Тұрлаусыз мүшелер Сабақтың мақсаттары

Сабақтың тақырыбы

Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаттары

  • Тұрлаусыз мүшелерді ажырату және олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіру.
  • Бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгерту.
  • Оқушылардың сөз, сөйлем және сөйлем мүшелері туралы білімін кеңейту; таза әрі сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
  • Пәнаралық және өмірмен байланысты жүзеге асырып, оқуға қызығушылықты арттыру.
  • Ой-өрісті дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
  • Ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу; халқымыздың ұлағатты сөздерінен үлгі алып, кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтың әдіс-тәсілдері мен көрнекілігі

Әдіс-тәсілдер

  • Топтық жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау

Көрнекіліктер

  • Суреттер (төрт түлік)
  • Слайд

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: оқушыларды тыныштандырып, зейінін сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

65-жаттығу: сурет бойынша әңгіме құрастыру.

3) Өткен сабақты қайталау

  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
  • Сөйлемнің қандай түрлері болады?
  • Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
  • Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
  • Лепті сөйлем дегеніміз не?

4) Қызығушылықты ояту

Ой қозғау: суретпен жұмыс жүргізіп, төрт түлік туралы сөйлемдер құрастыру.

5) Жаңа сабақ: Тұрлаусыз мүшелер

Ереже

Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Оларға қандай?, кімге?, неге?, нені?, қашан?, қайда? сияқты сұрақтар қойылады.

Мысалдар

  • Айгүл гүлді суарды.
  • Қонақтар төрге отырды.
  • Біз ұшаққа міндік.
  • Арман жұмысқа кірісті.

66-жаттығу (Ой қозғау)

Ауызша орындалады: екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу.

1-топ

Жадыра келді.

Жадыра қалаға келді.

2-топ

Қоңырау соғылды.

Қоңырау қайта-қайта соғылды.

3-топ

Мал өседі.

Мал төлден өседі.

Су ақты.

Су арықпен ақты.

67-жаттығу (Ой шақыру)

  • Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
  • Қарамен жазылған сөздердің бастауышқа ма, әлде баяндауышқа ма қатысты екенін анықтау.

6) Сергіту сәті

«Айгөлек» әніне билеу.

7) Өз бетімен жұмыс

68-жаттығу: жаңылтпашты оқып, жатқа жазу.

8) Шығармашылық жұмыс

Әр топ өз мақал-мәтелін оқып, мағынасын түсіндіреді.

1-топ

Өтірік сөз — жанға қас.

2-топ

Ашу — ақылдың дұшпаны.

3-топ

Талапты ерге нұр жауар.

9) Қорытынды

Семантикалық карта толтыру: сөздерді тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге ажырату.

Сөздер Тұрлаулы мүшелер Тұрлаусыз мүшелер
қызық таза жүгірді жақсы күз гүлді

Оқушы толтырады

Оқушы толтырады

10) Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.

11) Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын беру және орындау жолын түсіндіру.