Жетім әңгімесінде басты кейіпкер кім

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Едгина Айнур Бериккалиевна

Әдістемелік тақырып: жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Пән

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру.
  • Саналы, мәнерлеп және дұрыс оқу дағдыларын жетілдіру.
  • Шығармадағы негізгі ойды таба білуге үйрету.

Дамытушылық

  • Дамыта оқыту негізінде шығармашылық қиялды дамыту.
  • Жүйелі ойлау қабілетін қалыптастыру.
  • Сөздік қорын молайтып, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу.
  • Оқушыларды туған елін, жерін және табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары: ой қозғау, мағынаны ажырату, топтық жұмыс

Ұйымдастыру формасы

Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, қазақ тілі

Көрнекіліктер

Кесте, суреттер

Құрал-жабдықтар

Компьютер, аудионұсқа

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық.
  • Топқа бөліну: Абай тобы, Мұхтар тобы, Ахмет тобы.
  • Әр топ өз атауын қорғайды.

2) Өткенді пысықтау

Жеке жұмыс: кестені толтыру.

  • Әңгіменің тақырыбы:
  • Әңгіменің авторы:
  • Оқиға орны:
  • Кейіпкер:
  • Әңгіме соңында не болды?

3) Үй тапсырмасын тексеру («Жетім» әңгімесі бойынша)

  1. «Жетім» әңгімесінің авторы кім?
  2. Әңгімедегі басты кейіпкер кім?
  3. Жападан жалғыз келе жатқан кім?
  4. Қасымның тағдыры неліктен қиын болды?
  5. Қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай суреттелген?
  6. «Қиянат», «қаға беріс» сөздері нені білдіреді?
  7. Әңгіме неге «Жетім» деп аталған? («Панасыз» ұғымымен байланысы.)
  8. «Жетім» деп кімдерді айтамыз? Көз алдарыңа кім елестейді?

Ұғымды бекіту

панасыз жанашыры жоқ жалғыз ата-анасы жоқ тұрмысы төмен қорғансыз

Қосымша сұрақ: «Жетім» әңгімесінің авторы туралы не білеміз?

4) Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту

Ахмет Әуезов (1897–1974) — Мұхтар Әуезовтің тетелес інісі, екеуінің жас айырмасы шамамен 15 күн. Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден — Мұхтардың әкесі Омархан, ал кіші әйелі Сақыштан — Арынбек, Қасымбек, Ағзам және Ахмет туған. Олар бірге өсіп, атасы Әуездің тәрбиесін бірге көрген.

Алдымен ауылда хат таныған балалар Қасымбектің ұйғарымымен Семейдегі бес сыныптық орыс мектебінде, кейін оқытушылар семинариясында оқиды. Ахмет түрлі қызметтер атқарады. 1920–1930 жылдардағы саяси ахуалға байланысты Қазақстанның оңтүстік өңіріне қоныс аударып, өмірінің соңына дейін сол жақта тұрады.

Негізгі ой

Мұхтардың бала кезінен ізденімпаз, көп оқитын қасиеті кейін оның ірі тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етті. «Жас Мұхтардан — дана Мұхтарға» дейінгі өсудің өзегі — білімге құштарлық пен рухани тәрбие.

5) Тыңдалым және сергіту

Тыңдалым

Мұхтар Әуезов туралы аудионұсқаны тыңдату.

Мұхтар тыңдаған жырлардан бізге танысы: «Қобыланды батыр».

Тапсырма: Тайбурылдың шабысы бөлімін жатқа айту (аудионұсқамен).

Сергіту сәті

Топтық шығармашылық тапсырмалар.

1-топ: Мұхтарға мінездеме

  • Мінезі жұмсақ
  • Өте ұқыпты
  • Ұлы жазушы
  • Жазуға өте сауатты

2-топ: «5 жолды өлең» (Абай)

  • Кім? Абай
  • Қандай? ұқыпты, сауатты
  • Не істеді? тәрбиеленді, жазды, оқыды
  • Сөйлем: Мұхтар Абайдан тәрбие алды.
  • Синоним: жазушы

6) Қорытындылау және рефлексия

Маған ұнағаны

Маған ұнамағаны

7) Үй тапсырмасы

  • М. Әуезов — «Жетім»
  • Мұхтар Әуезов — «Көксерек»
  • М. Әуезов — «Боран»