Линза түлері

Сабақтың тақырыбы

Линзалар. Жұқа линзаның формуласы.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік мақсаты

Оқушылардың білімін, іскерлігін және дағды деңгейін бақылау әрі бағалау. Жұқа линзаның формуласын түсіндіріп, тақырып бойынша жүйелі түсінік қалыптастыру.

2) Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың білім деңгейін, білім мазмұнының тұрақтылығын және оны меңгерудегі іскерлік пен дағдыларын бақылау және дамыту.

3) Тәрбиелік мақсаты

Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Тестпен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Плакаттар
  • Үлестірме парақшалар (деңгейлік тапсырмалар)
  • Суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. 1 Линза және линзалардың түрлері.
  2. 2 Линзаның негізгі ұғымдары мен сипаттамалары.
  3. 3 Линза беттерінің түрлері және линзалардың белгіленуі.
  4. 4 Жұқа линзаның формуласы және оны қолдану.

Бұл сабақта линзалардың түрлері мен негізгі қасиеттері қарастырылып, жұқа линза формуласының мағынасы түсіндіріліп, оны есептер шығару барысында қолдану дағдылары қалыптастырылады.