Дауысты дыбыстардың түрлеріне жіктеу

Сабақ тақырыбы: Фонетика. Дауысты дыбыстар. Сабақ түрі: ізденіс сабағы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы білімін толықтыру.
  • Дауысты дыбыстардың түрлерін меңгерту.
  • Мәтінмен және суретпен жұмыс жүргізу.
  • Ізденіс пен шығармашылық тапсырмалар орындау.

Дамытушылық

  • Ой-өрісті және қабілетті дамыту.
  • Сөздік қорды молайту.
  • Ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Мектепке, сыныпқа деген ізгі ниет қалыптастыру.
  • Пәнге қызығушылық пен сүйіспеншілік тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

  • Топтық жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Фонетикалық талдау
  • Сызбамен жұмыс
  • Шығармашылық жазба

Көрнекіліктер

  • Дауысты дыбыстарға арналған презентация.
  • Оқу бейнематериалдары (видео).
  • Кеспе қағаздар және суреттер жинағы.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушылардың көңіл-күйін сұрап, сабақты жағымды атмосферада бастайды. Одан кейін оқушыларды топқа бөлу үшін фигуралар ұсынылады. Әр фигура белгілі бір мінез-құлық ерекшелігін сипаттайды.

Шаршы

Ұйымдастырушы

Дәлдікке мән береді, бақылауға қатал, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, ұқыпты, тазалықты сүйеді. Табанды, еңбексүйгіш, эрудициясы жоғары; достары мен таныстары аздау болады.

Шеңбер

Қарым-қатынасқа жақын

Кең пейілді, шыдамды, эмоциялық әрі сезімтал. Әңгімелескенді ұнатады, өз көзқарасын дәлелдей алады. Көпшіл, мейірімді; достары мен таныстары көп.

Үшбұрыш

Көшбасшы

Өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, энергиясы жеткілікті. Жеңіске ұмтылады, сөз тапқыш, ортада белсенді. Жақын достары аздау болуы мүмкін.

Ромб

Ізденімпаз

Көңіл-күйі құбылмалы, жылдам, жаңа нәрсені білуге құштар. Кейде өзін-өзі бақылауы әлсіздеу болуы мүмкін, алайда ізденіске бейім.

Мұғалім: бүгінгі сабақта бірнеше сатыдан өтіп, барлығымызды білімнің биік шыңына шығуға шақырамын. Әр топ өз топбасшысын сайлайды. Топбасшылар белсенді қатысқан оқушыларды смайлик арқылы бағалап отырады.

ББҮ стратегиясы

Білемін

Алдыңғы білімді еске түсіру.

Білгім келеді

Жаңа сұрақтарды анықтау.

Үйрендім

Сабақ соңында қорытынды жасау.

II. «Бәйге» сұрақтары

  • 1) Фонетика нені зерттейді?

  • 2) Тіл дыбыстары қандай сөйлеу мүшелері арқылы жасалады?

  • 3) Үн мен салдырдың қатысына қарай тіл дыбыстары нешеге бөлінеді?

  • 4) Әліпби дегеніміз не?

  • 5) Араб әліпбиінен латын әліпбиіне қай жылы көшті?

  • 6) 1940 жылдан бастап қандай әліпби қолданылды?

  • 7) Әліпбидегі таңбалар қалай аталады?

  • 8) Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

  • 9) Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

  • 10) Тілдің қатысына қарай дауыстылар нешеге бөлінеді?

  • 11) Жақтың қатысына қарай дауыстылар нешеге бөлінеді?

  • 12) Ерін мен езудің қатысына қарай дауыстылар нешеге бөлінеді?

  • 13) Әліпбидегі әріптерді ретімен айтып шық.

  • 14) Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

  • 15) Әліпбидегі 8-әріпті ата.

  • 16) Қазақ тілінде неше әріп бар?

«Бәйге» сұрақтарынан кейін дауысты дыбыстар туралы білімді бекіту үшін бейнебаян көрсетіледі: «Дыбыс және әріп».

III. Фонетикалық талдау

Оқушылар 4 топқа бөлініп, әр топқа бір сөзден беріледі. Тапсырма: сөздерге фонетикалық талдау жасау.

Ақыл Барыс Мектеп Уақыт

IV. Сызбамен жұмыс

Қорапта әртүрлі суреттер беріледі. Әр сурет 3 данадан дайындалған. Суреттердің атауы дауысты дыбыстан басталады. Тапсырма: сурет атауының бірінші әрпі арқылы дауысты дыбыстарды түрлеріне жіктеп, үлкен сызбаға жапсыру.

Тілдің қатысына қарай

Жуан Жіңішке

Жақтың қатысына қарай

Ашық Қысаң

Ерін мен езудің қатысына қарай

Еріндік Езулік

V. Мақал-мәтелдермен жұмыс

Тапсырма: мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мәтінді қалпына келтіру. Қалпына келтірілген сөздердегі дауысты дыбыстарды түрлеріне қарай жіктеу.

I топ

  • Талап – талмас қанат.
  • Ашу – дұшпан, ақыл – дос. Ақылыңа ақыл қос.

II топ

  • Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені.
  • Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

III топ

  • Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады.
  • Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең.

IV топ

  • Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
  • Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.

VI. Шығармашылық жұмыс

Бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар «Қыс қызығы» тақырыбында ойтолғау жазады. Кейін «ыстық орындық» әдісімен шығармашылық жұмыстарын оқиды.

VII. Бекіту кезеңі

«Келісемін – келіспеймін» стратегиясы арқылы сабақ мазмұны қорытындыланады.

  • 1) Қазақ тілінде 42 әріп бар. Келісемін
  • 2) Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Келіспеймін
  • 3) «Әліпби» сөзі парсы тілінен шыққан. Келіспеймін
  • 4) Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді. Келіспеймін
  • 5) Ерін мен езудің қатысына қарай еріндік, езулік болып бөлінеді. Келісемін
  • 6) Қазақ тіліне тән 10 дыбыс бар. Келіспеймін
  • 7) Қазақ тілінде 10 дауысты дыбыс бар. Келіспеймін
  • 8) Дауысты дыбыстар дегеніміз — өкпеден шыққан ауа кедергісіз өтіп, тек үннен тұратын дыбыстар.

VIII. Үй тапсырмасы

242-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, көшіріп жазу.

IX. Бағалау және кері байланыс

  • Топбасшылар сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалайды.
  • Оқушылардың пікірлері тыңдалып, қорытынды жасалады.