Оттектің химиялық реакциясы

Химия Топтық жұмыс Бекіту

Сабақтың өтілу барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылар түгенделіп, оқу құралдары тексеріледі.

II. Топқа бөлу

Оқушылар 4 топқа бөлінеді: O, S, Se, Te.

III. Тапсырманы қорғау

Әр топ берілген бағыт бойынша өз жұмысын таныстырып, қорғайды.

IV–V. Дидактика және бағалау

Дидактикалық тапсырмалар орындалып, нәтижесі бағаланып, қорытынды жасалады.

Ой қозғау

Мен жер бетінде кең таралған элементпін. Ауадағы тыныс алуды және жануды қолдаймын. Жер бетіндегі тіршіліктің тірегімін.

Жауабы: оттек.

Қызығуды ояту: “Күш — білімде” (топпен жұмыс)

I топ — O (оттек)

  • Периодтық жүйедегі орны
  • Құрылысы, құрамы
  • Табиғатта кездесуі
  • Физикалық қасиеттері

II топ — S (күкірт)

Оттекті алу жолдарын сипаттау.

III топ — Se (селен)

  • Оттектің химиялық реакциялары
  • Оксидтер туралы ұғым

IV топ — Te (теллур)

Оттектің табиғаттағы айналымы және қолданылуы.

I топ материалы: Оттек туралы негізгі мәлімет

Периодтық жүйе

Оттек Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінде 8-орында орналасқан, VI топқа жатады.

Молекула және салыстырмалы масса

  • Mr(O) 16
  • Оттек молекуласы O2
  • Ar(O2) 32

Таралуы

  • Атмосферада бос күйінде шамамен 21%.
  • Жер қыртысында шамамен 49%.
  • Ауа құрамында N2, CO2 және басқа газдармен бірге кездеседі.

Тірі ағза үшін маңызы

Тірі организмдер, соның ішінде адам ағзасы, әртүрлі химиялық элементтерден тұрады. Адам ағзасы массасының шамамен 65%-ы байланысқан оттектен құралады. Оттек — өте белсенді элемент: ол көптеген бейорганикалық заттардың құрамына кіреді және Жер бетінде кең таралған.