Архижинақтаушы тобы

Сабақ туралы мәлімет

Өңір, аудан, елді мекен
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Кеңес ауылы
Білім беру ұйымы
Кеңес орта мектебі
Пән / сынып
Математика, 10-сынып
Мұғалім
Итбаева Акерке Абдыкалыевна
Сабақтың тақырыбы
Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік

Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін графиктерін салу арқылы таныстыру және есеп шығаруда қолдануға үйрету.

2) Дамытушылық

График салу дағдыларын қалыптастыру, теорияны практикамен ұштастыру, шығармашылық пен логикалық ойлауды дамыту.

3) Тәрбиелік

Мәдениеттілікке, сауатты жазуға, ізденімпаздық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу және дүниетанымды кеңейту.

Ұйымдастыру және формат

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Куб
  • Слайдтар, плакаттар
  • Қима қағаздар
  • Смайликтер, стикерлер

Сабақтың сипаты

Сабақтың түрі
Конференция сабақ
Сабақтың типі
Бекіту, жүйелеу
Тексеру және бағалау
Семантикалық карта, тест, бағалау парағы

Топқа бөлу және әдіс-тәсілдер

Оқушылар түстер арқылы үш топқа бөлінеді. Сабақ құрылымы «Кубизм» әдісімен ұйымдастырылады: кубтың 6 жағы сияқты, сабақ та 6 кезең арқылы қамтылады.

1-топ
«Архижинақтаушы»
2-топ
«Ізденушілер»
3-топ
«Теорияшылар»

Бақылау және белсендіру

  • «Семантикалық карта»
  • «Автобустық аялдама»
  • «Ойсергек»
  • Ойын элементтері

Мотивациялық жолдар

Математика – ғылымдар патшасы деп мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек бүгінгі сабақ жоспарында!

Оқушылар кубтың 12 қыры, 6 жағы және 8 төбесі болатынын еске түсіреді. Бүгінгі сабақ мазмұны кубтың 6 жағы арқылы кезең-кезеңімен ашылады.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқушылармен амандасу.
    • Оқушыларды түгендеу.
    • Сабаққа қажетті құралдарды дайындау.
  2. 2

    Психологиялық дайындық және топқа бөлу

    Түстер арқылы үш топқа бөліну. «Кубизм» әдісімен сабақ құрылымын таныстыру.

  3. 3

    Үй тапсырмасын тексеру

    «Семантикалық карта» әдісі. №66 тапсырма: функцияның жұп немесе тақ екенін анықтау.

  4. 4

    Зерттеу

    «Архижинақтаушы» тобы: тригонометрияның, синус, косинус және тангенс ұғымдарының шығу тарихын талдау.

  5. 5

    Суреттеу

    «Ізденушілер» тобы: негізгі идеяларды қысқа әрі көрнекі түрде ұсыну (кесте, постер, мысал).

  6. 6

    Түсіндіру

    «Теорияшылар» тобы: негізгі анықтамалар мен қасиеттерді жүйелеу, графиктермен байланыстыру.

  7. 7

    Сергіту сәті

    «Ойсергек – Тангенс»: қысқа белсенді тапсырмалар арқылы назарды шоғырландыру.

  8. 8

    Қолдану

    «Галереяны шарлау»: әр топ жұмысына шолу жасап, дәлел мен кері байланыс беру.

  9. 9

    Сабақты қорытындылау

    Тест — материалды бекітудің тиімді тәсілі ретінде қолданылады.

  10. 10

    Үй тапсырмасы

    Үй жұмысы нақты тапсырмалармен беріледі (оқулық және/немесе қосымша жаттығулар).

  11. 11

    Рефлексия

    «Екі жұлдыз, бір тілек»: екі ұнаған тұс және бір ұсыныс арқылы кері байланыс.

  12. 12

    Бағалау

    Бағалау парағы негізінде қорытынды баға шығару.

Зерттеу бөлімі: тригонометрия және негізгі ұғымдар тарихы

Тригонометрияның шығу тарихы

«Тригонометрия» сөзі алғаш рет 1505 жылы неміс математигі Питикустың еңбегінде кездеседі. Бұл термин адамның практикалық қажеттіліктерінен туындаған: қолжетпейтін нысанға дейінгі қашықтықты анықтау, сондай-ақ географиялық карталарды құрастыру үшін жер бедерінің геодезиялық көшірмесін жасау сияқты жұмыстарды жеңілдеткен.

Грек тілінен аударғанда trigon — «үшбұрыш», ал metreo — «өлшеймін» дегенді білдіреді. Демек, тригонометрия — үшбұрыштарды өлшеу туралы ғылым.

Синус, косинус және тангенс атаулары қайдан шыққан?

Sinus
Синус

Латынның sinus — «иілу», «қисықтық» деген мағынаны білдіреді.

Complementi sinus
Косинус

Complementi sinus — «толықтауыш синус» тіркесінің қысқарған нұсқасы.

Tangere
Тангенс

Тангенс ұғымын X ғасырда араб математигі Абу әл-Вафо енгізген. Атауы латынның tangere — «жанасу» сөзінен шыққан.