Поэманың негізгі идеясын ашу

Сабақтың мақсаты

«Мен — қазақпын» поэмасының мазмұнын түсіну, шығарманы бүгінгі өмірмен байланыстыру және оқушыларды өз көзқарасын қалыптастырып, пікірін дәлелді түрде қорғауға бағыттау.

Нақты міндеттер

  • Поэманың негізгі идеясын ашу.
  • Поэма желісіндегі тұлғаларға тоқталу.
  • Поэмадағы астарлы ойды топтық және жұптық жұмыстар арқылы айқындау.
  • Тақырыпты өз бетінше ашуға ықпал ету.

Оқу нәтижелері (сараланған мақсаттар)

Барлық оқушылар

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды және тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі

Тақырыптың маңызын дәлелдер келтіре отырып түсіндіріп бере алады.

Кейбір оқушылар

Білімін сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстарды қосымша пайдалана алады.