Топтастыру әдісі
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
Пән және сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып
Мұғалім
Бағытжанова Айжан
Сабақтың тақырыбы
Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Өзеннің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
- Оқу дағдыларын жетілдіру.
- Мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылық
- Оқушылардың тілін дамыту.
- Сөздік қорын молайту.
- Ой-өрісін және шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік
- Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
- Табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету.
- Таза ауа мен мөлдір судың құндылығын түсіндіру.
Сабақ форматы мен ресурстар
Түрі және әдіс-тәсілдері
Көрнекілігі
- Өзен мен көл суреттері
- Сызбалар
- Кеспе қағаздар
- АКТ құралдары
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау (Кубизм әдісі)
1-топ — Зертте
«Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің тақырыбы қандай?
2-топ — Суретте
Әңгімеде Антон бейнесі қалай берілген?
3-топ — Салыстыр
«Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін «Әке мен бала» әңгімесімен салыстыр.
4-топ — Қолдан
Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
III. Жаңа сабақ
«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген ой табиғат пен адамның ажырамас бірлігін білдіреді. Адам тіршілігіне қажетті игіліктің бәрін табиғаттан алады.
Өз кезегінде адам да табиғатқа қамқорлық танытуы тиіс: ағаш отырғызу, орман-тоғайды өрттен қорғау, жан-жануарлар мен құстарға жанашырлық көрсету. Бұл — экологиялық тәрбиенің өзегі.
Бүгінгі сабақта Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысамыз.
Суретпен жұмыс
- Сурет бойынша не айта аламыз? Онда не бейнеленген?
- Табиғаттың әсем көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады?
- Таза ауа мен мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
Бағдарлы жауап үлгісі
Суретте аспанмен тілдескен биік таулар, ақбас шыңдар, таудан сарқырап аққан өзен, көк майса, бой көтерген шыршалар, әсем гүлдер және өзен жағасындағы маржан тастар көрініс тапқан.
IV. Шығармашылық тапсырмалар
А) Ауызша жұмыс
«Табиғат және адам» тақырыбында ауызша әңгіме құрастыр.
Ә) Концептуалдық карта
Негізгі ұғымдарды байланыстыр: табиғат, адам, су, таза ауа, қорғау.
Б) Мәнерлеп оқу
Өлеңді мәнерлеп оқы. Оқылым кезінде дауыс ырғағы, кідіріс, екпінге назар аудар.
Шағын сұрақ-жауап
- Бұл қандай шығарма?
- Поэзиялық шығарма (өлең).
- Шығарманың өзге түрлері қандай?
- Проза, драма, роман және т.б.
В) Сөздік жұмысы
Қынарда
жағасында
Жанабында
жанында, маңайында
Алуан-алуан
әр түрлі
V. Өлеңді сатылай кешенді талдау
Негізгі мәлімет
- Авторы: Ыбырай Алтынсарин — қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы-педагог, ұлы ұстаз.
- Тақырыбы: өзеннің сұлулығын суреттеу.
- Жанр түрі: поэзия (өлең).
- Идеясы: табиғатты қорғау.
- Тәрбиелік мәні: табиғатты аялауға үндейді.
Құрылымы және көркемдік ерекшелігі
- Шумақ саны: 4
- Тармақ саны: 18
- Бунақ саны: 2–3
- Буын саны: 11 буынды өлең
- Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
- Әдеби-теориялық ұғымдар: эпитет, теңеу
Түсіндірме сөздік
Өксіген
шөлдеген
Қынарда
жағасында, маңында
Жай
орын, қоныс
Жанабында
жанында, маңында
VI. Топтастыру әдісі
«Өзен» өлеңіндегі негізгі ойды ашатын тірек сөздер мен ұғымдарды топтастырып, өзара байланысын көрсетіңіз (мысалы: өзен, табиғат, мөлдір су, таза ауа, сұлулық, қамқорлық).