Біздер жер бетіне жеңіс туын тіктік
«Ерлігі ұмытылмас ерлер» атты салтанатты кеш
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған әдеби-сазды кеш «Мәңгілік ұмытылмас Ұлы Жеңіс!» тақырыбына арналды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу, ұлттық патриоттық сезімді қалыптастыру, ел мен жерді қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу, сондай-ақ Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру.
Өтетін орны
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі
Бағыты
Патриоттық тәрбие, тарихи жады, бейбітшілік құндылығы
Қатысушылар
- І жүргізуші: Төлеу Жаңалық
- ІІ жүргізуші: Мұздақова Сымбат
- Қазақ биі: Сұлтан
Кештің ашылуы
Жүргізушілердің құттықтауы
І жүргізуші: Қамықпаған қиындықтың түгінен, өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ — бақытты ұрпақ атынан құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
І жүргізуші: Қадірлі, қымбатты қонақтар! Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
ІІ жүргізуші: Бүгін біз соғыстың азап пен қан төгіс екенін еске түсіре отырып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, жауынгерлер мен офицерлердің рухына тағзым етеміз. Сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлігі ұмытылмас ерлер» атты әдеби-сазды кешімізді ұсынамыз.
1 минут үнсіздік
Дәл осынау жадыраңқы жай күні, болса дағы қай ғасырдың қай жылы — Ұлы Отаным басын иіп бір минут, есіне алмақ сол бір апат қайғыны. (1 минут үнсіздік жарияланады.)
Тарихқа шолу: соғыстың басталуы
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында герман әскері батыс шекараларға ене бастады. Ең алдымен жаудың шабуылына ұшырағандар — батыс шекарашылар. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адамзат тарихында болмаған алапат соғыс басталды.
Музыкалық фон
ІІ жүргізуші: «Священная война» әні орындалып тұрады. Сол күні жау тек тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ — бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырдағы қойшы таяғын винтовкаға айырбастады, диханшы трактордан түсіп танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды.
Жаудың жүздеген дивизиясы біздің елге баса көктеп кірді. Гитлер «қыс түскенше Мәскеуді алып, жер бетінен жойып жіберу керек» деп мәлімдеді. Осы тұста «Отан-Ана шақырады!» ұранымен бүкіл кеңес халқы майданға аттанды.
Сахналық көрініс: бір топ әскерлер өтеді.
Өлең жолдары: ерлікке тағзым
Еске алып туған жер, ана жарын,
Биік ұстап абырой, намыс, арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар,
Кеудесінен ұрса да отты жалын.
Батырлықтың қашанда тұрағы — елі,
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.
Қазақтың қаһарман қыздары: Әлия мен Мәншүк
Әлия мен Мәншүк — қазақтың қайсар қыздары. Олардың ерлігі — ұрпаққа үлгі, бейбітшіліктің мәңгілік құнының белгісі. Мәңгілік от ескерткішінің алауы олардың жүрегіндей болып жанып тұр.
Көрініс
«Әлия мен Мәншүк» көрінісі.
Орындаушылар: Ормағанбетова Гүлдана, Маратова Меруерт.
Жеңіс жыры және рухани серпіліс
Жер жүзіне нұр шашып Жеңіс күні келді. Қара тұман сейіліп, зұлымдықтың түні артта қалды. Соғыс аяқталды — енді жақсылықты аспандата жырлайтын күн туды.
Хор
«Ел қорғауға әзірміз!»
Ер есімі — ел есінде
Баяндамалық бөлім
Меруерт: Ідіріс Үргенішбаевтың өмірбаяны.
Оқушылардың орындауы
Оқушылар тақпақтары.
Батыр ұлдардың есімі сақталады, жыр болып жүректерде жатталады. Ғасырдан ғасырға аңыз болып жетіп, ұрпағы мәңгі мақтанады.
Жеңіс күні: тарихи дерек және мағына
Жеңіс күні — адамзат аңсап күткен күн. 1945 жылғы 9 мамыр — азаттық күрестің айбынды белесі. 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам аттанды. Деректер бойынша, олардың жартысы ғана аман оралған, қалғандары ұрыс даласында қаза тапты. Олар бізге «Жеңіс» атты қасиетті ұғымды аманат етті.
Жүргізушілердің ой түйіні
- Бұл күн — бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.
- Бұл күн — фашизмді жеңген қаһарман халықтың мерекесі.
- Бұл күн — қуаныш үшін өмірін қиған боздақтарды еске алу күні.
- Бұл күн — отбасына оралмаған ерлерді сағынышпен еске түсіретін күн.
- Бұл күн — әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.
- Бұл күн — кейінгі ұрпақ бейбіт даму жолын жалғастырып жатқан күн.
Музыка, би және сахналық бөлімдер
Ән
«Мәншүк» әні.
Орындайтын: Ормағанбетова Гүлдана.
Би
Украин биі.
Музыкалық фон және шеру
«День Победы» әні орындалып тұрады. Соғыстан қайтқан солдаттардың шеруі өтеді.
Қорытынды: бейбітшілікке аманат
Табиғат заңына бағынбасқа шара жоқ. Бүгінде сұрапыл соғыста жан аямай ел тәуелсіздігін сақтап қалған сарбаздардың ұрпақтары — біздер аталарымыз бен әкелеріміздің рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз.
1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры әр адамның жадында мәңгі сақталады. Тыныштық тулары биікке самғасын, тыныштық ұраны қиырды шарласын.
Алғыс сөз
Бүгінгі кешімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!
Тыныштық тулары биікке самғасын. Тыныштық ұраны қиырды шарласын.
Соңы