Өлең ненің төлі туралы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы
Таным
Оқу іс-әрекетінің түрі
Жаратылыстану
Тақырып
Үй жануарлары
Көрнекі құралдар
Суреттер, үй жануарларының пайдасын бейнелейтін иллюстрациялар, үлестірмелі материалдар

Мақсаты

Балалардың үй жануарлары туралы түсінігін кеңейту, олардың сыртқы келбетінің ерекшеліктерімен, мінез-құлқымен және тіршілік әрекетімен таныстыру. Сонымен қатар үй жануарларының адам өміріндегі пайдасын түсіндіру.

Сабақ құрылымы

Мотивациялық-қозғаушылық кезең (ұйымдастыру)

Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды:

Арым таза, ақ көңіл,

Адамдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет,

Адалдыққа сенемін.

Әрекет

Шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

1) Білімді өзектендіру

  • Ферма дегеніміз не?
  • Фермада қандай жануарларды ұстайды?

2) Үй жануарлары және олардың пайдасы

Ферма — үй жануарларын өсіріп, күтіп-бағатын шаруашылық орын. Үй жануарларын адам бағып-қағып, күтім жасайды.

Жануарлардың еті мен сүті, жұмыртқасы — азық. Ал жүні, терісі және мамығы тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға қолданылады.

Балалар педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды.

3) Билингвальды компонент

Сөздік

  • Үй жануары домашнее животное
  • Сиыр корова
  • Ешкі коза
  • Тауық курица

Мысал

Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

Балалар сөздерді қайталап айтады.

Төл атаулары

Түйенің төлі

ботақан

Қойдың төлі

қозы

Ешкінің төлі

лақ

Жылқының төлі

құлын

Сиырдың төлі

бұзау

Балалар төлдердің атауларын қайталап айтады.

4) Өлең оқу және сұрақ-жауап

Өлең (лақ туралы)

Шөре, шөре, лағым,

Секеңдеме, деміңді ал.

Тентек болма, шырағым,

Селтеңдетпе құлағың.

  • Өлең ненің төлі туралы?
  • Ешкінің қандай пайдасы бар?
Өлең (сиыр туралы)

Әукім-әукім, әукешім,

Сипайыншы әукесін.

Енең, міне, келеді,

Ақ мамасын береді.

  • Сиырдың қандай пайдасы бар?
  • Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?
  • Тауық қандай пайда әкеледі?

Тауықтың еті мен жұмыртқасы — тағам. Мамығынан жастық жасауға болады.

Бұзауды «әукім-әукім» деп шақырамыз. Сиырдың сүті мен еті — тағам. Сүтінен ірімшік, құрт, айран, май алады, ал терісі тұрмыстық бұйымдарға жаратылады.

Үй құстары мен үйде ұстайтын жануарлар — ит пен мысық та үй жануарларына жатады.

5) Динамикалық үзіліс

«Шип-шип, шөжелерім» әнін үнтаспадан тыңдап, балалар балапандар биін билейді.

6) Үлестірмелі материалдармен жұмыс

Педагог тапсырманың орындалу жолын түсіндіреді, үлестірмелі материалдармен жұмыс жүргізіледі.

7) Жеке жұмыс

Әр балаға жеке тапсырма беріліп, орындау барысында қолдау көрсетіледі.

Рефлексиялық-түзетушілік кезең

Сабақ сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындыланады:

  • Үй жануарларын атаңдар.
  • Неліктен адамдар жануарларға күтім жасайды?
  • Олардың қандай пайдасы бар?

Балалар педагогпен бірге сабақты қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже

Орындайды

Төрт түлікке байланысты берілген тапсырмаларды орындайды (мысалы: «ешкінің төлі — лақ», «бұзауды “әукім-әукім” деп шақырамыз»).

Түсінеді

Үй жануарларының адам өміріндегі маңызын және олардың пайдасын түсінеді.

Қолданады

Үй жануарлары туралы жалпы мәліметтерді оқу іс-әрекеттерінде қолданады.