Балалар кірпіде неше алма

Ойлайық та, ойнайық!

Бұл ұйымдастырылған оқу қызметі ойын арқылы балалардың түстерді, пішіндерді, сан мен кеңістік ұғымдарын (жоғары—төмен, көп—аз) меңгеруіне бағытталған. Сабақ барысында тәулік мезгілдері қайталанып, логикалық ойлау мен тілдік дағдылар белсендіріледі.

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Шаттық шеңбері
  • Тәрбиеші балалармен жыл мезгілдері және олардың ерекшеліктері туралы әңгімелеседі.
  • Сұрақтар: «Қазір қай мезгіл?», «Күздің қандай ерекшелігі бар?»

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Жұмбақ арқылы

Тәрбиеші: «Балалар, орманшы атай бізге себет жіберіпті. Оның ішінде не бар екенін жұмбақтарды шешу арқылы білеміз».

Жұмбақ 1

Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.

Жауабы: кірпі.

Жұмбақ 2

Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.

Жауабы: қоян.

Тосын сәт

Кірпі мен қоян

Кірпі мен қоян балалармен амандасады. Олар аш екенін айтып, балалардан сүйікті тағамдарын сұрайды.

Кірпі — алманы жақсы көреді.

Кірпіде 2 алма.

Қоян — сәбізді жақсы көреді.

Қоянда 1 сәбіз.

Сұрақтар

  • Ненің асы көп?
  • Ненің асы аз?

Сан туралы санамақ

1

дегенім бесік,
Шықтық содан өсіп.

2

дегенім елім,
Далам, тауым, көлім.

3

дегенім үміт,
Үміт арттар жігіт.

Кеңістік ұғымдары: жоғары және төмен

Тақтадағы сатыға назар аударамыз: жоғары жағында қай бала, төмен жағында қай бала тұрғанын анықтаймыз.

Дидактикалық ойындар

Белсенді әрекет

«Бұл қай тәулік мезгілі?»

Суретке қарап, тәулік мезгілдерін атаймыз: таңертең, күндіз, кеш, түн.

Қостілдік қайталау

күз — осень; таңертең — утро; күндіз — день; кеш — вечер; түн — ночь.

«Сөйлемді аяқта»

Балалар ойын арқылы қай тәулік мезгілі туралы айтылғанын табады.

  • Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды қай мезгілде жасаймыз?
  • Біз таңертең балабақшаға келеміз, ал түскі асты қай мезгілде ішеміз?
  • Таңғы асты таңертең ішеміз, ал кешкі асты қашан ішеміз?
  • Күн күндіз жарқырап тұрады, ал ай қай мезгілде көрінеді?

«Қара және салыстыр»

Тақтадағы суреттерді қарап, нысандарды салыстырамыз: бірдей ме, әлде әртүрлі ме?

Биік үй және аласа үй ұғымдарын бекітеміз.

Биік үйдің қасына қай ағашты орналастырамыз?

Аласа үйдің жанына қай ағашты орналастырамыз?

Салыстыру арқылы кеңістік пен көлем туралы түсінік тереңдейді.

«Пішінді ата, ұқсас затты тап»

Қоянға көмектесу

Әуен естіледі. Қоян мұңайып: «Менің үйім жоқ. Үй салуға көмектесесіңдер ме?» — дейді.

Тәрбиеші балалардан қандай геометриялық пішіндерді білетінін сұрайды: төртбұрыш (төрт бұрышы бар), үшбұрыш (үш бұрышы бар).

Үстел үстіндегі төртбұрыш және үшбұрыш пішіндерінен қоянға үй құрастырамыз.

Нәтиже

Қоян: «Рахмет! Енді менің үйім бар».

Жоғары—төмен, көп—аз ұғымдарын бекіту

Жолақшаның жоғары жағына 2 алма, ал төмен жағына сәбіз қоямыз. Осы тапсырма арқылы «біреу», «көп», «аз» ұғымдары да пысықталады.

Қимылды ойын: «Доптарды түсіне қарай жина»

Кірпі мен қоян балаларға алғыс айтып, ішінде түрлі түсті доптары бар қорап сыйлайды. Балалар доптарды түсіне қарай бөліп жинайды.

Рефлексиялық-түзетушілік кезең

Қорытынды

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау үшін сұрақтар қойылады:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата.
  • Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
  • Тәулік мезгілдерін атайық.
  • Геометриялық пішіндерден қоянға нені құрастырдық?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды, жауаптарын нақтылап, жетістіктерін атап өтеді.

Күтілетін нәтиже

Біледі

жыл мезгілдерін, тәулік мезгілдерін.

Игереді

түстерді ажыратуды, пішіндерді ажыратып орналастыруды, жоғары—төмен, көп—аз ұғымдарын.

Меңгереді

математикалық ұғымдарды.

Автор туралы

Изтаева Айсулу Кушербаевна — Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №36 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.