Жапырақтар биі
Күз мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар және құрметті қонақтар! Берекелі де молшылыққа толы күз айы келді. Бүгін «Балапан», «Қошақан», «Балбөбек», «Түймедақ» топтары бірігіп «Арайлы Алтын күз» мерекесін бастайды.
Өлең шумағы
Қызыл, сары, алтын көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жадырап.
Күз ханшайымының келуі
(Музыка ойналады. Залға билеп Күз ханшайымы кіреді.)
Күз ханшайымы
Сәлеметсіздер ме, сүйкімді балалар! Бүгін сіздерде мереке болып жатыр екен. Дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс-жидекке толы болсын. Мен сендердің тақпақтарыңды, әндерің мен билеріңді сағынып келдім. Сендерге түрлі түсті жапырақтарымды ала келдім. Қане, осы жапырақтармен би билейік!
Би
«Жапырақтар биі»
Ойын
«Жапырақтарды жинау»
Балалардың тақпақтары
Дана
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.
Томирис
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз келді.
Гүл жапырағы солыпты,
Ел егінін орыпты.
Іңкәр
Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтындай сары күз.
Алтын ұя бақшада,
Ойын бастар шағымыз.
Нұрдаулет
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай,
Соңғы әнін айтып...
Ортақ ән
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Ал қане, бәріміз ән салайық.
Ән: «Күзгі бақ»
Тақпақтар жалғасады
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыз.
Іңкәр
Құт-берекеге толы қоймамыз,
Алтын күзді тойлаймыз.
Жангүл
Қызыл, сары, алтын көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жадырап.
Саят
Алтын, салқын күз келді,
Жел мен жаңбыр әкелді.
Құстар ұшып кетеді,
Ән салмай-ақ өтеді.
Айхан
Жып-жылы киім үстімде,
Тоңатын менің түрім жоқ.
Күз келіп қабақ шытқалы,
Солмаған бір түп гүлім жоқ.
Күздің ауа райы және «Жаңбыр әні»
Сұрақ-жауап
Тәрбиеші: Күзде ауа райы қандай болады?
Балалар: Салқын болады, жаңбыр жауады.
(Осы кезде жаңбыр дыбысы естіледі.)
Ән: «Жаңбыр әні»
Қоянның өтініші және қимылды ойын
(Залға қоян кіреді.)
Қоян
Балалар, қыс мезгілі жақындап қалды. Маған сәбіз жинауға көмектесесіңдер ме? Қане, кішкентай достар, ойын ойнайық!
Ойын
«Кім шапшаң?»
(Төрт топтың балалары себетке сәбіздерді жылдам жинайды.)
Қорытынды
Қоян: Рахмет, балалар! Қысқы азығымды мол жинап бердіңдер. Енді оны қоймама апарамын.
Ән: «Би билегім келеді»
Сыйлық және мерекенің аяқталуы
Күз ханшайымының сыйы
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар. Енді менің сыйымды қабыл алыңыздар.
Балалар: Рахмет!
Қоштасу сөзі
Тәрбиеші: Балалар, Күз ханшайымының сыйлығына ризасыңдар ма? Сонымен, бүлдіршіндер, күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Рахмет! Енді топтарымызға барып, Күз ханшайымының сыйлығын бөлісіп алайық.