Кім епті
Мақсаты
Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру; ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту; шығармашылыққа баулу; өз ойын еркін жеткізу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі М. И. Ф. пәндері апталығына орай ұйымдастырылған «Ақпараттар әлемі» білім сайысына қош келдіңіздер!
Армысыңдар, жас толқын, білім қуған,
Білім жолы — қашанда бір думан.
Қош келіпсіңдер информатика кешімізге,
Оқушының жолы — нұрдан туған.
Біліммен бар әлемді көмкеріңдер,
Сендермен нұрлы болар көктеміміз.
«Ақпараттар әлемі» атты кешімізге
Қош келдіңіздер, қадірлі көрерменіміз!
Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайыс шарттары
Қатысушылар
- І топ: «Тапқырлар»
- ІІ топ: «Қыран»
Бағалау
Ұпайды есептеп отыру үшін бір адам тағайындалады. Әр кезеңнің тапсырмалары бойынша ұпай жинақталып, сайыс соңында ең көп ұпай алған топ жеңімпаз атанады.
Кезеңдер жоспары (7 кезең)
- 1 Таныстыру
- 2 «Бәйге»
- 3 «Қатесін анықта»
- 4 «Кім епті?»
- 5 «Кім тапқыр?»
- 6 «Кім алғыр?»
- 7 Көрермендермен ойын
1-кезең: Таныстыру
Таныстырып таңдамалы команданы,
Ұшталсын деп тілейік қаламдары.
Бірінші айналым да басталыпты,
Сәтті болсын, иллайым, қадамдарың.
2-кезең: «Бәйге»
«Бәйге» — жүйрік аттар жарысы. Бұл кезеңде де білімнің жүйрігі озады: жылдамдық, дәлдік және жинақылық сыналады.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты сайыскерлерге 20 сұрақ қойылады: әр топқа 10 сұрақтан. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І топ («Тапқырлар») сұрақтары
- Электронды кесте ұяшығына қандай мәліметтер енгізуге болады?
- A1 мен C3 аралығындағы мәндердің қосындысын есептеуге арналған функцияны көрсетіңіз.
- Адам мен компьютер арасындағы қатынас қалай аталады?
- Беттерді нөмірлеу үшін қандай әрекет жасаймыз?
- Кестені сызу тәсілдерін атаңыз.
- Паскаль тілінде дәрежелеу қалай белгіленеді?
- 14 DIV 5 өрнегінің мәні неге тең?
- Электрондық поштамен жұмыс істеуге қандай бағдарламалық жасақтама қызмет етеді?
- bks@mail.online.kz мекенжайының домендік бөлігі қай елді көрсетеді?
- Нақты типтің операторын атаңыз.
ІІ топ («Қыран») сұрақтары
- Кестедегі баған мен жолды қалай қосуға болады?
- Қосымша бағандар мен қатарларды қалай қосып немесе алып тастауға болады?
- var қызметші сөзі не үшін қолданылады?
- Тармақталу операторы қалай жазылады?
- Паскаль тілінде X санының бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?
- write операторының қызметі қандай?
- 12 mod 5 өрнегінің мәнін табыңыз.
- nss@mail.ru мекенжайының домендік бөлігі қай елді көрсетеді?
- Internet E-mail қызметінің тағайындалуы қандай?
- Excel-де формула қандай символдан басталады?
3-кезең: «Қатесін анықта»
Интернет желісіндегі электронды поштамызға екі топқа хаттар келді. Тапсырма: сөйлемдерді мағынасына қарай дұрыс ретке келтіріп, қателерін түзету.
І топқа арналған хаттар
1-хат
- Сканер мен пернетақтаны іске қосып, компьютерді қосу керек.
- Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын.
- Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.
2-хат
- Компьютерде мәтін жазу үшін Paint мәтіндік редакторын пайдалануға болады.
- Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын.
- Ал сурет салғым келсе, WordPad стандартты бағдарламасымен сала аламын.
- Мұнда WordArt панелі арқылы әр түрлі суреттерді саламыз.
ІІ топқа арналған хаттар
3-хат
- Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады.
- Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш.
- Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып жоюға болады.
- Функционалдық пернелерге әріптер блогы жатады.
4-хат
- Мен электронды кестемен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады.
- Дыбыс жазып, видеороликтерді көруге болады.
- Бұл бағдарлама арқылы интернет желісіне шыға аламыз.
Ескерту: Бұл хаттарда әдейі қате тұжырымдар бар. Мақсат — құрылғылардың қызметін, бағдарламалардың мүмкіндігін және пернелердің міндетін дұрыс ажырату.
4-кезең: «Кім епті?»
Бұл кезеңде компьютерде практикалық жұмыс орындалады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты қатысушылар өз шығармашылық жұмыстарын көрсетеді.
5-кезең: «Кім тапқыр?»
Әр топқа 10 сөз беріледі. Берілген әріптердің орны ауысқан — тапсырма: сөздерді дұрыс ретке келтіріп, информатикаға қатысты терминдерді құрастыру.
І топ
- Терчествин
- Соцеспро
- Ретпьюком
- Neter
- rClt
- Dpagowne
- fSthi
- Rtene
- марамгорп
- енюм
ІІ топ
- Такедис
- мнотри
- Қаншыт
- baT
- UaPpeg
- Ledete
- LpsCoack
- emho
- Такедис
- мдоем
6-кезең: «Кім алғыр?»
Төмендегі амалдардың мағынасы бар ма? Әр топ өз нұсқасын талдап, дұрыс/бұрыстығын дәлелдейді.
І топ
- a) 2.5 div 7
- b) 7 mod 2.5
ІІ топ
- a) 5.2 div 3
- b) 10 mod 5
7-кезең: Көрермендермен ойын
Көрермендерге сұрақ қойылады. Жауабын тауып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айту қажет.
Сұрақтар
- Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді?
- Жіпке ілдім мен өзім, кіп-кішкене күн көзін. (Не?)
- ... кеме, білім — теңіз. (Қай сөз түсіп тұр?)
- Молекулалары әр түрлі аминқышқылдарының қалдықтарынан тұратын күрделі табиғи полимерлер қалай аталады?
- Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да; ұзындығы жазулы тұр бойында. (Не?)
- Байт биттен құралады. (........................................................)
- Вирустан қорыққан интернетке шықпас. (........................................)
- Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. (............................................)
- Веб-дизайнердің өз еркі — сайтты қалай жасаса. (.....................................)
- Білмесең, «анықтамадан» сұра. (............................................)
- Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы. (.......................)
Қорытынды
Осымен ойынымызды аяқтасақ,
Бұл жарысты өткізер ме едік, жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз, аман болсақ!
Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған топ анықталып, марапатталады.