Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың білімін дамытуМіндеттері: әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс - әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу

Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың білімін дамыту

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі қалыптасып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістермен тығыз байланысты.

Себебі білім беру парадигмасы өзгерді: білім мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пен жаңаша қарым-қатынас қалыптасуда. Мұндай жағдайда келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен сапалы білім беру үшін мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі ерекше маңызды.

Міндеттері

  • Әрбір білім алушының білім алуын, дамуын және өзге де іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу.

  • Білім деңгейі мен білігіне сай бағдар таңдай алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

  • Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

  • Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.