Жауаптарын дәлелдеп тексеру

Сабақтың жоспары

Сабақ құрылымы кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, оқушының білімін еске түсіруден бастап қолдануға дейін жеткізеді.

  1. 1 Ұйымдастыру бөлімі
  2. 2 Ой толғау сәті (сұрақ–жауап)
  3. 3 Кім тапқыр?
  4. 4 Кім шапшаң?
  5. 5 Біліміңді тексер
  6. 6 Ойлан, тап!
  7. 7 Қорытындылау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

2 минут

Сыныпты ретке келтіру, кезекшімен жұмыс. «Көтеріңкі көңіл күй» тренингі: әр оқушы берілген қасиеттердің ішінен қазіргі сәтте өз бойында бар қасиетті атап, сыныптастарына бүгінгі сабаққа тілек айтады.

Берілген қасиеттер

  • Өмірге риза болу
  • Ұқыптылық
  • Кеңпейілділік
  • Өзбетінділік
  • Ұжымдық
  • Қарапайымдылық
  • Бауырмалдық
  • Сыпайылық
  • Төзімділік
  • Сабырлық
  • Әділдік
  • Ашықтық
  • Шыншылдық
  • Өзіне сенімділік
  • Ақылдылық
  • Сапалылық
  • Тіл табысушылық
  • Батылдық
  • Тұрақтылық
  • Еңбекқорлық

II. Үй жұмысын тексеру

8 минут

Теңдеулерді шешіп, жауаптарын дәлелдеп тексеру.

Теңдеу Түбірлері
1 x² + x − 12 = 0 3 және −4
2 x² − 12x − 45 = 0 −3 және 15
3 y² + 8y + 15 = 0 −3 және −5
4 y² − 5y + 6 = 0 2 және 3

III. Жаңа сабақ

20 минут

Біз квадрат теңдеуді шешуді және есептер шығаруда формулаларды қолдануды білеміз. Бүгін мақсатымыз — алдыңғы сабақтарда алған білімімізді жүйелеп, практикада көрсету.

1-кезең. Ой толғау

әр сұрақ: 1 ұпай
  • Квадрат түбірдің анықтамасы қандай?
  • Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады?
  • Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
  • Виет теоремасын кім айтады және жазады?

2-кезең. Кім тапқыр?

әр жауап: 2 ұпай

Қысқа әрі дәл жауап беру арқылы теорияны жылдам еске түсіру және қолдану.

3-кезең. Кім шапшаң?

әр есеп: 5 ұпай

Оқулықпен жұмыс: № 363 (79-бет, а–ж).

С деңгейі: 6 ұпай.

4-кезең. Ойлан, тап!

Есептерді теңдеу құру арқылы шығару.

1-қатар

Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің бірі гипотенузадан 3 см кем, ал екіншісі 6 см кем. Гипотенузаны табыңдар.

2-қатар

Кинотеатрдағы бір қатардағы орын саны қатарлар санынан 8-ге артық. Егер кинотеатрда барлығы 884 орын болса, қатарлар санын табыңдар.

3-қатар

Біреуі екіншісінен 6-ға артық екі натурал санның көбейтіндісі 187-ге тең. Осы сандарды табыңдар.

D деңгейі: келесі кезең тапсырмаларымен жалғасады.

5-кезең. Біліміңді тексер

6 ұпай

Теңдеулерді түбірлерін іріктеп алу тәсілімен шешіңдер:

  • A) x² − x − 12 = 0
  • B) x² + 16x + 63 = 0
  • C) x² + 2x − 48 = 0

IV. Сабақты бекіту

3 минут

Негізгі тәсілдерді қысқаша қайталау, қиындық туғызған тұстарды нақтылау және есеп шығару алгоритмін бекіту.

V. Сабақты қорытындылау

5 минут

«Бес жол өлең» стратегиясы

Зат есім (Не?)
Теңдеу
Сын есім (Қандай?)
Квадрат теңдеу
Етістік (Не істейді?)
Квадрат теңдеу шешіледі
Синоним
Белгісізі бар өрнек, теңдеу
Сөйлем
ax² + bx + c = 0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.

Рефлексия

2 минут

A) Сабақтағы жұмыс қарқыны

  • Жеңіл болды
  • Бірқалыпты болды
  • Қиын болды

Ә) Материалды меңгеру деңгейі

  • Толық меңгердім, қолдана аламын
  • Меңгердім, бірақ қолдана алмаймын
  • Аздап меңгердім

Б) Ұнаған кезең

Бүгінгі сабақта қай кезең ерекше ұнады? (Кезеңнің атауын жазыңдар.)

Жауап: ______________________

Үй тапсырмасы

Есептер

№ 365, 80-бет.

Шығармашылық тапсырма

«Квадрат» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

Бағалау

Оқушылардың бағасы үй тапсырмасын орындауы және сабақ барысында белсенді қатысып, практикалық жұмыстарда жинаған ұпайлары бойынша қойылады.