Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Пайыз» тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау және қолдану.
Дамытушылық
Экономикалық мазмұндағы есептер арқылы пәнге қызығушылықты арттыру, мамандық таңдауға бағдар беру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке баулу және экономикалық тәрбиенің негіздерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың қатысуын тексеру.
- Оқу құралдарының толықтығын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№272
Пропорция
Берілгені
1540 — 44%
x — 100%
Шешуі
x = (1540 × 100) / 44 = 3500
Жауабы: 3500 автомобиль.
№275
Пропорция
Берілгені
20400 — 100%
x — 28%
Шешуі
x = (20400 × 28) / 100 = 5712
Жауабы: 5712 кітап.
III. Шапшаңдық гимнастикасы
Пайызды ондық бөлшек түрінде жазып, кестені толтырыңыз. Жауаптарды тақтадан тексере отырып, берілген ондық бөлшектерді өсу ретімен орналастыру арқылы «Экономика» сөзін шығарамыз. Осылайша, бүгінгі сабақтың экономика саласымен байланысты екенін анықтаймыз.
Берілгендер
Пайыздар
3%, 210%, 52%, 15%, 340%, 25%, 40%, 215%, 80%
Әріптер
э, и, о, к, а, о, н, к, м
IV. Есептер шығару
№274
Жалақысы 10%-ға өскеннен кейін жұмысшы айына 38 500 теңге алатын болды. Жұмысшының бастапқы жалақысы қанша болған?
Жауабы: 35 000 теңге.
№282
Жинақ кассасына жыл басында 15%-дық өсіммен салынған ақша жыл соңында 62 100 теңге болды. Жыл басында қанша теңге салынған?
Жауабы: 54 000 теңге.
№114 (есеп жинағы)
Атай жинақ кассасына 95 000 теңге салып, бір жылдан соң 104 500 теңге алды. Салым қанша пайыздық өсім берген?
Жауабы: 10%.
V. Дыбыстық гимнастика
Оқушылар еркін отырып, арқаны тік ұстайды. Алдымен мұрынмен терең дем алып, дем шығарғанда дауыстап шапшаң дыбыстарды айтады.
А
Барлық ағзаға жақсы әсер етеді.
Е
Қалқанша бездеріне әсер етеді.
О
Жүрекке жеңіл әсер етеді.
И
Ми, көз, құлақ, мұрынға әсер етеді.
У
Ағзаның ішкі құрылысына әсер етеді.
Я
Барлық ағзаның жұмыс жасауына әсер етеді.
М
Барлық ағза мүшелеріне әсер етеді.
Х
Мүшелердің тазаруына әсер етеді.
ХА
Көңіл көтеруге әсер етеді.
VI. Шығармашылық есеп: несие тиімділігі
Қазіргі таңда әр жанұя үшін өзекті мәселелердің бірі — несие төлеу. Ендеше, несие алудың тиімділігін қарастырайық.
Бір адамға үй алу үшін 3 000 000 теңге қажет. Әрқайсысы 300 000 теңгеден үш банктен несие алынды: 13%, 21%, 27%. Әр несие бойынша өсімді есептейміз.
Банк 1
300 000 теңге · 13%
Өсім: 39 000 теңге
Банк 2
300 000 теңге · 21%
Өсім: 69 000 теңге
Банк 3
300 000 теңге · 27%
Өсім: 81 000 теңге
Несиені ең төмен пайызбен — 13% алған тиімді.
Қорытынды сұрақ
Егер 3 000 000 теңгенің барлығын 13% мөлшерлемемен алсақ, онда өсім мөлшері: 3 000 000 × 13% = 390 000 теңге болады.
Жауабы: 390 000 теңге өсіммен.
VII. Қорытындылау: белгілеулер
S
Банкке салынған бастапқы ақша (салым).
P
Пайыздық өсім мөлшері.
n
Уақыт (жыл немесе ай саны).
Sn
Күрделі пайыз бойынша есептелген соңғы сома.
VIII–IX. Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау
Сабақтағы белсенділік пен есеп шығару сапасына қарай бағалау жүргізіледі.
Үйге тапсырма
- №115 (есеп жинағы)
- №289