Сан есімнің емлесімен таныстыру

6-сынып. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Сан есімнің емлесі

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сан есімнің емлесін меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың жүйелі ойлауын жетілдіру, ауызекі сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік

Өз тілін құрметтеуге баулу, бір-бірін тыңдап, сыйлауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

  • Ой қозғау
  • Іздену
  • Шығармашылық
  • Талдау

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Картотека
  • Бағалау парағы

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.»

Назар аударту: жаңылтпашты оқып, қайталату.

Жаңылтпаш

Бес түп алма — «бестік» алғандікі.

Төрт түп алма — «төрттік» алғандікі.

«Төрттік» алған бес түп алма ала алмайды.

«Бестік» алған төрт түп алма ала алмайды.

Сабақта 5 пен 4 деген баға алуға тырысайық.

2) Үй тапсырмасы

Сан есімі бар мақал-мәтел жаттап келу.

3) Өткен сабақты қайталау

Сан есім туралы білімді еске түсіру: жеке ойлану, жұппен, топпен және ұжыммен пікірлесу.

4) Тақырыпты ашу (мысал арқылы)

Сұрақ: «Бесінші сынып», «алты жаста», «қырық-елу қой» тіркестеріндегі сандарды сөздермен байланыстырып қалай жазамыз?

Осы сұрақ арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады: сан есімнің емлесі.

Сабақ мақсаты: сан есімнің жазылу үлгілерін танып, дұрыс қолдану.

5) Ережені шығару (үлгілер)

1) Сандарды сөзбен жазу / цифрмен берілуі

  • жүз жиырма бір, он екі
  • 14-ке толды, 12-ден асты

2) Реттік сан және жыл/том көрсеткіші

  • 6-орын, 3-қатар
  • ІІ том, 2002 жыл

3) Шамалас мөлшер, аралық, көптік жалғауы

  • 10-даған, 6-ларда
  • 30–40 орын, 5–6 кітап
  • 10 шақты, 40-қа таман

4) Бөлшек сан

  • 2 жарым, 3 жарты

5) Қайталама сан (бөлініп берілуі)

  • 10-10-нан, 6-6-дан

6) Жинақтық сан

  • алты — алтау, екі — екеу

6) Оқулықпен жұмыс

178-жаттығу: тақтаға сөзбен жазылған сандарды емле ережесіне сай цифрмен жазу.

7) Карточкамен жұмыс

Берілген сан есімдерді емле нормасына сай жазыңдар.

1-картотека

  • Бесінші сынып
  • Он төртке толды
  • Екінші (рим цифрымен) том
  • Екі-екіден бөлді

2-картотека

  • Жиырма-отыз бала
  • Сегізінші наурыз
  • Елуге тарта

3-картотека

  • Екі-екіден бөлді
  • Алтыншы сабақ
  • Жиырма бестен асты

4-картотека

  • Екі мың он бесінші жыл
  • Жетінші сынып
  • Отыз алтыларда

5-картотека

  • Он жетіге толды
  • Бірінші (рим цифрымен) том
  • Он алтыншы желтоқсан

6-картотека

  • Отызға таман
  • 6–7 оқушы
  • Бес-бестен отырды

7-картотека

  • Екі жарым
  • Он шақты
  • Бірінші орын
CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}