Қыз сұлу көрінеді білімімен Сабақтың үлгісі
Сабақтар тізімі
-
1
Аталар жолымен
Ата мен немере сайысы
-
2
Дені саудың – жаны сау
-
3
Қыз сұлу көрінеді білімімен
Сабақтың үлгісі
Тәрбие сағатының тақырыбы
«Қыз сұлу көрінеді білімімен»
Мақсаты
- Өзін-өзі таныстыра білуге үйрету.
- Мақал-мәтелдерді және өлеңдерді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
- Әдептілікке, сыпайылыққа, кішіпейілділікке баулу; өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
- Ойлау, есте сақтау қабілетін, қиялын, тілін дамыту.
Көрнекілігі
- Нақыл сөздер
- Үлестірмелі қиындылар
- Гүлдер
- Плакат
- Шарлар
Кіріспе сөз
1-жүргізуші
Қайырлы күн, қадірлі қонақтар мен ұстаздар! «Қыз өссе — елдің көркі» байқауына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,
Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар, бір сыр бермеген.
Қызғалдақтарым, қарлығаштарым,
Жаза алмай жүрген жалын дастаным.
Жанартау болып жарылды кеудем,
Жүректің әлди әнін бастадым.
1-жүргізуші
Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын да, ән шығармаған сазгер де жоқ. Ендеше, біз де сыныптас достарымызға лайық ықылас-ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарды ортаға шақырайық.
Байқау кезеңдері
- 1 Таныстыру
- 2 Өнер көрсету
- 3 Он саусағынан өнер тамған
- 4 Сұрақ-жауап
- 5 Тамақ әзірлеу
- 6 Шаш үлгісін жасау
- 7 Қорытынды
Әділқазылар алқасы
2-жүргізуші
Енді бүгінгі байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1-жүргізуші
Арулар келіп жетті танысуға.