Құрметті қонақтар, қымбатты балалар
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні
Балаларды қорғау — әрбір сәбидің тыныштығын сақтау, тәтті ұйқысын бөлмеу, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұл күн — балалық шақтың шаттығын, мейірім мен қамқорлықты дәріптейтін мереке.
Өлең жолдары
Арманы бір, үні бір,
Аға — ардақты, іні — гүл.
Бақыт туын көтерген —
Балалардың күні бұл.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе — бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп-сүйкімді періштелер — сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін?
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
Мақсаты
- Балаларды қорғау күні туралы түсініктерін бекіту.
- Ойын-сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру.
- Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін дамытуға, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізушінің құттықтауы
Құрметті қонақтар, ата-аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 маусым — Балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, ал сәбилерге бақытты балалық шақ пен әрдайым сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамсын! Алаңсыз балғын шақтың шуағын алып жүрген балаларды құшақ жая қарсы аламыз.
Маңызды дерек
1950 жылдан бастап
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтеді.
Баланың құқығы — заңмен қорғалған
Қазақстан Республикасында әр бала мемлекет тарапынан балабақша мен мектепте тегін тәрбие мен білім алуға құқылы.
«Мен өмірдің гүлімін» мерекелік шарасы
Бәйтерек балабақшасында Балаларды қорғау күніне арналған «Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік ертеңгілік өтеді. Шара барысында қонақтарға сөз беріліп, балалар ән айтып, би билеп, ойындарға қатысады.
Қонақтарға сөз
- Мерекеге құттықтап келген қонаққа сөз беру.
- Ертеңгілікті ашу және мерекелік лебіз айту үшін балабақша меңгерушісіне сөз беру.
Ән, би және шағын диалогтар
Әсем әнге шақыру
«Би билеп, ән де бүгін шырқалар» — тәрбиеші мен бүлдіршіндердің диалогы әуезді әнмен өріліп, көрерменге ұсынылады.
Домбыра биі
Өнері өрілген, биіктен көрінген бүлдіршін бишілер «Домбыра биін» билеп, мерекенің сәнін арттырады.
Ән: «Туған өлке»
Келесі кезек — әсем әнге. Балабақшаның өнерлі тәрбиеленушісі Ақылбек «Туған өлке» әнін орындайды.
Ойындар мен кейіпкерлер
Балалардың мерекесі — жер бетіндегі достық мерекесі. Көңілді сайқымазақтар, шетелден келген қонақтар, ертегі кейіпкерлері балалармен бірге ойын ойнап, шаттық сыйлайды.
Ойын: «Кім жылдам?»
Үстел үстіндегі ыдыстағы суды түтікшемен ішіп тауысу. Ойынға әр топтан 5 бала қатысады.
Ойын: «Тәттіні тасымалдау»
Қолды артқа қойып, үстел үстіндегі кәмпиттерді ауызбен тасымалдау.
Ойын: «Кім мықты?»
Алдарындағы гүлдер мен доптарды бөліп, екі себетке дұрыс орналастыру.
Қонақтар мен құттықтаулар
Джек: Hello, children! Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі Балаларды қорғау күні құтты болсын. Рұқсат болса, біз де сендермен бірге мерекені тойлайық.
Дара: Hello, children. How are you? I came here to celebrate with Children’s Day. I wish you happiness and an open sky.
Қызыл телпек: Здравствуйте, ребята. Я пришла вас поздравить. Желаю вам крепкого здоровья и счастливого детства!
Кейіпкерлер: сайқымазақтар, Аю мен Қоян, Қызыл телпек, сондай-ақ алыстан келген қонақтар мерекеге ерекше әр береді.
Билер легі
«Чунга-Чанга»
Африка елінен келген қонақтарды қарсы алып, көңілді би орындалады.
«Томпақ»
Томпақпен бірге балалар ортаға шығып, би билеп, мерекелік көңіл-күйді күшейтеді.
Қорытынды
Ән көмейден құйылып, шаттық орнаған бұл күн — жүректерге жылу сыйлайтын мереке. Аспанымыз әрдайым ашық, болашағымыз жарқын болсын. «Біз өмірдің гүліміз» атты мерекелік іс-шара осымен аяқталады.
Соңында барлық балалар «Ай, будет круто» биіне шақырылады.
Тілек
Жаз да келді көңілді, гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі — балалары әндеткен.
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің — балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.