Бұлбұл күйін тыңдау
Сабақтың тақырыбы
Күй тартыстың мәні
Білімділік
Күй тартыс туралы мәлімет беру және күй тартыстың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын және есте сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Балалардың қазақтың аспаптық өнеріне қызығушылығын арттыру.
Сабақ әдістері
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Сөзжұмбақ шешу
Көрнекілік
- Интерактивті тақта
- Күй жазылған дискілер
- Сөзжұмбақ
- Домбыра, баян
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Сәлемдесу.
2) Негізгі бөлім: психологиялық тренинг
Сұрақ: «Балалар, музыка дегенде нені елестетесіңдер?» (Көз жұмып ойланып, жауап береді.)
Ықтимал жауаптар: ән, өлең, күй, әнші, күйші…
Дұрыс. Бүгінгі сабағымыз күй тартыс туралы болады.
Күй туралы сұрақтар:
- Күй деген не?
- Күйші деп кімді айтамыз?
- Күй қандай аспапта орындалады?
- Белгілі күйшілерді атаңдар.
- «Күй» сөзіне түбірлес сөздерді айта аласыңдар ма?
Жауап үлгілері: күйші, күйе, күйгелек, күйдіргі.
3) Жаңа сабақ: «Күй тартыс» ұғымы
Күй тартыс — халық арасында кең тараған өнер. Ол көбіне үлкен тойларда және мерекелерде орындалған.
Күй тартыстың үш түрі:
- Домбырашының орындаушылық шеберлігін көрсететін күй тартыс.
- Домбырашының күйшілік-композиторлық өнерін танытатын тартыс (сайыс үстінде жаңа күй шығара білу).
- Естіген күйін бірден қайталап тартып беру. Бұл түрі ең қиын түрі болып саналады.
Күйшілер күй тартысқа тек сайыс үшін емес, тәжірибе алмасу үшін де түскен. Бұған Құрманғазы мен Дәулеткерей арасындағы күй тартысты мысал етуге болады.
Тартыс үстінде Дәулеткерей атақты күйлерімен қатар жаңа бір күй тартады. Ол — «Бұлбұл».
Тыңдалым
«Бұлбұл» күйін тыңдау.
Құрманғазы бұл күйден зор әсер алып, «Бұлбұлдың құрғыры» күйін шығарады.
Тыңдалым
«Бұлбұлдың құрғыры» күйін тыңдау.
Тыңдаудан кейін талқылау сұрақтары:
- Күйден қандай әсер алдыңдар?
- Күй әуені қандай?
- Екі күйдің айырмашылығы неде?
Күй әуені баппен басталып, біртіндеп жігерленеді. Құлағыңды құнықтырып, көкірегіңді күмбірлетеді.
4) Жаңа ән үйрету: «Әгугәй, домбыра»
Әннің авторы — белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев.
Оның танымал әндері: «Сырғалым», «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай», «Жиырма бес», «Үш қоңыр», «Сағындым Алматымды» және т.б.
«Бозторғай» әнін алғаш рет әнші Мейрамбек Беспаев орындаған.
Сабақта «Әгугәй, домбыра» әні үйретіледі.
5) Нота сауаты: нүктелі нота
Музыкада нотаның дыбысын ұзартатын белгі бар. Ол — нүктелі нота.
Нота қасына қойылған нүкте сол нотаның ұзақтығын өзінің жартысына ұзартады. Яғни нүкте қосылғанда дыбыс бұрынғы ұзақтыққа тағы жарты ұзақтық қосылып созылады.
Нүктелі нота осы сабақта үйренетін «Әгугәй, домбыра» әнінде кездеседі.
6) Бекіту: «Орнын тап» ойыны
Оқушылар 7 нотаның артына жасырылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауаптан кейін ноталарды нота сызығына орналастырады.
Сұрақтар:
- Күй тартыс дегеніміз не?
- Күй тартыстың неше түрі бар?
- Күйшілер күй тартысқа не үшін түскен?
- Күй тартыстың қай түрі ең қиын?
- Нүктелі нота дегеніміз не?
- Қазіргі кездегі белгілі күйшілерді атаңдар.
- Күй дегеніміз не?
7) Қорыту
Сабақ соңында оқушылардың жауаптары қорытындыланып, күй тартыстың мәні мен түрлері, тыңдалған күйлердің әсері және нүктелі нотаның қызметі қайталанады.