Украйн ұлтының киімі
БҚО, Орал қаласы • №37 ЖОББМ
Технология пәні мұғалімі: Курманбаева Балауса Умбетқалиевна
Мақсаты
Әртүрлі ұлттардың ұлттық киімдеріне тән өзіндік ерекшеліктер туралы білім қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Әр ұлттың ұлттық киіміндегі ерекшеліктерді біледі.
Ұлттық киімді өзге ұлт киім үлгілерімен салыстырып, ажыратады және ерекшеліктерін сипаттай алады.
Жаңа ұлттық киім үлгісі туралы өз пікірін білдіреді.
Дереккөздер мен құрал-жабдықтар
- Таныстырылым
- Фотосуреттер
- Флипчарт
- Маркер
- Желім
- Қайшы
- Смайликтер
Сабақтың барысы
Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру және ынтымақтастық
- 1 Сергіту сәті.
- 2 Топқа бөлу.
- 3 Топ ережесін еске түсіру.
- 4 Топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.
Тұсаукесер
3 минут • «Сұрақты ұстап ал»
Мақсаты: алдыңғы білімді белсендіру және жаңа тақырыпқа кіріспе жасау.
- 1) Иық киіміне не жатады?
- Шапан, көйлек, жиде және иық тігісі бар киім түрлері.
- 2) Иық киіміне қойылатын талаптарды ата.
- Гигиеналық, эксплуатациялық және эстетикалық талаптар.
- 3) Стильдің қандай түрлерін білесің?
- Классикалық, спорттық, жастар және фольклорлық стиль.
- 4) Классикалық стильдегі киімдер қандай болады?
- Қатаң, іскер, элегантты; сәнде ұзақ сақталатын, тұрақты үлгілер.
- 5) Фольклорлық стильдегі киімдер қандай?
- Ұлттық сипаттағы заманауи киімдер. Мұнда өрнек, кесте және қол жұмысының көптеген элементтері қолданылады.
- 6) Киім түріне қарай неше топқа бөлінеді?
- Екі топқа: иық киім және белдік киім.
Интерактивті тақтада слайд арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Әртүрлі ұлттардың ұлттық киімдерінің суреттері көрсетіледі.
Негізгі бөлім
15 минут • Тапсырмалар
1-тапсырма: Визуалды айғақтармен жұмыс
ПостерӘр топқа әр ұлттың ұлттық киімдерінің суреттері ұсынылады. Оқушылар киім түрлерін ажыратып, постерге орналастырады.
Табыс критерийлері
Критерийлер оқушылармен бірлесе отырып құрастырылады.
2-тапсырма: «Джигсо» әдісі
Топтық жұмысӘр топта рөлдер бөлінеді: төраға, хатшы, баяндаушы, таймкипер. Топтарға ресурс парағы беріледі.
I топ
Орыс халқының ұлттық киімі
II топ
Украин ұлтының киімі
III топ
Қазақтың ұлттық киімдері
Кері байланыс
Әр топ алған ақпарат бойынша қорытынды жасап, сыныпқа ұсынады.
Қорытынды
Сабақты бекіту: «Серпілген сауал»
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ұғымдарды нақтылайды және өз ойларын дәлелдейді.
Бағалау
Оқушылардың өзара бағалау нәтижелері ескеріле отырып, қорытынды бағалау шығарылады.
Рефлексия
- Сабақ ұнады ма?
- Қай тапсырманы орындау ұнады?
- «Сабақтан кейінгі көңіл күйім» кестесін толтыру.