Химиялық жұмбақтар

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы • Благодарное орта мектебі КММ

І санатты химия пәнінің мұғалімі: Боранбаева Бақтыгүл Боранбайқызы

Сабақтың тақырыбы

Металдар тақырыбын қайталау және қорытындылау.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты

Оқушылардың металдар туралы алған білімдерін толықтыру, жинақтау және қорытындылау.

Дамытушылық мақсаты

Теориялық білімді өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу. Сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, еліміздің табиғи байлығын игеру жолдарын таныту, әлемдік экономикадағы әлеуметтік мүмкіндіктерін түсіндіру және оқушылардың білімге құштарлығын қалыптастыру.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі

Білімді бекіту сабағы.

Сабақтың түрі

Қайталау және қорытындылау сабағы.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа дайындық, мақсат-міндеттерді нақтылау, сыныптың жұмыс ырғағын қалыптастыру.

  2. 2

    Химиялық жұмбақтар

    1) Күмістей түсті, жылтыр, өзі суық.
    Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
    Суық пен жылуды анық көрсетеді.
    Қандай зат? Құрал жасар оны құйып.

    2) Сұрғылт түсті кәдімгі металмын,
    Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын.
    Негізгі мекенім 24-көшеде болса да,
    Кендерім Мұғалжар тауында жатыр.

    3) Болмаса да айтарлықтай салмағым,
    Көптен ардақтымын, бағалымын.
    Ұшақ болып аспанға қалықтап,
    Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.
    Қымбат болдым алтыннан да ертеде.

    4) Ақ металл су бетінде тыным таппай,
    Бейне бір жүргендей — ол өзіне орын таппай.

    Сұрақ

    Бұл жұмбақтардың барлығы қандай заттар туралы?

    Жауап: металдар.

    Ой қозғау сұрақтары

    • Металдар Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде қалай орналасқан?
    • Металдардың атом құрылысының ерекшеліктері қандай?
    • Металдардағы химиялық байланыс түрі қандай?
    • Металдық кристалл торларының типтері қандай?
    • Металдардың валенттігі мен тотығу дәрежелері қалай сипатталады?

    Ендігі сөз кезегін болашақ мамандарға берейік: оқушылар 5 топқа бөлінеді.

    1) Тарихшылар мен географтар

    2) Металлургтер

    3) Химиктер

    4) Биологтар

    5) Аналитиктер

    Топтық жұмыс

    «Тарихшылар мен географтар» тобы өздері дайындаған мәліметтерін ұсынады, ал қалған 4 топқа «Сәйкесін тап» ойынын ұйымдастырады.