Сан есім Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Сабақтың тақырыбы

Сан есім

Мақсаты

Сан есім туралы толық мәлімет беру, сан есімнің түрлерін ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта Үлестірмелер Сызба суреттер

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық: оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру

  • 39–40-жаттығулардың орындалуын тексеру.
  • Ережені еске түсіру.

Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу: «Сан есім».

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Ережемен танысу және талдау жүргізіледі.

Сабақ «Жеті лақ» ертегісінің желісімен өтеді. Ешкінің лақтарын құтқару үшін тапсырмаларды дұрыс әрі мұқият орындау қажет екені түсіндіріледі.

Дәптермен жұмыс: көркем жазу минуты ұйымдастырылады.

Тапсырмалар

  1. 1-тапсырма Ауызша

    41-жаттығу: сөздерді оқы, сұрақ қой. Олардың қай сөз табына жататынын дәлелде.

  2. 2-тапсырма

    43-жаттығу: сөйлемді көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз.

  3. 3-тапсырма

    Үлестірме қағаздар арқылы жұмыс.

  4. 4-тапсырма

    Сөздік диктант: сан есімдерді тап, сұрақ қой.

  5. 5-тапсырма Сергіту сәті

    Өмір бойы жан-жануар бейнесін
    Салып келген суретшіге не дерсің?
    Жауабын кім тез береді, білсе егер,
    Қай сандардан сурет салды бұл шебер?

    Тапсырма: суретке мұқият қарап, қандай сандардан құрастырылғанын анықта.

  6. 6-тапсырма

    48-жаттығу: өтірік өлеңді көшіріп жазып, сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын анықта.

  7. 7-тапсырма Бекіту

    Төмендегі сөздерді дұрыс жазып, сұрақ қой:

    100ім 5ік тем2 к2мік т10 тү1 3кір

    Ескерту: сандарды сөзбен алмастырып, емлесін сақтай отырып жаз.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}