Жат өлке мен туған өлкенің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру

Сабақтың тақырыбы

Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың жаңа білімді өздігінен игеруі арқылы адам психологиясындағы ішкі сезім толғаныстарын суреттеудегі жазушы шеберлігін таныту.
  • Шығармада ана тілінің бай қазынасын жазушының шебер қолданғанын түсіндіру.
  • Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін ашу.

Күтілетін нәтиже

  • Тақырып мазмұнын түсіну арқылы психологиялық сенім қалыптасады.
  • Сыни ойлау арқылы танымдық қабілеттері дамып, шығармашылық дағды қалыптасады.
  • Оқушылар өз білім деңгейін өздері бағалай алады.

Сілтемелер

  1. Әдістемелік нұсқаулық.
  2. Оқулық (8-сынып). Алматы: «Арман–ПВ», 2016.
  3. Интернет материалдары.

7 модульдің қолданылуы

АКТ Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Оқытуды басқару және көшбасшылық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • «Миға шабуыл»
  • «Рөлдегі оқушылар»
  • «Фишбоун»
  • Академиялық дау-дамай
  • Салыстыру кестесі
  • БҮҮ кестесі

Қолданылатын ресурстар

Интербелсенді тақта

Көрнекілік, музыка, бейнематериал.

Флипчарт

Топтық жұмыс нәтижесін рәсімдеу.

Маркерлер, стикерлер

Идеяларды белгілеу және жинақтау.

Ноутбук

Ақпарат іздеу және таныстырылым.

Ұйымдастыру кезеңі

1) Психологиялық орта қалыптастыру

Интербелсенді тақтадан Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып, туған жер, туған ел және табиғат көріністері көрсетіледі.

2) Ән және топқа бөлу

«Қаздар қайтып барады» әні орындалады. Оқушылар ән шумақтары бойынша 3 топқа бөлінеді.

Сабақ кезеңдері

Білім Миға шабуыл

Сұрақ-жауап арқылы диалог

Мұғалім: үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеріп, диалог ұйымдастырады.

Оқушылар: слайдта берілген сұрақтарға жауап беріп, топпен тапсырма орындайды; өткен тақырыптар бойынша білімін көрсетеді.

Түсіну Рөлдегі оқушылар + Фишбоун

І тапсырма: «Қандастарымыздың басқа елге көшуі»

Топтық рөлдер

  • 1-топ — баяндаушы
  • 2-топ — зерттеуші
  • 3-топ — тарихшы

Баяндаушы: әңгіменің мазмұнын баяндайды.

Зерттеуші: әңгіменің құрылымына талдау жасайды.

Тарихшы: «балық қаңқасы» тәсілімен талдап, қорытынды шығарады.

Оқушылар ғаламторды пайдаланып, қандастардың өзге елге көшу себептері мен дәйектерін келтіріп, тақтада қорғайды.

Талдау Салыстыру

Салыстыру тапсырмалары

  • 1-топ

    Жат өлке мен туған өлкенің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

  • 2-топ

    Байтас қарттың өмірін бүгінгі оралмандардың өмірімен байланыстырып, салыстыру.

  • 3-топ

    Байтас қарт, жазушы және қаздар арасындағы байланысты анықтап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.

Әр топқа салыстыру парағы таратылады. Нәтижелері тақтада таныстырылады.

Қолдану Академиялық дау-дамай

Пікірталас тақырыбы

«Әңгіме кейіпкері арманына жетті ме?»

Сабақты толық меңгерту мақсатында топтар арасында пікірталас ұйымдастырылады. Оқушылар конвертке салынған сұрақтар арқылы өз пікірін дәлелдеп, нақты жауап береді және тапсырманы тақтада қорғайды.

Сергіту сәті Қара жорға

Қозғалыс арқылы сергіту

Интербелсенді тақтадағы бейнероликке сүйене отырып, «Қара жорға» би қимылдары орындалады.

Жинақтау БҮҮ кестесі

Тарау бойынша қорытынды жұмыс

  • 1-топ

    Тақырып бойынша БҮҮ кестесін толтыру.

  • 2-топ

    Әңгіменің құрылымына талдау жасау.

  • 3-топ

    Байтас қартқа хат жазу.

Әр топ өз ойларын жинақтап, ортаға шығып оқиды.

Бағалау Бағдаршам · Басбармақ · Сауалнама

Бағалауды басқару

Мұғалім жауаптарды қабылдап, бағыт-бағдар береді. Тапсырмалар қажет болған жағдайда дәптерге орындатылады.

Оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі және топты бағалап, қорытынды пікірін айтады.

Рефлексия Смайликтер диаграммасы

Кері байланыс

Интерактивті тақтада «Смайликтер диаграммасы» арқылы сабақ бойынша кері байланыс жасалады.

Үй тапсырмасы

«Туған жер — алтын бесігің» тақырыбына эссе жазу.

Құжат туралы мәлімет

Мектеп

№3 Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектеп

Пән мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дуржанова Бибисара Қалиасқарқызы

Құжат түрі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары