Сен үшін қанша адам болған құрбан, Сен үшін жылады екен қанша ана

70 жыл жүрегіме жара салған,
Тілім мен дінімді алған дүние жалған.
Тәуелсіздік аңсаған бабаларым,
Қасіретті күндерді басы шалған.

Анамның ақ сүтімен келген білім,
Босағада боздап-ай жылап тұрған.
Дінім мен иманым да сол күндерде,
Христостың аяғында болған құрбан.

Жетім бала сатылып көрші елге,
Қазақтың сәбилері көп жылаған.
Қарттар үйі көбейіп, ана жылап,
Туған жердің тағдыры күлкі болған.

Әсіресе, айырылып бостандықтан,
Қазақ елі қайырылды қанатынан.
Өктемдігі ресейдің жан шошырлық,
Ата-баба ақ жолы ұмыт болған.

Колбин деген бәлесін сайламақ боп,
Елбасына сол күні қатер төнген.
Дінмұхаммед атаның еңбегіне,
Көз алартып кеңестен, қайғы енген.

Сен үшін қанша адам болған құрбан,
Сен үшін жылады екен қанша ана?
Қанша адам қырылып қанға бөккен.
Желтоқсанның ызғары зарлы екен.

Қайрат, Ләззат, Сәбираға баға жетпес,
Асылдар алып берген тәуелсіздік.
Сен үшін менің мынау жаным құрбан,
Тәуелсіз ел – Отаным құдай берген.

Назарбаев ағамды жақсы көрем,
Көрегендік, жақсылық ойлап жүрер.
Ең алғаш егемендік ту ұстаған,
Мәңгілік жүректерде нұр боп енер.

Қазақ елі дамыды күндер санап,
Әрбір таңын егемендік жырға балап.
Қара жерге табынып өсе бердік,
Көк туымыз қолымызда әнді жалғап.

Әртүрлі салалар бар өркен жайған,
Білімді, мәдениетті дамытты адам.
Жасампаз миллион жұрты қазағымның,
Жарқылдады үміті көрік шашқан.

Табынып Бекет ата тұрағына,
Үш жүз алпыс әулиеге тәуеп еттім.
Тәуелсіздік қыраны самғады ғой,
Мен бақытты екенмін дәл осы күн.

Жумаева Асемгул Сейтеновна
Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті
Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектеп
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тағы да Тәуелсіздік туралы өлеңдер:













Ұқсас жұмыстар

Төрт деп қой
Шетел тіл біліміндегі психолингвистикалық зерттеулер
Жетімдер бейнесі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы дінмен үндестік және Аллаһты тану
ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ
Дін мен дәстүр (дүкеншінің әңгімесі)
Бауыржан Момышұлының қаламынан туған көркем шығармаларының жазылу тарихын, көркемдік стильдік ерекшелігін талдауды негіздеу
«Ұлпан» романы
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дулат Исабеков
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ДОМАЛАҚ АНА
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Жаңа заман талабы
Ерте Палеолит адамдары
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету