Барқытбел туристік компаниясының ұйымдастырушылары
Шығыс Қазақстан облысы · Тарбағатай ауданы · Үштөбе ауылы
Өкпеті орта мектебі · Технология пәні мұғалімі: Башахов Болат Орынғазыұлы
Сабақтың тақырыбы
Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды экономиканың негізгі ұғымдарымен таныстыру және оларды өмірде қолдана білуге үйрету.
- Әртүрлі кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыра білуге баулу, ұжыммен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
- Өзіндік ізденіске, іскерлікке, шеберлікке, тапқырлыққа, үнемділікке және өзара жолдастық көмекке тәрбиелеу.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Топтарға бөлу
- 1-топ: «Барқытбел» туристік фирмасы
- 2-топ: жарнамалау агенттігі
«Барқытбел» туристік компаниясының ұйымдастырушылары
- Кәсіпорын президенті
- Маркетинг саласының жетекшісі
- Кәсіпорын менеджері
- Кәсіпорын вице-президенті
Жарнамалау агенттігінің қатысушылары
- Атқарушы директор
- Менеджер
Қосымша рөл
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы
II. Үй тапсырмасы
1-тапсырма: мамандықтарды 5 типке бөлу
Берілген мамандықтарды төмендегі 5 тип бойынша жіктеңіз.
1) Адам – табиғат
Табиғат нысандарымен жұмыс
2) Адам – техника
Құрылғы, механизм, өндіріс
3) Адам – адам
Қарым-қатынас, қызмет көрсету
4) Адам – белгілер жүйесі
Тіл, есеп, код, құжат
5) Адам – көркем бейне
Өнер, дизайн, шығармашылық
2-тапсырма: қасиеттерді мамандықпен сәйкестендіру
Төмендегі кестеде мамандықтарға сәйкес келетін маңызды қасиеттер берілген. Сәйкестікті талқылап, дәлелдеңіз.
| Мамандық | Қасиет |
|---|---|
| Жүргізуші | Әділдік |
| Программист | Мейірімділік |
| Аспаз | Есте сақтау |
| Жаттықтырушы | Қырағылық |
| Дәрігер | Дарындылық |
| Мұғалім | Шығармашылық |
| Журналист | Көру |
| Заң қызметкері | Иіс сезу |
| Музыкант | Шыдамдылық |
| Фотограф | Табандылық |
| Бухгалтер | Талапшылдық |
| Күзетші | Тапқырлық |
Ескерту: сәйкестендіру тапсырмасы талқылауға арналған. Жауаптарыңызды дәлелдермен бекітіңіз.
3-тапсырма: тест
-
Жер бетінде қанша мамандық түрі бар?
- а) 30000
- б) 32000
- в) 34000
-
Мамандықтар неше типке бөлінеді?
- а) 2
- б) 3
- в) 5
-
Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіруі керек?
- а) тәрбиелік
- б) шешім қабылдағыш
- в) барлығы дұрыс
-
Мамандық меңгерген адамды қалай атайды?
- а) маман
- б) мамандық
- в) кәсіпкер
-
Мұғалім, дәрігер, тәрбиеші қандай типке жатады?
- а) Адам – техника
- б) Адам – адам
- в) Адам – белгілер жүйесі
-
Адам – табиғатқа жататын мамандық түрі?
- а) ұста
- б) тігінші
- в) агроном
-
Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне қажет?
- а) суретші
- б) сатушы
- в) музыкант
-
Малшыға қандай талап қойылады?
- а) шебер
- б) күш иесі
- в) шыдамды
-
Келісім сауда және биржалық келісім жасағанда арада жүретін адам кім?
- а) дилер
- б) маклер
- в) брокер
-
Мамандық таңдауда қандай әдеттерден аулақ болу керек?
- а) үстірт қарау
- б) әлсіздік
- в) бәрі дұрыс
III. Жаңа сабақ: шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Бүгін біз шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тәсілдерімен және бизнес бастамасымен танысамыз. «Бизнес» сөзі ағылшын тілінен аударғанда кәсіпкерлік, сауда-саттық дегенді білдіреді.
Негізгі ұғым
Бизнес — пайда табуға бағытталған әрекет, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің немесе фирманың іскерлік қызметі. Ол адамның табиғи қабілетіне, біліміне сүйеніп, белгілі бір істен кіріс табуға, материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуге, әрі қоғамға пайда келтіруге мүмкіндік береді.
Бизнесті ұйымдастырудың негізгі үш түрі
1) Жеке меншік
Иесі — бір адам немесе бір отбасы. Бұл кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым әрі шығыны аз түрі.
2) Серіктестік
Екі немесе одан да көп ортақтас иесі болады. Серіктестік қосымша қаржы көздерін ашып, әр адамның идеясын және талантын ортақ іске біріктіруге мүмкіндік береді.
3) Корпорация
Тіркеуден өткенін растайтын ресми құжаты бар кәсіпорын түрі. Меншік құқығы акциялар арқылы бөлінеді, иелері акция ұстаушылар деп аталады.
Сабақтың фокусы
Бұл сабақта біз бизнестің серіктестік түрін ұйымдастыру үлгісіне сүйенеміз.
Рөлдік бөлім: басқарма басшысының сөзі
Қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті дамыту және қолдау жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде ауданымызда да көптеген шағын бизнес орталықтары ашылуда.
Бүгін біз «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының қолдауымен құрылған «Барқытбел» туристік компаниясының серіктестік негізде жұмысын таныстырамыз. Ендеше, компания ұйымдастырушыларына сөз берейік.
Рөлдік бөлім: жарнама агенттігінің кіріспесі
Бүгін біз жаңадан ашылған «Барқытбел» туристік компаниясының шақыруымен келіп отырмыз. Бастаған жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз және компания қызметі туралы толығырақ білгіміз келеді.
Агенттік тәжірибесі
Біздің жарнамалау агенттігі Қазақстан Республикасында шығарылған өнімдер мен қызмет көрсету саласының бірнеше бағытын жарнамалаған танымал агенттіктердің бірі. Мысалы, «Барлық-Арасан» сауықтыру орнын, Ақсуат минералды суларын және басқа да жобаларды жарнамаладық.