- Мысал
- Есік — не?
- Мысал
- Мысық — не?
V. Жаңа сабақты бекіту
375-жаттығу (танымдық)
Суреттегі заттардың атын пайдаланып, сөзжұмбақты шеш. Сол сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер тобын қалай атаймыз?
376-жаттығу
Мақалдарды көшіріп жаз. «Кім?», «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
1-топ
Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.
2-топ
Шешен сөз бастар, батыр қол бастар.
377-жаттығу (суретпен жұмыс)
Сызбадағы орнына «не?» сұрағына жауап болатын сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
378-жаттығу
Кім?
сатушы, дәрігер, ата, ұста
Не?
кітап, парта, дөңгелек, түлкі, ағаш, қарға
379-жаттығу (ауызша)
Сөздерді оқып, олардың зат есім екенін дәлелде: ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, әже, мұз.
Дәлелдеу үлгісі
Ақын — зат есім, өйткені заттың атын білдіреді. Оған «кім?» деген сұрақ қойылады.
380-жаттығу (танымдық)
Сөзжұмбақты қыс айларының аттарын пайдаланып шеш.
VI. Сабақты қорытындылау: «Қыста» тақырыбы
«Дөңгелек үстел» әдісі арқылы «Қыста» тақырыбына шағын әңгіме құра.
Шарты: топтағы бірінші оқушы түрлі пасталарды пайдаланып, тақырыпқа сай бір сөйлем жазады. Қалған оқушылар алдыңғы сөйлемді қайталамай, өз ойын жалғастырып жазады.
VII. Сабақты бекіту: тест тапсырмалары
-
1) Заттың атын білдіретін сөзді тап:
- A) күн
- Ә) биле
- B) суық
-
2) «Кім?» сұрағына жауап беретін сөзді көрсет:
- A) ән
- Ә) күй
- B) әнші
-
3) «Не?» сұрағына жауап беретін сөзді көрсет:
- A) ақын
- Ә) жер
- B) адам
-
4) Жан-жануарға қойылатын сұрақты көрсет:
- A) кім?
- Ә) не?
- B) кімдер?
-
5) Адамға қойылатын сұрақты көрсет:
- A) не?
- Ә) кім?
- B) нелер?
Үй тапсырмасы және бағалау
VIII. Үйге тапсырма
Шығармашылық тапсырма.
IX. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.