Қыдыр ата идет

Сыныптан тыс шара: Наурыз мерекесі мектеп сахнасында

Өскемен қаласы, №26 орта мектеп КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Қабдуахитова Назым. Бұл сценарий мектеп сахнасында өтетін Наурыз мерекесіне арналған.

Сахналық көрініс

  • Сахна мерекеге сай безендіріледі.
  • Залда Роза Рымбаеваның орындауындағы Наурыз әні ойнап тұрады.
  • Фанфар үні естіліп, жүргізушілер сахнаға шығады.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Наурыз тойы — салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.

Жарқырап тұр күніміз,
Жайқалсын жас гүліміз,
Бақта бұлбұл сайрасын.
Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасын.

2-жүргізуші

Мы здесь сегодня собрались,
Чтоб встретить праздник — Наурыз!
Улыбки, шутки, звонкий смех
Пусть радуют сегодня всех!

Добрый день, дорогие ребята, уважаемые гости!
Мы приветствуем вас на праздновании древнего весеннего праздника Наурыз мейрамы!

Мерекелік би және құттықтаулар

«Наурыз-думан» әніне қойылған 3-сынып қыздарының орындауында Наурыз биі орындалады. Би соңында ұлттық киім киген балалар сахнаға шығып, бір-бірімен амандасып, төс қағыстырып, құттықтайды.

Оқушылардың тілектері:

  • Наурыз тойы құтты болсын!
  • Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
  • Бақ берсін, Қыдыр дарысын!
  • Төрт түлік ақты болсын!

Барлығы:

Наурыз құтты болсын!

Осы сәтте залдың екі жақ есігінен балалар сүйінші сұрап жүгіріп кіреді. Олардың соңынан Қыдыр ата келеді.

Балалар

Сүйінші! Сүйінші! Қыдыр ата келе жатыр! Қыдыр ата!
Радуйтесь! Радуйтесь! Қыдыр ата идет! Қыдыр ата!

Жүргізушілер

1-жүргізуші: Ұлыс күні қазан толса — ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса — олжалы жол болар.

2-жүргізуші: Дорогие ребята и гости праздника! Чтобы счастье и удача не покидали вас и ваш дом в новом году, издавна принято в этот день благословлять народ. Қыдыр ата — символ добра, удачи, счастья, благополучия и процветания. Қыдыр ата, дайте бата.

Қыдыр атаның батасы

Қыдыр ата:
Ассалаумағалейкүм, халқым менің!
Ұлыстың ұлы күні шаттан, елім!
Қол жайып алдарыңа келіп тұрмын,
Қабыл ал, Жаратқаным, батамды менің!

Ниеттерің ақ болсын!
Бастарыңа бақ қонсын!
Тыныш болсын еліміз!
Гүл жайнасын жеріміз!
Әумин!

Көрініс: «Жануарлардың жыл басына таласы»

Кіріспе диалог

2-жүргізуші: Сабина, а ты знаешь, как начиналось летоисчисление у мусульманского народа?
1-жүргізуші: Кажется, со споров домашних животных?!
2-жүргізуші: Да. Однажды верблюд, корова, лошадь, овца, петух, собака и даже мышка поспорили о том, кто должен стать началом года…
1-жүргізуші: Стоп-стоп-стоп! Максим, давай лучше посмотрим, как это было.

Ертегі желісі

Жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, тышқан және өзге жануарлар жыл басы болуға таласады. Әрқайсысы адамға пайдасын айтып, өз артықшылығын дәлелдеуге тырысады: жылқы — көлік әрі сүт-ет; түйе — ауыр жүк пен алыс жол; сиыр — сүттен жасалатын тағам; қой — жүн мен киіз; ит — күзет пен бақташылық; тауық — ерте тұрғызатын хабаршы.

Ақыры шешім табады: бәрі күншығысқа қарап тұрып, күнді кім бірінші көрсе — сол жыл басы болады. Түйе бойым ұзын деп сенеді. Бірақ түнде бәрі қалғып кеткенде, тышқан ұйықтамай, түйенің өркешіне шығып, күнді бірінші болып көреді. Сондықтан жыл басы — Тышқан болыпты.

Таким образом, все животные стали ждать рассвета, и каждый хотел увидеть солнце первым. Но дневные бурные споры, утомляющие сумерки и тяжесть ночи сморили всех. Только мышка беспокоилась из-за своего роста — переживания не дали ей уснуть.

Достық пен бірлік туралы қорытынды

2-жүргізуші

Наурыз — великий праздник — пригласил сегодня нас!
Все мы вместе веселимся — русский, немец и казах…

1-жүргізуші

Украинец и татарин, молдаванин и еврей!..
Шаңырақ нас всех согреет — вместе будет веселей!

Ортақ үн

Зазвучат сегодня звонко балалайка и қобыз.
Многоликий, многогранный хор споет про… Барлығы: НАУРЫЗ!

Мектеп хорының орындауында: ________________

Мерекелік өлеңдер мен музыкалық нөмірлер

Өлең шумақтары

Ұшады аққу көлден қазыменен,
Жүреді көл жағалап жазыменен.
Жарасар ойын-күлкі, ән менен би,
Ойыңды баурайтұғын назыменен.

Старинный праздник тюркского народа,
В почете ты у азиатских стран.
В день равноденствия весны в природе
Тебя встречаем с песней, Казахстан.

Жүргізушілер хабарламасы

2-жүргізуші: Қарсы алыңыздар, алдарыңызда ______________ сынып оқушылары.

Музыкалық нөмір: __________________________________

2-жүргізуші: Когда-то в старину народ, кочуя, в сей день қыстауды үмітпен покидал. И пел ақын, звеня домброю, песни о теплой степи мартовской…

Алдарыңызда: __________________________________

Сахнаға Наурыз қыздың шығуы

1-жүргізуші:
Наурыз келді, көктем келді, ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды Науан Наурыз, армысың?
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Осы сәтте сахнаға Наурыз қыз шашуын ала шығады. Шашуды шашпас бұрын, жасыл жапырақтар мен гүлдерді сеуіп, көктемнің ізін қалдырғандай жол салады.

Наурыз қыз

Қайнарындай қалың қуат-қайраттың,
Мен келдім де ғаламшарды жайнаттым.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттым.

Осы кезде «Табиғат дыбыстары» әуені ойнайды.

Шашу және қорытынды тілек

1-жүргізуші

Наурыз тойын жұп жазбай
Биыл қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!

2-жүргізуші

Радость, солнце и улыбки
Ты несешь нам, Наурыз!
Всем шашу на радость дарим —
Будет щедрым Наурыз!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, Наурыз тойы құтты болсын! Сау болыңыздар!