Сейфуллин туралы

Сабақтың тақырыбы

С. Сейфуллиннің «Далада» өлеңі

Сабақ түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Сергіту сәті

Интерактивті тақта арқылы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық

Оқушының ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастырып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Отансүйгіштікке, сыйластыққа және ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Инсерт RAFT Сұрақ-жауап Баяндау Суреттеу Пікір айту Жеке жұмыс Жұптық жұмыс Топтық жұмыс

Көрнекіліктер мен ресурстар

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Маркер
  • Плакат
  • Портрет
  • Қосымша материалдар

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 6-сынып әдебиет оқулығы; әдебиетті оқыту әдістемесі
  2. Интернет материалдары
  3. Сәкен Сейфуллиннің шығармалар жинағы

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру (слайд 1)

2) Үй тапсырмасы

  • Күнделікке тапсырманы жаздыру
  • Өлең тіліне талдау жасау
  • Бағалау парағын тарату

3) Үй жұмысын тексеру

  • Сәкен Сейфуллин туралы қосымша мәлімет
  • Өлеңді мәнерлеп оқу

I) Жаңа сабақты меңгеру

Ой қозғау (қызығушылықты ояту)

«С. Сейфуллин туралы не білеміз?» тақырыбында «Білемін» бағанын толтыру. Оқушылар жұппен ой бөліседі, кейін әр жұптан негізгі ойлар тыңдалып, кесте жинақталады.

Білемін Білгім келеді Білдім
Жұптық талқылау нәтижелері Топтық сұрақтар Зерттеу мен талқылаудан кейін

Мағынаны ажырату

«Тағы нені білгіміз келеді?» сұрағы бойынша топпен ақылдасып, «Білгім келеді» бағанын 2 минут ішінде толтыру. Әр топтан бір сұрақ тақтаға жазылады.

Зерттеу тапсырмасы (5 минут)

Әр топ өз сұрағына жауапты өздігінен іздейді: қосымша кітаптар мен материалдар ұсынылады. Талқылау барысында «Білдім» бағаны толықтырылып отырады.

Суреттеу

«С. Сейфуллин кім?» сұрағына оқушылардың жауаптары тыңдалады (слайд 2).

Өлеңді талдау

Талдау барысында «Сарыарқа» күйі қосылып тұрады. Оқушылар өлеңді бірнеше адам кезекпен мәнерлеп оқиды, мазмұны бойынша баяндайды және өз ойларын қосып әңгімелейді.

Сұрақ-жауап тапсырмалары

  1. Ақын асау тұлпардың шабысын және кең даланы қалай суреттейді?
  2. Шабандоз баланың ән салғандағы көңіл күйі қалай берілген?
  3. Ақын өлеңін кімдерге арнаған? Қандай тілек айтады?
  4. Мақсатқа жету жолында қандай қиындықтар кездеседі? Оларды қалай жеңу керек?
  5. Қазіргі заман жастары туралы, өздерің туралы пікірлерің қандай?

Ой толғау

«Сендер Сәкен аталарыңның ісін қолдайсыңдар ма?» сұрағына сүйене отырып, ақынға ашық хат жазу. Жұмыс RAFT әдісі арқылы орындалады.

Бағалау

Бағалау парақтары жиналып, сабақ соңында қорытынды баға қойылады.

Аты-жөні Бағалау өлшемдері (әрқайсысы 1 ұпай) Жалпы
____________________
  • Үй тапсырмасы
  • Инсерт кестесі (1–2–3 бөлігі)
  • Сұрақтарға жауап беру
  • Өлең бойынша сұрақтарға жауап беру
______ / 4

Ескерту

Бағалау барысында оқушының белсенділігі, мәтінді түсінуі, пікір білдіруі және топтық/жұптық жұмыстағы қатысуы ескеріледі.