Бәріне бәрібір
Өмір туралы ойлар
Ешқашан «биік шыңға шықтым» деп асып-тасудың керегі жоқ: аяғың сәл тайса, жерден бір-ақ табыласың. Өзің жайлы жаман пікір айтатындардың орны — артта. Бастысы — алға жүру.
Кек емес — кешірім
Ешқашан ешкімнен кек алма. Жай ғана кешір. Өмір бәрін өз орнына қояды.
Қиындық — жаза емес
Қиындықтар — өткен өміріңнің жазасы емес, жарқын болашағыңа берілген сынақ.
Адамдар және мінез
Көп адамның бетінде көрінбейтін маска бар. Адамды кедейлік те, байлық та құртпайды — көре алмаушылық пен қызғаныш құртады. Өзгені төмендеткеннен өзің биік болып қалмайсың.
Ішің ауырса да — күлімде
Жаның ауырып тұрса да, күлімде. Сенің жағдайыңды өзіңнен басқа ешкім толық түсінбейді.
Жетістік өлшемі
Адамды қанша жетістікке жеткенімен емес, сол жолда қанша қиындықтан өткеніне қарап бағала.
«Адамдар не ойлайды?»
Бұл сұрақ ең соңғы орында тұруы керек. Көпшілікке бәрібір. Өмір — сенікі.
Өзін өзгеден жоғары қоятындарды тағдырдың өзі төмен түсіреді. Бағың жанып, тасың өрге домаласа, арзанқол «достар» да, дұшпандар да көбейеді.
Ешқашан ақталма
- Достарың ақталуыңды талап етпейді.
- Дұшпандарың бәрібір сенбейді.
Қадірді түсіндіретін нәрселер
Уақыттың қадірін
өлім түсіндіреді.
Өмірдің қадірін
көр түсіндіреді.
Сезімнің қадірін
сенім түсіндіреді.
Сөзіңнің қадірін
білім түсіндіреді.
Бардың қадірін
жоқтық түсіндіреді.
Бақыттың қадірін
сор түсіндіреді.
Сөздің ізі
Жақындарыңызға айтқан ауыр сөздер жүрекке шегедей қағылады. Ол шегені кешірім сұрап суырып алсаң да, орнында ойық қалады. Сондықтан шын жақсы көретін адамдарға көңілге тиетін сөз айтпаңыз.
Өмір — ең үлкен ұстаз
Көргені көп — алары көп
Өмірдің қиындығын көп көрген адам көп нәрсеге қол жеткізеді. Өмірдің ащысын көп татқан адам тәттінің қадірін біледі. Көз жасы көп төккен жан шынайы күле алады.
Сынақтың мәні
Егер Құдай басыңа қиыншылық берсе — сенің оны жеңе алатыныңа сенгені.
Өсек айтпас бұрын
Біреуді өсектемес бұрын, оның аяқ киімін киіп, жүрген жолымен жүр. Жолдағы әр тасыңа сүрініп көр. Ауыртпалығын сезін. Содан кейін ғана сөйлеп көр.
Күнге күйе жұқпайды
Сен күн болсаң да, тас мінез адамдар табылады. Олар жүрегіңді жаралап, күйе жағып қаралағысы келеді. Олардың алдында ақталма: күнге күйе жағылмайды.
Ана туралы
Мен әлемдегі ең керемет ананың перзентімін. «Ана» — әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялаған, керек болса жанын да аямаған ардақты жан.
Ішкі тірек
Өсекке қамықпа
Егер сені өсектесе, қамықпа. Құрттар тек дәмді жемістерге жабысады.
Неге жылағанда жеңілдейміз?
Себебі көз жасымен бірге қайғы, өкпе мен реніш сыртқа шығады. Реніш қайтады, ашу басылады. Бірақ көңіл ешқашан бұрынғыдай болмайды.
Ең бастысы — өзіңе сен
Маңыңдағы адамдардың көзқарасы күнде өзгереді. Сондықтан өзіңе деген сенімді ең мықты тірек ет.
Сөз — оқ та, шипа да
Аузыңнан шыққан әр сөзге ие бол. Бір сөз — біреудің кеудесін тесер оқ болуы мүмкін, ал енді бірі — жан жарасын емдейтін шипа.
Адамның санасы қаншалықты төмен болса, мұрнын соншалықты көкке шүйіреді.