Ана туралы мақал - мәтелдер айту, дүнитанымдарын кеңейту
Сабақ туралы мәлімет
- Мұғалім
- Назгүл Джамбулова
- Пәні
- Ана тілі
- Тақырыбы
- В. А. Сухомлинский — «Ақ шаш»
- Сабақтың айдары
- Анадан — ниет, атадан — тәртіп.
Сабақтың мақсаты
-
1
Оқушылардың В. А. Сухомлинский туралы түсінігін кеңейту; «Ақ шаш» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу; оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту.
-
2
Сабаққа қызығушылықты арттыру; ана туралы мақал-мәтелдер айтқызу арқылы дүниетанымын кеңейту; сөздік қорын, ойлау мәдениетін дамыту.
-
3
Оқушыларды имандылыққа, үлкенді сыйлауға, анасын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ кезеңдері
I
Ұйымдастыру
II
Үй тапсырмасын тексеру
III
Жаңа сабақ
- •Мәтінді талдау
- •Шығармашылық тапсырмалар
IV
Сабақты тиянақтау
V
Қорытынды
VI
Үйге тапсырма
Ұйымдастыру бөлімі
Бүгін — жұма. Ана тілі сабағын бір-бірімізге сәттілік тілеп, жарқын жүзбен бастап, белсенді қатысуға шақырамын.
Үй тапсырмасы
Тақырып: тыйым сөздер
Оқушылар тыйым сөздердің мәнін еске түсіріп, өмірмен байланыстырып мысалдар келтіреді.
Өлең: «Ана»
Өзіңсің, сүйікті анам, құдіретім,
Жанымды жадыратып, күлдіретін.
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
Бар ана — туған елдің гүлі дер ем,
Анажан, қайғы болса, күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әрбір күнім — өлең.
В. А. Сухомлинский (1918–1970): қысқаша өмірбаяны
Василий Александрович Сухомлинский 1918 жылы 28 қыркүйекте Васильевка ауылында (қазіргі Кировоград облысы) дүниеге келген. Балалық және жастық шағы осы өңірде өтті. Педагогикалық еңбегі үшін ол екі рет Ленин орденімен марапатталған. 1957 жылдан Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан Украинаның еңбек сіңірген мұғалімі атанды. 1968 жылы оған ең жоғары марапат — Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Сухомлинский — жеке кітаптардың, 600-ден астам ғылыми мақаланың, 1200 әңгіме мен ертегінің авторы. Еңбектерінің жалпы таралымы елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллион данаға жуықтаған.
Мәтінді талдауға арналған сұрақтар
-
1. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
-
2. Мишаның байқампаздығы қалай байқалады?
-
3. Анасының жауабы қандай болды?
-
4. Келесі сұрағына анасы қалай жауап беруі мүмкін деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары: денені жазып, тыныс алып, назарды қайта шоғырландыру.
Шығармашылық жұмыс
I топ
- •Мәтін мазмұнына сай қандай мақал-мәтелдер айтуға болады?
- •Анаңның сені жақсы көретінін қандай сөздер арқылы сезесің?
II топ
Өлең жолдарын аяқта:
- сыйлаймын — — — — — — панасың
- тыңдаймын — — — — — — данасың
- аламын — — — — — — ақтаймын
- баламын — — — — — — анашым
III топ
Тақырып: «Менің анам» — шағын әңгіме жазу.
IV топ
Тақырып: Ана туралы өлең құрастыру немесе мәнерлеп оқу.
Қорытынды сұрақтар
- 1. Үйдің «алтын қазығы» кім?
- 2. Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
- 3. Ананың мейірімі неден байқалады?
- 4. Ана — тылсым дүниенің кімі?
Үйге тапсырма
191-беттегі мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау.