Әліппе

Сабақ тақырыбы

Әліппе, 1-сынып. Ертегі сабағы: «Сс дыбысы мен әрпі».

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Сс дыбысы мен әрпін таныту.
  • С дыбысы бар сөздерді оқуға және жазуға үйрету.
  • Жаңа сөздер арқылы оқушылардың тілін дамыту, сөздер мен сөйлемдер құрату.

2) Дамытушылық

  • Сурет бойынша сөйлем құрап, шағын әңгіме құрастыруға үйрету.
  • Сөзжұмбақ шешу дағдыларын дамыту.
  • Айтылым мен жатқа баяндау қабілетін қалыптастыру, диктант жазу.

3) Тәрбиелік

  • Қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстыру.
  • Мысалдар: тоқымқағар, жас санау, қозы жасы, қой жасы, жылқы жасы, патша жасы.

Құрал-жабдықтар мен ұйымдастыру

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Кеспе әріптер
  • Буындар
  • Буклет
  • «Салт-дәстүрлер» кітапшасы

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
Көрнекілік, ертегі, сұрақ-жауап, құрастыру

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын дайындау, сыныптың жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Өткенді пысықтау

Сұрақ-жауап

  • Кеше қандай әріппен таныстық? Бб
  • Ол қандай дыбыс? Дауыссыз. Неліктен?
  • Сөздің қай бөлігінде кездеседі?
  • Басында және ортасында келетін сөздер ойлайық.

Сөздік қорды дамыту

бас бала балапан бақа балық бақыт таба сабын қарбыз арба дорба жаңбыр

Тақырыптық әңгіме

Қазіргі заманда адамдар қандай болғысы келеді? Бай. Басты байлық не? Денсаулық.

Нақыл сөздер

Денсаулық — зор байлық.

Күн нұрындай шуақты да арайлы,
Барлық байлық денсаулықтан тарайды.

Денсаулыққа нелер пайдалы? Көкөністер.

Оқу және талдау

  • Кітаптан сөздерді оқу.
  • Буындарды кезектесіп оқу: ар-ба, ба-ла, бо-та.
  • Дыбыстық талдау жасап, тақтаға жазу.

Сергіту сәті

Қанат жайып қалықтап,
Құс сияқты күйге енем.
Асықпаймын үйге мен.
Жаңа әріппен танысып,
Жазу жазып үйренем.

III. Жаңа сабақ: «Сс» дыбысы мен әрпі

Ертегі желісі

Сансызбай деген бала болыпты. Оның Сандуғаш атты қарындасы бар екен. Бір күні екеуі тоғайға серуенге шығады. Тал түбінен саңырауқұлақ көреді. Шықылықтаған дауысқа қараса — сауысқан екен.

Алға жүре берсе, ағаш кесушілерге жолығады. Сансызбай олардың сүргі деген құралына қызығып, ұстап көреді. Бір ағашты жонып қалғанда, алдынан сылдырап су ағып жөнеледі.

Сандуғаш су түбіне үңілсе, сақина мен сырға жатыр екен. Сол сәтте су жағасында бір ғажайып сандық ашылып кетеді. Екеуі әшекейлерді сандыққа салып, ішінен бүктелген қағаз алады.

Дыбысты табу

Қағаздың сыртында былай деп жазылыпты:

«Біреу мұны ай деді, біреу орақ деді. Мына заттардың атын қайта-қайта айта бер».

Қандай дыбыс шықты? С-С-С.

С — әріп, с — әріп. Ссдауыссыз дыбыс.

  • Сс әрпінің жазбаша түрін түсіндіру.
  • Әріпті «ауаға жазу» арқылы бекіту.
  • Жеке сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру.

Кітаппен жұмыс

  • Әріпке байланысты сөздермен сөйлеу: сағат, Сара, су.
  • Сурет бойынша сөйлем құрау.
  • Тізбектей оқу.

Талдау үлгісі

Сабақса-бақ

са — буын

5 дыбыс, 5 әріп

Жақсы оқыған оқушыларды мадақтап, ынталандыру үшін сақина, сырға, сағат, сәукеле суреттерін таратуға болады.

Дәптермен жұмыс

  • Дәптер тарату.
  • Жазу үлгісін түсіндіру және көрсету.
  • Үлгі бойынша жаздыру.
  • Дыбыстық, буындық, сөздік диктант.
  • Дәптер жинау.

Тақтамен жұмыс: суретті сөзжұмбақ

Суреттер арқылы сөзжұмбақ шешу: сағат, сона, сан.

Шығармашылық тапсырма: «Балық аршу» ойыны

Әр қабық алынған сайын «с» дыбысы бар бір сөз тауып, сол сөзге сөйлем құрап айту.

Мысал

Самат судан балық ұстады. Ол сазан екен. Балық өте семіз болды. Самат оны сатты.

Диктант

1-жол

Аа, Бб, Сс

2-жол

ауа, бас, саба

3-жол

Сара сабаққа барды.

Қорытындылау

  • Сс дыбысы мен әрпін қайталау, оқушылардың түсіну деңгейін сұрақтар арқылы анықтау.
  • Бағалау: белсенді қатысқан және дұрыс оқыған оқушыларды атап өту.
  • Үй тапсырмасы: «С» дыбысы бар сөздер тауып, қысқа сөйлемдер құрап келу; әріптің жазылуын қайталау.