Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттыңТәуелсіздік - ұлтың менен ұраныңШартарапта шаттығындай азаттықҒасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күнКөк байрағы, Елтаңбасы, бірлігіШалқи берсін Әнұраны қазақтыңӘнұран орындалады

Өту барысы

Тәрбиеші: Тәуелсіздік — бастауы бар бақыттың. Тәуелсіздік — ұлтың мен ұраның. Шартарапқа шаттық сыйлар азаттық, Ғасыр сүйіп тұрғандай ғажап күн. Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі — Шалқи берсін қазақтың Әнұраны.

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз күннің атқанына, міне, бүгінде 23 жыл толып отыр. Ендеше осы ұлы мерекеге арналған «Бар береке Қазақстан жерінде» атты мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Абауова Зоя апайға береміз.

Тәуелсіздік туралы жыр

Тәрбиеші: Тәуелсіздік бізге оңай тимеді, Асау аттай өз тізгінін бермеді. Қазағымның алтын басын иілтіп, Талай дұшпан төрімізге өрледі. Тәуелсіздік бізге оңай тимеді, Жұртым менің не қиындық көрмеді. Жылап тұрып аналарым бұл жолда Сан перзентін қара жерге жерледі. Бақыт құсы әр адамға қонып бір, О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр. Бүгін, міне, тәуелсіздік, ағайын — Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

Хор

«Көк тудың желбірегені»

Тәрбиеші: Балалар, бүгінде тәуелсіз еліміз өркениетті 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, ол мақсатқа да жетеміз деп сенеміз. Сол болашақтың тірегі — мына бүлдіршіндер, яғни сендерсіңдер. Ендеше мерекеге арнаған тартуларыңды ортаға салыңдар.

Балалардың тақпақтары

Ақниет

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деп тілеймін! Бабалардың ғасыр бойы арманы Өткені мен келешегін жалғады. Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың Егемендік, тәуелсіздік алғалы.

Дәулетияр

Менің Отаным — Қазақстан. Тақпағымды Отаныма арнаймын. Отаным, жерім, ауылым, Әкешім, ана, бауырым. Отанның сүйем құм тасын Сүйемін, қары мен жауынын. Отаным — елім, кең далам, Құстары биік самғаған. Мен сенің, Отан, бір балаң, Қорғауға өзін арнаған.

Желтоқсан оқиғасы және тағзым

Тәрбиеші: Бүгінгі тәуелсіздігіміз кеше ғана болған Желтоқсан оқиғасымен тығыз байланысты. Еліміздің тәуелсіздігі жолында Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатаев сияқты қазақ жастары құрбан болды. Осы құрбандардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялаймыз.

Ән

«Қаһарман қыз — Ләззат қыз»

Тәрбиеші: Ләззат Асанова 1970 жылы дүниеге келген. Желтоқсан оқиғасына Алматы қаласындағы музыка училищесінде оқып жүрген кезінде қатысқан. Ол небәрі 16 жаста еді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек».

Мемлекеттік рәміздер туралы

Нұрай — Елтаңба

Мен Елтаңбамызды қадірлеймін. Шаңырақтан таралған Қос пырақтай бар арман. Татулық пен елдігім Уықтай нық қадалған. Бес құрлыққа танылған Жұлдыз болып жағылған. Қазақстан — Отаным Деп айшықты жазылған.

Нұрбақыт — Әнұран

Әнұранымды мақтанышпен жырлаймын: Алтын күн аспаны, Деп айтар жастары. Әнұраны елімнің — Айбыны дастаны. Рух сыйлап еліме, Дем береді сенімге. Әнұраным айтылады Жеңістердің төрінде.

Айдана — Көк Ту

Көк байрағымызды сипаттап беремін. Көгілдір аспан төрінде Күн нұрын шашты еліме. Қанатын қомдап қыран құс Шарықтай ұшты көгіне. Найзадай бол, жығылма, Туым тұр биік тұғырда. Айшықты ою-өрнектер Тартады тарих сырына.

Отан, Астана және болашаққа сенім

Мақсат — Астана

Тақпағымды әсем қала — Астанаға арнаймын. Астана — төрі елімнің, Тұғыры туған жерімнің. Жетелер алға арманды, Жемісі сенсің сенімнің. Астана — үміт қаласы, Бас болған елдің данасы. Мақтана оған қарайды Қазақтың барлық баласы.

Ақниет — Қазақстан

Мен Қазақстанымды шексіз сүйемін. Қазақстан — елім менің, Отаным — жерім менің. Өзіңнен өскен, тараған Ата-бабам тегім менің. Сені, қасиетті Отан, Сүйеді бар ұланың. Байрағы желбіреген, Асқақтап Әнұраның.

Райбек — Болашақ қорғаушы

Мен елімді қорғайтын батыр боламын. Мен кішкентай баламын, Тайдай өсіп толамын. Талабым биік асқар шың — Ел сүйген ер боламын. Білім алам талмаймын, Жамандыққа бармаймын. Бабалардай ер жүрек, Елімді мен қорғаймын.

Ортақ тілек және әндер

Хормен: Қазақстан, ел жоқ сенен асатын! Біз боламыз саған үлес қосатын. Ынтымағы, бірлігіміз жарасқан — Алға! Алға! Қазақ елі жасасын!

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Би

«Жігіттің сұлтаны»

Ән

«Алтын ана»

Ән

«Өз елім»

Сұрақ-жауап бөлімі

1-сұрақ

Нұрын төккен арай көк,
Иесі ұлы төріңнің —
Аталады қалай деп
Мемлекеті еліңнің?

2-сұрақ

Халқы үшін мына өмірдің
Татқан тұщы-ащысын —
Кім айтады елімнің
Мемлекеттік басшысын?

3-сұрақ

Танытып айбын, өр үнін,
Таң қалдырған жер жүзін —
Кім айтар қазақ елінің
Егемендік алған мерзімін?

Қорытынды

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар мен қонақтар, еңселі еліміздің егемендік алған күніне орай ортаңғы топ бүлдіршіндерімен ұйымдастырылған «Бар береке Қазақстан жерінде» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деген тілекпен, сіздермен қоштасамыз.