Еуразияның климат картасын түсіру
Сабақ туралы
Тақырыбы
Еуразия материгінің климаты.
Сабақ түрі
Географиялық-таным сабағы.
Сабақ әдісі
Ой қозғау арқылы сұрақ-жауап, карта және слайдтармен талдау.
Көрнекіліктер
- Дүние жүзінің физикалық картасы
- Слайдтар
- Еуразияның климаттық картасы
Мақсаттар
Білімдік мақсат
Ең үлкен материк — Еуразияның климат жағдайлары мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсат
Табиғат құбылыстарын танып-білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсат
Картамен сауатты жұмыс істеу, шығармашылық ізденіс, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың құрылымы
-
I. Ұйымдастыру
КіріспеҚайталап еске түсіру сәті арқылы білімді белсендіру.
-
II. Жаңа тақырыпты талдау
Карта + слайдКарта мен атластарды пайдаланып, слайдтар көмегімен Еуразия климатының негізгі заңдылықтарын талдау.
-
III. Сергіту сәті
Географиялық диктант«Қай климаттық белдеу?» тапсырмасы арқылы жылдам қайталау.
-
IV. Шығармашылық топтық жұмыс
Жоспармен сипаттамаКартаны пайдалана отырып, бір климаттық белдеуге жоспар бойынша сипаттама беру.
-
V. Кескін картамен жұмыс
ПрактикаЕуразияның климат картасын кескін картаға түсіру.
-
VI. Қорытындылау
ТалқылауКлиматтың адам өмірі мен шаруашылыққа әсерін жинақтау.
-
VII. Үй тапсырмасы
§ 18–19Оқулық: §18–19 оқу, негізгі ұғымдарды қайталау.
Қайталау сұрақтары (ой қозғау)
- Ауа райы және климат дегеніміз не?
- Климатты қалыптастыратын факторларға не жатады?
- Еуразияда неше климаттық белдеу бар?
- Бір климаттық белдеудің барлық бөлігінде климат бірдей бола ма? Неліктен?
Шектік көрсеткіштерді анықтау
- Ең жоғары температура
- Ең төменгі температура
Жауын-шашын шектері
- Ең мол жауын-шашын
- Ең аз жауын-шашын
Салыстыру сұрағы
Қай дүние бөлігінің климаты қатал? Себебін түсіндіріңіз.
«Бұл қай белдеуде?» — географиялық диктант
- Үндістан және Үндіқытай түбектері орналасқан.
- Булануы аз, батпақты жерлер көп.
- Жыл бойы температура +24°C-тан төмен түспейді.
- Жауын-шашын қар түрінде түседі.
- Жерорта теңізінің әсері байқалады.
- Ең аумақты климаттық белдеу.
- Исландия аралынан басталады.
- Дүние жүзінде жауын-шашын ең мол түсетін белдеулердің бірі.
- Жауын-шашын мөлшері 50–200 мм аралығында.
Негізгі ұғым
Изотерма — климаттық картада температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық.
Климаттық белдеуді сипаттау жоспары
Топтық жұмыс барысында бір климаттық белдеуді төмендегі жоспар бойынша сипаттаңыз:
1) Географиялық орны
Материктегі орналасуы, шекарасы, көрші белдеулер.
2) Климат ерекшелігі
Температура режимі, маусымдық өзгеріс.
3) Ауа массалары
Әсер ететін негізгі ауа массалары мен желдер.
4) Қаңтар және шілде изотермалары
Карта бойынша мәндерін анықтап, салыстыру.
5) Жауын-шашын мөлшері
Жылдық мөлшер, таралуы және маусымдық айырмашылықтары.
Практикалық талдау
Калькутта және Улан-Батор
Екі қаланың температура және жауын-шашын диаграммаларын салыстырып, климаттың айырмашылықтарын анықтаңыз:
- Жылдық температура амплитудасы
- Жауын-шашынның маусымдық таралуы
- Қай климаттық факторлар басым әсер етеді (мұхиттық ықпал, құрлықтылық, муссон)
Қорытынды: климаттың адам өмірі мен шаруашылыққа әсері
Ауыл шаруашылығына ықпалы
Ауыл шаруашылығын дамытуға материктің солтүстігі мен солтүстік-шығысында жазда жылудың жетіспеуі және мәңгі тоң кедергі келтіреді. Ал ішкі аудандарда ылғал тапшылығы өнімділікті төмендетеді.
Қоңыржай белдеу
Негізінен дәнді дақылдар (бидай, жүгері), қант қызылшасы, алма, жүзім өсіріледі.
Оңтүстіктің жылы аймақтары
Суғаруды қажет ететін егіншілік дамыған: мақта мен күріш егіледі.
Субтропик (Жерорта теңізі маңы)
Цитрустар, зәйтүн, жеміс ағаштарын өсіруге қолайлы.
Муссонды климат (Шығыс және Оңтүстік)
Күріш, мақта, шай, қант құрағы, кофе, банан, ананас және тропиктік дақылдар өсіріледі.
Тұрғын үй және қоныстану ерекшелігі
Адамдар тұрғын үйлерді салуда климаттық жағдайларды ескереді: Сібірдің қатты аязды аймақтарында терезелер көбіне үш қабатты болады, ал оңтүстікте үйлердің қабырғалары бамбук сияқты жеңіл материалдардан тұрғызылуы мүмкін.
Жауын-шашын мол түсетін Еуропада шатырлар тік әрі үшкірлеу келеді, ал шөлді аймақтарда төбелер тегіс, жадағай болып жасалады. Күшті желдер мен құм көшкіндерінен қорғану үшін орман алқаптары отырғызылады.
Денсаулық, демалыс және табиғатты қорғау
Климаты қолайлы әрі табиғаты көркем аймақтар адамдардың денсаулығын нығайтуға, емдік-сауықтыру мақсаттарына пайдаланылады. Сонымен қатар табиғатты қорғау шараларын жоспарлауда жергілікті климаттың ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет.
Қолайсыз құбылыстар
Климаттың пайдасымен қатар, қауіп-қатері де бар. Мысалы:
- тайфундар
- муссондық нөсер жаңбырлар
- су тасқындары
- сел жүруі
- құмды борандар
- қуаңшылық
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Сабақтағы белсенділік, карта мен диаграмманы талдау сапасы, топтық жұмыстағы үлес бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма
Оқулық: § 18–19. Негізгі ұғымдарды қайталау және бір климаттық белдеу бойынша қысқаша жоспарлы сипаттама дайындау.