Дастарқанды жабдықтау және сулықтарды бүктеу
Ақтөбе қаласы
Технология пәні мұғалімі: Шангытбаева Гүльсим Нарымбетовна
Сабақ тақырыбы
Дастарқанды жабдықтау және сулықтарды бүктеу.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға сулықтың қажеттілігі туралы мәлімет беру және сулықты бүктеу тәсілдерін үйрету.
Білімділік
Дастарқанды дұрыс жабдықтауды меңгеру және сулық бүктеудің негізгі тәсілдерін үйрену.
Дамытушылық
Сулықты әртүрлі тәсілмен бүктету арқылы қызығушылықты арттыру, қол икемін және ойлау икемділігін дамыту.
Тәрбиелік
Тазалыққа, ұқыптылыққа және эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
Әдіс-тәсілдері
Аралас және сарамандық.
Көрнекіліктер
- Плакаттар, суреттер
- Сулықтардың түрлері, буклеттер
- Шай дастарқанына арналған ыдыс-аяқ
Назар аударатын ой
Дәмді тағамнан толық ләззат алу үшін дастарқан таза әрі дұрыс жабдықталуы керек; түстер мен өрнектердің үйлесімі де маңызды.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа даярлығын тексеру
2) Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты қайталау:
- 1. Көкөністің қандай түрлерін білесіңдер?
- 2. Осы көкөністер неше топқа бөлінеді?
- 3. Көкөніс топтарын атаңдар, оларға не жатады?
- 4. Тамыржемісті көкөністерге не жатады?
- 5. Жемістілерге не жатады?
- 6. Көкөністер не үшін қажет, олардан қандай тағамдар дайындауға болады?
- 7. Көкөністерді дастарқанға қоюға бола ма?
- 8. Дастарқанды қай кезде жабдықтайды?
Мұғалімнің бағыттаушы сұрақтары
Ыстық шай шөліңді қандырып, жаныңды жадыратып, бойыңды жылытып, сергітеді. Ендеше, шайды қалай демдейміз?
Кофені қалай дайындайды?
Бұл жұмыстардың барлығы қай жерде жүргізіледі?
Ас үй қандай болуы керек?
3) Жаңа сабақ
Дастарқан мәдениеті
Дастарқан дұрыс жабдықталып, адам еркін отыра алатын жағдайда ғана тағамнан толық ләззат алуға болады. Дастарқан әрдайым таза болуы тиіс.
Түс пен өрнек үйлесімі
Ыдыс-аяқ әшекейлі болса, бір түсті дастарқан таңдаған дұрыс. Ал сервиз бір түсті болса, дастарқанды бір түсті де, әшекейлі де етіп жаюға болады.
Өлшем талабы
Дастарқанды үстелге жайғанда шеттері 20–30 см төмен түсіп тұруы қажет.
Сулықты қашан қолданамыз?
Таңғы, түскі, кешкі ас кезінде, әртүрлі қабылдауларда, банкеттерде және арнайы қонақ күткенде дастарқан жабдықтауда сулық қолданылады.
Сөзжұмбақ: «Сулық»
Төмендегі анықтамаларға сәйкес сөздерді тауып, тақырыпқа қатысты жасырын сөзді анықтаңдар.
- 1. Үй жиһазы.
- 2. Нан және азық-түлік түрлерінен жасалатын тағам.
- 3. Ұлттық бас киім.
- 4. Ас ішетін құрал.
- 5. Көкөніс түрі.