Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Қашаған Құржыманұлы атындағы №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Бекмағанбетова Нұрсұлу Қосайқызы.

Сабақтың тақырыбы

«Аспанда да, жерде де — жолың болсын, жолаушы»

Көрнекіліктер

  • Бағдаршам макеті
  • Жол белгілерінің үлгілері
  • Слайдтар мен суреттер

Сабақтың мақсаты

  • Балаларды жолда жүру ережесіне сай бағдаршамның қызметімен таныстыру.
  • Жол ережесін мұқият сақтауға баулу және жауапкершілік сезімін дамыту.
  • Ситуация құру, сұрақ қою, жұмбақ шешу арқылы ой-өрісті дамыту, ережені саналы меңгерту.
  • Жол ережесін білуге, орындауға, есте сақтауға тәрбиелеу.

Кіріспе ой

Бағдаршам — өмірімізді қауіптен сақтандыратын маңызды көмекші. Қалада көліктер саны жылдан-жылға артып келеді, ал соған сай жол-көлік оқиғаларының қаупі де өсуде. Көп жағдайдың түпкі себебі — жол ережесін білмеу немесе ережені сақтамау.

Бұл тәрбие сағатында біз жол ережелерімен, жол белгілерінің мәнімен танысып, түрлі тапсырмалар арқылы қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын бекітеміз. Айта кету керек: жерде көлік қозғалысы болса, аспанда да ұшақтар ұшады — олардың да өз тәртібі, өз ережесі бар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Тыныштық сәті.
  • Өлең тыңдау және мазмұнын талқылау: ән жол, жолаушы, ұшақтар мен көліктер туралы.

Сабақ құрылымы

  1. Таныстыру
  2. «Талабыңа нұр жаусын!»
  3. Жол белгілері шеруі
  4. Жұмбақ шешу
  5. Жағдаяттардан шығу
  6. Шығармашылық жұмыс
  7. Көрініс

Топқа бөлу

1-топ: Бағдаршам

Қауіпсіздік

Менмін бағдаршам,
Жиі-жиі жанған шам.
Қызыл, сары, жасыл жанғанда,
Қарап қалма аспанға.

2-топ: Ала таяқ

Тәртіп

Жолда тұрам әрдайым,
Сермеп, бұрып жоғары.
Ұмытпай әркез жүргейсің,
Ала таяқ мен болам.

3-топ: Көліктер

Қозғалыс

Тыным таппай жүремін,
Қызмет жасап әрдайым.
Күндіз-түні қалада,
Көліктер тобы мен болам.

«Талабыңа нұр жаусын!» бөлімі

Нұрсұлу

Біз тұратын көшені
Байқар болсаң егер де,
Оны әбден болады
Әліппемен теңеуге.

Көшелерді көлбеген
Құпия әр бұрышы —
Ойлап көрсек, ол деген
Сабақтың ең дұрысы.

Альбина

Үлкен-кіші қала бар,
Ой жүгіртіп қарап ал.
Көше заңы тым қатты —
Сақ болыңдар, балалар!

Әмина

Қай көше, қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі — заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.